Допты соғу қозғалысын меңгеруге арналған жаттығулар:
1. Жаттығушы допты өзінің алдына лақтыраңқырай, қалыпты жағдайды ұстап, қос қолдап допты жоғарылата беруге дайындалады.
2. Ойыншылар бір-біріне қарсы тұрады. Біреуі қалыпты жағдайда допты лақтырса, екіншісі допты біреуге беруді орындайды.
3. Ойыншының жайы сол қалпы. Серіктесі допты ойыншыға бірнеше қадам алдына қарай тастайды. Ал екіншісі, бір қадам жасап, допты бір-біріне беру қозғалысын орындайды. Бұдан соң допты ойыншының жан-жағына тастап, жаттықтыруға болады.
Бұл жаттығулар бір орында тұрып, допты екі қолдап жоғарылата және жылжып беруді үйретуге мүмкіндік береді. Допты лақтырудың бағыты мен биіктігін өзгерте отырып, допты бір-біріне беру шарттарын түрлендіруге болады.
4. Доп шеңбермен орналасқан, ортасында тәлімгер. Тәлімгер кезекпен жаттығушыға допты бір-біріне беруді орындап көрсетеді.
Алдына допты бір-біріне беруді жеткілікті меңгерген соң, артқа қарай бір-біріне допты беруді үйретуге көшуге болады. Арасында екі қолдап, жоғарылата беруді де үйрете кету керек. Оқыту барысында оқытушының ескеріп отыратын нәрсесі, ол жаттығушылардың келесідей қателіктері:
- жылжу кезінде доптың астында дәл келмеу, жылжығаннан соң аялдама жасамай кету;
- қалыпты жағдайда, аяқ берісі толық емес, денені дұрыс ұстамау, қолды кең жайып жіберу, білекті тым төмен немесе тым жоғары орналасуы;
- допты соғу қозғалысында дене мүшелерінің үйлесімсіздігі, бос саусақтар, соғу кезінде қолдың толық түзуленбеуі.
Қателіктерді жеке-жеке дұрыстау керек. Бұл үшін қайта көрсету керек, түсіндіріп, қорытынды жаттығулар жасау қажет.
Екі қолдап, жоғарылата допты біреуге беруді жетік меңгеру мынадай:
1) Әртүрлі бағытта допты бір-біріне беру – алдына, артқа, жан-жағына;
2) Әртүрлі қашықтықта допты бір-біріне беру - ұзын, қысқа, қысқартылған;
3) Әртүрлі биіктікте допты бір-біріне беру – биік, аласа, төмен.
4) Әртүрлі жылдамдықта допты бір-біріне беру – жай, жылдамдатылған, өте жылдам.
Достарыңызбен бөлісу: |