Әдісті оқып білу және оны жетілдіру Жылжу әдісі


Тосқауыл қоюды үйренуге арналған жаттығулар



бет17/18
Дата07.02.2022
өлшемі40,18 Kb.
#87401
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word

Тосқауыл қоюды үйренуге арналған жаттығулар:
1. Тордың қасындағы орыннан тосқауыл қоюды елестету.
2. Екі ойыншы тордың екі жағынан орналасады. Оқытушының белгісінен кейін екеуі де бір-біріне тордың үстінен секіріп білектерін тигізеді.
3. Тордан екі қолмен допты лақтыру. Мұнда көңілді білекке аудару қажет.
4. Торды жағалай жылжығаннан соң тосқауыл қоюды көрсету: оңға және солға. Бір не екі қадам жасап жылжып жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.
5. Ойыншылар жұппен тордың екі жағына орналасады. Бір ойыншы шабуылдайтын сызықтың бойында орналасады. Ол жүгіріп кеп, шабуылдаушы соққыны елестетеді. Басқа ойыншы, тордың арғы жағына орналасқан, шабуылдаушының жүгірісіне қарап, секіретін орнын анықтайды. Сол жаққа қарай жылжып, доптың ұшатын бағытына қарай қолымен тосқауыл қояды. Жаттығуды 4-5 рет орындап, ойыншылар орындарын ауыстырады.
6. Ойыншылардың орналасуы дәл сол қалпы, бірақ шабуылдаушы бұл жерде доп ұстайды. Жүгіріп кеп, өзі лақтырып, соққы береді. Соққының бағыты қатаң анықталған болады (мысалы, 5-ші аймақ). Басқа ойыншы, тордың арғы бетінде тұрған, тосқауыл қояды.
7. Ойыншылар қолдарына доп ұстап, 4-ші аймаққа біреуден сапқа тұрады. 3-ші аймақта допты бір-біріне беретін ойыншы тұрады, алаңның қарсы бетінде 2-ші аймаққа тосқауылдаушы орналасады. Тура осылай, қарсы алаңдағы ойыншылар орналасады. 4-ші аймақтағы ойыншы 3-ші аймақтағы ойыншыға допты береді, 3-ші ойыншы оны қайта 4-ші ойыншыға шабуылдаушы соққыға береді. 2-ші ойыншы тосқауыл қояды.
Бірнеше шабуылдаушы соққыдан кейін, тосқауыл жасаушыны ауыстырады. Бұл жаттығуды басқа аймақтан жасалатын шабуылдаушы соққыдан кейін де қайталау керек.
Тосқауыл қоюда көп кездесетін қателіктер:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет