Шабуылдаушы соққы
үйрету тікелей жаулаушы соққыдан бастайды, содан кейін ғана жаулаушы соққыны бір-біріне беру арқылы орындауды меңгереді. Ары қарай түзу жолаушы соққымен бірге бүйірлі жаулаушы соққыны да бірге үйренуге болады. Оқу тек жіктелген күйде өтеді. Алдымен жаттығушылар жүгіру мен секіруді меңгереді. Ең назар аударатын нәрсе аяқтың серпілу кезінде дұрыс орналасуы. Секіруді үйрену үшін келесі жаттығушыларды ұсынамыз:
1. Бір орында секіру, алдына, жоғары алдына, жан-жағына, жоғары-артқа секіру.
2. Оңға-солға бұрыла бір орында секіру.
3. 5-10 рет топтама мен назарды биіктікке аударып секіру.
Жүгіріп келіп секіру техникасын үйрену үшін ең алдымен түсіндіріп, көрсетіп, бір қадамнан бастап орындау қажет. Мысал жаттығулар:
1. Оң аяғын түзу ұстап, алдына созып, қадам жаса, сол аяқты алып кеп жоғары секір.
2. Тура сол сияқты, бірақ зейінді екі қолдың қатты сермелісіне аударады.
3. Қадам жаса, қадам және қолды сермей жоғары секіру.
4. Сол қалпы, бірақ өкшеленген қадамды секрімен орындау. Зер салатын нәрсе, бекітілген аяқтың келісті жұмысы.
5. 2-3 қадам жүгіру, қадам және жоғары секіру.
Жүгіріс пен секірудің техникасын үйрету алдында тіреуішпен белсенді итерілу мен қолдың сермеуін қадағалау қажет, өйткені ол секіру биіктігіне әсер етеді.
Жүгіріп секіру кезінде көбінесе кездесетін қателіктер:
Әсіресе, жерге түскенді қадағалау керек. Ойыншы тік аяқтарымен түсіп, сол жерде оны сәл бүгіп, келесі қозғалысқа дайын болуы керек. Жерге түсуді, үйренуді мына жаттығулар көмек береді:
Бір орында секіру, жерге түсуді қадағалау.
Гимнастикалық снарядтардан секіру.
Серіппелі көпірлерден секіру, жерге түсуді қадағалау.
Жүгіріп секіруді үйренген соң, әйтпесе параллель қарапайым түрде допты соғудың әдісін үйренген абзал. Мына жаттығуларды пайдалана:
1. Қолды алдына түп түзу ұстап, допты соғу, соғу барысында қолдың түзулігіне көңіл бөлу керек.
2. Жаттығушылар жұппен орналасады. Ойыншы сол қолымен допты тастап, оң қолымен серіктесіне бағыттай допты соғады. Ал екіншісі, оны екі қолымен төменнен қабылдайды.
3. Жаттығушы қабырғадан 5-6 м. орналасады. Еденге соғып, қабырғадан қайтқан өз соққысына өзі соққы қайтарады.
Сол сияқты, доппен қабырғаға тоқтамай соққы береді.
Шабуылдаушы соққыны меңгергеннен соң, жаттығушылар бұны толық орындауына болады. Бірақ жеңілдетілген күйде.
Достарыңызбен бөлісу: |