Егемен Қазақстан



бет16/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

44-бап. Бiлiм беру ұйымдарын басқару
1. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк ережелерi мен бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерiмен жүзеге асырылады.
2. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негiзде тағайындалады.
4. Бiлiм беру ұйымы басшысы лауазымының атауы, бiлiм беру ұйымының алқалы органдарының құзыретi, құрылу және қызметiнiң тәртiбi, олардың арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен айқындалады және олардың жарғыларымен бекiтiледi.
5. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы үш жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларының аттестаттаудан өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының (медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша өзiнiң орынбасарларын және бас бухгалтердi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң лауазымдарын бiлiм беру ұйымдары iшiндегi немесе одан тыс жерлердегi басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.
8. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары басшыларының лауазымдық мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды.
9. Бiлiм беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Бiлiм беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртiбiмен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгiлiк ережелерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бiлiм беру ұйымының кеңесi (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтiк, әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми әдiстемелiк), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.
45-бап. Еңбек қатынастары және бiлiм беру ұйымы басшысының жауапкершiлiгi
1. Қызметкер мен бiлiм беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогтiк қызметкерлердiң (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердiң) лауазымдарға орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
2. Азаматтарды күндiзгi бөлiмдерiнде оқыту уақыты әскери қызметтi өткеруге теңестiрiлетiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамын лауазымға тағайындау тәртiбiн және олардың еңбек жағдайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мемлекеттiк басқару органдары айқындайды.
3. Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу және тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының
талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауаптылықта
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет