Егемен Қазақстан



бет20/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

59-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiне сәйкестiгiн сақтауға бағытталған және оны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi:
1) бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.
3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
2) мемлекеттiк аралық бақылау;
3) Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау болып табылады.
4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.
Медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бiрiншi мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
1) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бiтiру жылынан кешiктiрiлмей;
3) мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi.
5. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк аралық бақылау:
1) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және орта бiлiм беретiн ұйымдар бiлiм алушыларының бастауыш және негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында;
2) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және бiлiм алушылардың оқытудың екiншi курсын аяқтағаннан кейiн (медициналық жоғары оқу орындарында - үшiншi курсты аяқтағаннан кейiн) жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының жалпы бiлiм беретiн және базалық пәндерiнiң циклына енетiн жекелеген пәндердi меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
7. Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.
8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеруге, меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдары жатады.
9. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргiзiлетiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жоспарлаған тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;
3) қарсы - егер тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаса, аталған адамдарға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
10. Жоспарлы тексеру мемлекеттiк аттестаттаулар аралығында бiр рет жүргiзiледi.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерiледi.
12. Бiлiм беру ұйымдарын тексеру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның немесе жергiлiктi атқарушы органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
13. Тексеру жүргiзу үшiн комиссия құрылады. Комиссияның құрамын, тексеру жүргiзу мерзiмiн, объектiсiн, тексерудiң нысанасын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Тексеруге бiлiм және ғылым ұйымдарының мамандары тартылуы мүмкiн.
14. Тексерулер ұзақтығы жетi күннен аспауға тиiс. Тексерудiң елеулi көлемi болуына не тексеру кезiнде анықталған фактiлердi қосымша зерттеу қажеттiлiгiне байланысты тексеру өткiзу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш күннен аспауға тиiс.
15. Тексеру жүргiзу тексеру қорытындылары туралы анықтама жазумен аяқталады. Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жазылған фактiлердiң дұрыстығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiледi.
16. Комиссия дайындаған тексерудiң қорытындылары туралы анықтамамен тексерiлген ұйымның басшысы танысуға, оған өз қолын қойып, ұйымның мөрiн басуға тиiс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерiмен тұтастай немесе жекелеген позициялары бойынша келiспейтiнi туралы жазба жасауға құқылы.
Бiлiм беру ұйымының басшысы немесе басшының мiндетiн атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкiндiгi болмаған жағдайларда комиссия төрағасы анықтамада тиiстi жазба жасайды.
Анықтаманың бiр данасы тексерiлген ұйымда қалады
60-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажеттi бiлiктiлiкке ие болуы және қосымша бiлiм беруi жүйесiнде кемiнде бес жылда бiр рет тиiстi оқытудан өтуi тиiс.
2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) бiлiм беру ұйымдарына, мекемелерiне және кәсiпорындарына,
тексеру мақсатында қызметтiк куәлiктi көрсету арқылы кедергiсiз кiруге, ал ведомстволық бiлiм беру ұйымдарына - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып кiруге;
2) тексерудi жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
3. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексерулердi осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi негiзiнде және оларда белгiленген тәртiпке қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
3) тексеру жүргiзу кезеңiнде бiлiм беру ұйымдарының белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
4) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамаларымен белгiленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiлiктi уақтылы және толық көлемде
орындауға;
5) бiлiм беру ұйымына тексеру қорытындылары туралы анықтаманы оны аяқтаған күнi беруге;
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (шешiмдерiне) және iс-әрекеттер жасау (шешiмдердi қабылдау) үшiн негiздеме болған ақпаратқа мүдделi адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет