Егемен Қазақстан


-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



бет21/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

9-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
61-бап. Қаржыландыру жүйесi, принциптерi мен көздерi
1. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, басқа да кiрiс көздерiнiң жиынтығы.
2. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi:
1) тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк;
2) басымдық
3) айқындылық
4) жауаптылық
5) бюджеттердiң барлық деңгейлерiнiң ара жiгiн ажырату мен дербестiк принциптерiне негiзделедi.
3. Бiлiм беру жүйесi қаржыландыру көздерi:
1) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттiк қаржыландыру;
2) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бюджеттiк қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ақылы қызметтер көрсетуден түскен кiрiстер;
4) екiншi деңгейдегi банктер кредиттерi;
5) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, өтемсiз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.
62-бап. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк қаржыландыру
1. Мемлекет бiлiм берудiң басымдығын ескере отырып оған бюджеттiк қаражаттардың бөлiнуiн қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру деңгейлерi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен белгiленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негiзiнде бюджеттiк қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн бюджеттiк қаражаттар есебiнен қаржыландыру мекемелердiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне жұмыстан жоғары көрсеткiштерi үшiн конкурстық негiзде грант берiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Бiлiктi жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы:
1) мамандарды даярлау бағыттарын;
2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемiн (орындар, гранттар санын);
3) бiр маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру кезiнде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi және бiлiм беру ұйымының атауы көрсетiледi.
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сонымен қатар Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген оқу орындарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енедi.
6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
7. Бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
8. Жоғары бiлiм берудi қаржыландыруға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бiлiм беру гранттары түрiнде мамандыққа, оқу орнының түрi мен мәртебесiне қарай саралана отырып орналастырылады.
Орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының өтемдi бiлiм беру қызметтерiн көрсету шарты бойынша бiр бiлiм алушыға жұмсалатын шығындары бiлiм беру грантының мөлшерiнен кем болмайды.
63-бап. Бiлiм беру ұйымдарының ақылы негiзде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы
1. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге бiлiм беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебiнен көрсететiн бiлiм беру қызметтерi тегiн ұсынылады.
2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге тыйым салынады.
Өнер мамандығы бойынша жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бұқаралық кәсiптердiң қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi кәсiптiк оқытудың оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бюджеттiк қаражаттар есебiнен көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң көлемдерiнен тыс ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн ұсынуға құқылы.
3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негiзде мынадай:
1) қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (балалар және жасөспiрiмдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру) iске асыру;
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлiнген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша жекелеген бiлiм алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша бiлiм алушылармен ғылым негiздерiн тереңдетiп оқып үйренудi ұйымдастыру;
4) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлi: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдiстемелiк әдебиеттi әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу;
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерiн ұсыну;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымында өткiзiлетiн түрлi iс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретiн жылу энергиясын жiберу;
8) кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетушi еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру);
9) оқу-өндiрiстiк шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн өндiру мен өткiзудi ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) беруге құқылы.
4. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы негiзде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлуге жатады.
5. Жеке меншiк бiлiм беру ұйымдары ақылы негiзде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетудi) өткiзуден, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының шеңберiнде оқытудан түскен кiрiстердi, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерiн дербес пайдаланады.
6. Ақылы негiзде қызметтер көрсететiн бiлiм беру ұйымдарының және бiлiм алушының (тәрбиеленушiнiң), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдердiң өзара қатынастары шартпен реттеледi. Ақылы негiзде тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған үлгiлiк шарттың нысанын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Бiлiм алушы шарт жасасу кезiнде бүкiл оқу кезеңiне шығыстарды бiр мезгiлде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзiмi аяқталғанға дейiн өзгермейтiн болады.
Оқуға төлемдi кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексi ескерiле отырып, жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн.
64-бап. Бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту
1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негiзде көрсетiлетiн қызметтерден түскен кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының
заңнамасымен айқындалатын тәртiппен мүлiктерге иелiк ету және
пайдалану құқығы бар. Бiлiм беру ұйымының мемлекеттiк мүлкi алып
қойылуға немесе бiлiм беру ұйымының негiзгi мiндеттерiне қайшы келетiн мақсаттарда пайдаланылуға тиiс емес.
3. Бiлiм беру ұйымдарын жекешелендiру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет