Допты төменнен қабылдауды жетілдіруге арналған жаттығулар:
1. Ойыншы екі қолмен допты 2-3 м биіктікке лақтырады, осыдан кейін оны екі қолмен қабылдайды. Доптың ұшу бағыты мен лақтыру биіктігін өзгерете отырып, жаттығуды орындау шартын күрделендіреді.
2. Ойыншы допты еденге соғып, секірген допқа жылжиды, қалыпты жағдай ұстап, допты екі қолмен төменнен қабылдауды орындайды.
3. Орта (3-4 м.) және жоғары (8-9 м.) допты бір-біріне беруді кезектестіре төменнен екі қолмен қабылдайды. Ойыншы допқа қарай жылжып отырады.
4. Қабырғадан допты төмендете қабылдау және жіберу екі қолдап. Бұл жаттығудың күрделі нұсқасы допты қабырғаға ұрып төменнен қабылдау. Бұл жаттығуларды қашықтық пен ұру күшіне байланысты өзгертіп отыруға болады.
Жеке-жеке жаттығулар барысында ойыншы доп беру биіктігін өзгертіп, доптың ұшу траекториясын, доптың еденнен не қабырғадан ыршу көлемін дайындығына байланысты өзгерте алады.
Допты тіреуішпен қабылдау тәсілін үйренгеннен соң, құлап қабылдауды үйренуге болады. Алдымен артқа қарай шалқалап құлауды, содан соң алдына көкірекпен құлауды меңгереді.
Аунай құлауды меңгеруге арналған жаттығулар:
1. Артқа құлау төмен жағдайда арқасына аунай немесе жамбас-арқаға.
2. Бір қадам алға төмен жағдайды ұстап, арқасына аунай артқа құлау немесе жамбастан – арқаға.
3. Орта жағдайдан бүйірге құлау және арқасына аунай немесе жамбас-арқаға.
4. Жай жүгіруден кейін төменгі күйді ұстап, арқаға аунай құлау немесе жамбастан – арқаға.
5. Құлау техникасын жетік меңгеру үшін әртүрлі жылжу әдістері біріккен жаттығулар жасау.
Арқаға немесе арқа--жамбасқа аунай құлауды жетілдіру
Достарыңызбен бөлісу: |