Әдісті оқып білу және оны жетілдіру Жылжу әдісі


Допты меңгеру әдісі және қарсыласу



бет6/18
Дата07.02.2022
өлшемі40,18 Kb.
#87401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Допты меңгеру әдісі және қарсыласу

Техникалық тәсілдерді оқып үйрену допты қағып алуды, біреуге беріп жіберуді, беруді меңгеруден басталады, содан кейін ғана тосқауылдың шабуылдау соққыларын үйренуге кіріседі.




Допты ойынға қосулар


Допты беруді мынадай кезекпен үйренеді: астыңғы түзу, астыңғы бүйірлі, үстіңгі түзу, үстіңгі бүйірлі. Жаттығушыларға допты берудің тәсілдерін көрсетіп әрі түсіндіріп, оны бөлшектенген әдісін үйретуге кіріседі. Бұл үшін оларды алғашқы дұрыс күйді ұстауды үйрету керек, содан кейін барып допты лақтыру әдісінің негізгі детальдарына көшеді. Допты лақтыру кезінде қозғалыс құрылысын меңгергеннен соң ғана, допты соғуды және соғу барысында кейбір дене мүшелерінің үйлесімділігін меңгеруді оқып үйренеді.
Міндетті түрде бірден қозғалыстың дәлділігіне жету керек, сондай-ақ оларды басқаруға, нысананы допқа немесе керісінше ауыстырып отыру қажет.
Допты лақтыруды үйретудің басында жеңілдетілген жаттығуларды жасаған тиімді.
Допты беруді меңгеруге берілген жаттығулар:

  1. Допты беру әдісін үйренудің имитациясы.

  2. Ойыншылар жұппен бір-біріне қарсы орналасады. Ара қашықтық-

тары 8-10 м. Біреуі допты 5-10 мәрте лақтырады, екіншісі қадағалайды. Ары қарай ойыншы лақтыра отырып сермейді.
3. Ойыншылардың орналасуы дәл осындай. Ойыншы добымен үйретілген әдіс бойынша алғашқы күйді алады, допты лақтыра серіктесіне қарай ұрады. Бұл жерде назар аударатын жай дене бұлшық еттерінің жұмысының үйлесімділігі және доптың ұшу биіктігі.
4. Жаттығушылар екеуден тордың екі жағына орналасады, тордан ара қашықтығы 5-6 м болуы шарт. Ойыншы добымен алғашқы күйді ұстап, допты жоғары тастай үйренген әдіспен допты соғады. Таңдаған жерден допты соғуды үйренген соң, жайлап торға қарай жылжи қашықтықты қоса допты соғуды үйрену тиіс. Уақыт келе берілген сызықтан допты соғуға үйрету.
5. Ойыншылар берілген жерден кезекпен допты соғады. Ең алдымен допты тордан өткізуді мақсат етіп, содан кейін алаңның сол жағына немесе оң жағына соғуды үйренеді.
Допты соғудың алғашқы кезеңінде кездесетін қателіктер: алғашқы қалыпты дұрыс ұстамау, допты дұрыс лақтырмау, допты бос білекпен соғу, білекті допқа тигізе алмау т.с.с.
Қозғалыстың құрылымын меңгере допты соғудың негізгі әдісін орындағаннан кейін, оларды мынадай бағыттарда кемелдендіруге көшуге болады: техниканың детальдарын өңдеу, допты соғуды күшпен орындау, жоспарланған доп соғудың дәлділігі. Бұл үшін барған сайын күрделене түсетін жаттығуларды, тапсырмаларды, шарттарды таңдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет