Егемен Қазақстан


-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ МӘРТЕБЕСI



бет18/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ МӘРТЕБЕСI
50-бап. Педагог қызметкердiң мәртебесi
1. Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды.
51-бап. Педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi
1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.
2. Педагог қызметкердiң:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкер:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;
3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.
5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi.
52-бап. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi
1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкiлеттi адам айқындайды.
2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiне жалақыны есептеу ережесiн еңбек саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың педагог қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
4. Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық жерде жұмыс iстегенi үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, дәптердi, жазу жұмыстарын тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi тереңдетiп оқытқаны, эксперимент режимiнде жұмыс iстегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргiзiледi.
5. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициенттi ескере отырып айқындалады.
6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне тиiстi дипломы бар болған кезде негiзгi жұмыс орны бойынша:
философия докторы (РhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде;
ғылым кандидаты дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторы дәрежесi үшiн екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.
7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне айлық жалақыны есептеу үшiн аптасына нормативтiк оқу жүктемесi:
1) 18 сағаттан аспайтындай:
бастауыш бiлiм беру ұйымдары үшiн;
негiзгi, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн;
бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру ұйымдары үшiн;
мамандандырылған және арнайы бiлiм беру ұйымдары үшiн;
2) 24 сағаттан аспайтындай:
мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшiн;
балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн;
3) 30 сағаттан аспайтындай интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерiнiң, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешiлерi үшiн белгiленедi.
Жоғары оқу орындарын қоспағанда, мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында педагог қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттерiне (бiлiктiлiк талаптарына) қатысты нормативтiк оқу жүктемесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесi жұмыс уақытының жылдық нормасының шегiнде белгiленедi және ғылыми кеңестiң шешiмi негiзiнде жоғары оқу орнының басшысы бекiтедi.
8. Мемлекеттiк тапсырысты айқындау кезiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негiзге ала отырып есептеледi:
1) студенттер мен оқытушылар (бiр оқытушыға шаққандағы студенттердiң орташа саны) тиiсiнше:
күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1);
кешкi оқу нысаны үшiн - 16:1;
сырттай оқу нысаны үшiн - 32:1;
2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;
3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.
53-бап. Әлеуметтiк кепiлдiктер
1. Педагог қызметкерлер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның iшiнде қызметтiк үй және (немесе) жатақхана;
2) жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күн; оқу-әдiстемелiк қызметкерлерi қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн - күнтiзбелiк 42 күн ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтiк кепiлдiктерiн иеленедi.
2. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагог қызметкерлерi жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша:
1) қала жағдайында педагогтiк қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтiк ставкалар кемiнде жиырма бес процентке арттырылып белгiленедi;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшiн отын сатып алуға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша белгiленетiн мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi;
3) жеке меншiгiнде малы барларға ауыл шаруашылық ұйымдарының
қызметкерлерiмен бiрдей, жемшөп, малын жаю және шөп шабу үшiн жер
учаскелерi берiледi.
3. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне жыл сайын тиiстi бюджет қаражаты есебiнен:
1) оларға кезектi еңбек демалысын беру кезiнде мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтiзбелiк жылда бiр рет сауықтыруға жәрдемақы;
2) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" атағын иеленушiге айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiнде мемлекеттiк грант;
3) "Үздiк педагог" атағын иеленушiге айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнде мемлекеттiк грант төленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет