Егемен Қазақстан



бет17/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

46-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi бiрлестiктер
Бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң мүдделерiн олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететiн бiрлестiктерi бiлдiре алады.
47-бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес бiлiм беру ұйымдарын және бiлiм алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Бiлiм алатын адамдар бiлiм алушылар немесе тәрбиеленушiлер
болып табылады.
Бiлiм алушыларға оқушылар, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi, интернаттық ұйымдарда бiлiм алушы және тәрбиеленушi адамдар жатады.
3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:
1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға;
2) бiлiм беру ұйымы кеңесiнiң шешiмi бойынша жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзiнiң бейiмдiлiгi мен қажеттерiне қарай қосымша бiлiм беру қызметтерiн, бiлiмдердi ақылы негiзде алуға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) қайта қабылдануға және бiр оқу орнынан басқасына, бiр мамандықтан басқасына немесе оқудың бiр нысанынан басқасына ауысуға;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлуге;
8) спорт, оқу, акт залдарын, кiтапхананы тегiн пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;
11) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
4. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
барлық бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң:
1) жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жол жүруге;
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзiмiн кейiнге қалдыруға құқығы бар.
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды бiлiм алушыға академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.
6. Азаматтар бiтiрген бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандарын қарамастан, келесi деңгейдегi бiлiм беру ұйымына түсу кезiнде бiрдей құқықтарға ие болады.
7. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттi стипендиялар төленедi.
Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленедi.
Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысаны бойынша бiлiм алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерiн және оларды төлеу тәртiбiн оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
8. Жұмыстарының жоғары көрсеткiштерi үшiн мемлекеттiк конкурс негiзiнде грант алған мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi соның есебiнен табысы аз отбасыларынан шыққан бiлiм алушыларға стипендия төлейдi. Стипендияны төлеу тәртiбiн және оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
9. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етедi.
10. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқу процесiнен алаңдатуға жол берiлмейдi.
11. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушы және (немесе) тәрбиеленушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
12. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңiлдiктер берiледi.
13. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiлiм алушылардың қысқы және жазғы каникул кезiнде қалааралық темiржол және автомобиль (таксиден басқа) көлiгiнде жеңiлдiкпен жол жүруге құқығы бар.
14. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi, шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, бiлiм беру ұйымының жарғысында және бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
15. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшiн қам жеуге, рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға мiндеттi.
16. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер педагог қызметкердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн, өздерi бiлiм алатын оқу орнының дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi.
17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтiк және медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтар бiлiм беру грантын беру ережелерiнде және бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шарт талаптарында көзделген тәртiппен жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейiн кемiнде үш жыл ауылдық жерлерде орналасқан бiлiм беру ұйымдары мен медициналық ұйымдарда жұмысты өтеуге мiндеттi.
Маманды жұмысқа жiберу, өз бетiмен жұмысқа орналасу құқығын беру тәртiбi бiлiм беру грантын беру ережелерiмен айқындалады.
18. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны үшiн оларға бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiбiнiң ережелерiмен және жарғысымен көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары не бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкiн.
48-бап. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау
1. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетiлдiру, салауатты өмiр салтына ынталандыру жөнiндегi қажеттi шаралардың орындалуы қамтамасыз етiледi.
2. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесi, сабақ режимi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және бiлiм беру органдарының ұсынымдары негiзiнде әзiрленген бiлiм беру ұйымдары бекiтетiн ережелермен айқындалады.
3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайына үнемi бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асырады. Бiлiм беру ұйымдары медициналық пункттер үшiн үй-жайлар ұсынады.
Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларға және тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелер құруға құқылы.
4. Мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардың педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
5. Бiлiм беру ұйымдарындағы сабақ кестесiнде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тамақтануы және белсендi тынығуы үшiн ұзақтығы жеткiлiктi үзiлiс жасалуы көзделуге тиiс.
Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшiн жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледi.
6. Бiлiм беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудiң, еңбек пен тынығудың салауатты және қауiпсiз жағдайларын жасау үшiн жауапкершiлiк олардың басшыларына жүктеледi.
49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң:
1) баланың тiлегiн, жеке бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып бiлiм беру ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеттерi арқылы бiлiм беру ұйымдарын басқару
органдарының жұмысына қатысуға;
3) бiлiм беру ұйымдарынан өз балаларының үлгерiмiне, мiнез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнiнде
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
5) балаларының шарттық негiзде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер:
1) балаларға өмiрi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрiсi мен дене күшiн дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан бастап жалпы бiлiм беретiн мектепке беруге;
3) балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бiлiм беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет