Байланысты: 12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word
Доптыбір-біріне беру Ең алдымен жаттығушылар алғашқы жай-күйді үйреніп алғаны жөн, сондай-ақ допты бір-біріне беру кезінде қол мен білектің орналасуын білуі тиіс. Бұл үшін келесі жаттығуларды орындайды:
1. Жаттығушы допты бір-біріне беру үшін бастапқы жай-күйді ұстайды. Оқытушы ойыншының аяқ қойысына, аяқ бүгісіне, дененің тұрысына, қол мен білектің жайылып, ойынға барынша дайындықта тұруына назар аударуы қажет.
2. Ойыншы әртүрлі бағытта қадаммен жүгіріп жылжығаннан кейін допты бір-біріне беру үшін бастапқы күйді қабылдайды.
3. Бастапқы қалып сол қалпы – серіктесі ойыншының қолына допты қоя отырып, доптағы саусақпен білектің орналасуын қадағалайды.
4. Жаттығушылар жұппен орналасады. Біреуі допты лақтырады, ал екіншісі, допты қағып алуға және біреуге беру үшін дайын тұруы керек.
5. Ойыншы допты алдына жоғарылата лақтыра немесе жан-жағына лақтыра ұшып бара жатқан доптың астында жылжып, оны қағып алады.
Бұл жаттығуларды үйренгеннен соң, допты бір-біріне берудегі қос қолдап, допты соғу қозғалысын үйретуге болады. Ол үшін келесі жаттығуларды пайдаланады.