Допты бір-біріне беруді жетілдіруге арналған жаттығулар:
1. Жаттығушылар екі сапқа бір-біріне қарсы тұрады, қашықтығы 5-9 м. Ойыншының біреуі допты жерлете тастайды, екіншісі доптың астына жылжи, доп секірген кезде серіктесіне беріп жібереді.
2. Сап түзеу сол қалпы, допты бір-біріне беруді алдына қарай бір-біріне берумен кезектестіреді. Серіктесіне допты әртүрлі күйде беруге болады (алдына қарап, жанынан, артынан).
3. Жаттығушылар алаңға саппен тұрады. Сеткадан 4-5 м. Қашықтықта, сеткаға параллель немесе перпендикуляр орналасады. Допты бір-біріне беруді жұппен орындайды. Қашықтықтары және биіктіктерін, доп жылдамдығын әртүрлі қылып алады. Серіктесі әдейілеп ойыншының допты бір-біріне беруін қиындатуына болады. Бұл жаттығулар ойын шарттарына жақындата түседі.
4. Жаттығушылар үшеуден орналасып, допты бір-біріне беруді оң жаққа, сол жаққа қарай орындайды.
5. Ойыншылар үшеуден орналасады: біреуі - алдыңғы сызықта, екеуі – торда жаттығуды екі доппен орындайды. Тордың жанындағылар кезекпен допты бір-біріне беруді орындайды, артқы сызықта тұрған ойыншы допты алған серіктесіне қайтарып отырады.
6. үш ойыншы бірінің артына бірі тұрады, торға параллель, біріншісі екіншісіне, екіншісі үшіншісіне допты береді. үшіншісі допты бір-біріне ұзын берумен алдыңғысына қайтарады.
7. Жаттығушылар 6, 3, 4 (2) аймаққа орналасады. Допты 6-шы аймақтан 3-ке жібереді, 3-тен 2-ге, 2-ден 6-шы аймаққа қайтарады. Ойыншылар орындарын ауыстырып, не жылжып орындауларына болады.
8. Жаттығушылар 5, 2, 4 немесе 1, 4, 4 аймақтарына орналасады. Допты бір-біріне ұзындата беруді орындайды, яғни 5-2-4-5 немесе 1-4-2-1 бойынша. Сондай-ақ, доп жүрісіне қарай жылжып отырады.
9. Жаттығушылар 6, 3, 4 (2) аймақтарында екі алаңда орналасады.
Допты 6-шы аймақтан 3-ке, 3-тен 4-ке, ал 4-ші аймақтан тордың арғы бетіндегі 6-шы аймаққа жібереді. Қарсы беттегі ойыншылар допты қабылдап, тура сол жаттығуды қайталайды. Тек өз алаңында 6-3-4-6 тізбегімен жылжуға болады. Бұл жаттығуды бір немесе екі доппен орындауға болады.
10. Жаттығушылар бір-біріне қарсы екі сапқа тізіледі. Қашықтықтары 2-3 м. Допты бір-біріне беруді секіріп орындайды. Допты секіре екі қолмен жоғарылата беруді меңгергеннен соң бұл жаттығуды тордың қасында орындауға болады.
Допты қабылдау
Допты екі не бір қолмен қабылдауды үйренбес бұрын, допты бір-біріне жоғарылата берудің әдісін меңгеру қажет. Допты бір-біріне төменнен беруді де дәл жоғарылата бергендей тізбекпен үйретеді.
Допты қабылдауды меңгеруге арналған жаттығулар:
Жаттығушылар сап түзеп, допты төменнен бір қолмен не қос қолдап қабылдауға икемделеді.
Жаттығушылар 3-4 м арақашықтықта бір-біріне қарама қарсы жұппен орналасады. Біреуі допты лақтырады, екіншісі оны төменнен екі қолмен қабылдап, серігіне қайтарады. Допты лақтырғанда оның ұшу бағыты мен биіктігін өзгерте отырып, қабылдаушы ойыншыға одан күрделірек жағдайды құруға болады.
Ойыншылардың орналасуы дәл сондай. Ойыншы допты еденге соғады, серігі секіріп шыққан допқа жылжып, төменнен екі қолмен қабылдайды, серігіне допты берумен қайтарады. Бұл жаттығуды допты төменнен бір қолмен қабылдай отырып, орындауға болады.
Ойыншылар бүкіл алаңда жылжи отырып, төменнен екі қолмен (бір қолмен) өзінен жоғары доп беруді орындайды. Оның міндеті – допты жоғалтпау және мүмкіндігінше осындай доп берулерді көп орындау.
Төменнен допты қабылдауды үйренгенде келесі қателіктердің болуы тән:
жылжуда – дер кезінде шыға алмау, осының әсерінен ойыншының ұшып келе жатқан допқа жақын орын ауыстыруға және керекті бастапқы жағдайды қабылдауға үлгермеуі;
бастапқы жағдайда – кеуде мен қолдың дұрыс қойылмауы (кеуденің тым алға еңкеюі, қолдың шынтақтан бүгілуі);
соққы орындауда – доп білекке емес, саусаққа тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |