Әйтеке би атындағы орта мектеп Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Бастауыш сынып мұғалімі



бет5/20
Дата28.10.2022
өлшемі0,78 Mb.
#155466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Теңсоветва А

Үлгерімі төмен оқушылар тізімі


Қ/С

Оқушылардың аты –жөні

Сыныбы


















4 «А» сынып





Ата-аналар аты-жөні





Қолы


1



Бейсембаева Жанна






2



Бескенова Айгуль






3



Те Анастасия






Сынып жетекшісі: А.Б Теңсоветова

Алматы облысы
Қаратал ауданы
Қызылжар ауылы
«Лермонтов атындағы орта мектеп»КММ

Ата-аналар жиналысы


«Ата- аналардың құқықтық сауаттылығы»

4 «А» сынып


Сынып жетекшісі: А.Б Теңсоветова

2017-2018ж


Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Ата- аналардың құқықтық сауаттылы.
Мақсаты:
 Ойға түрткі болу арқылы адамгершілік қасиеттерді насихаттау Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға деген тәрбиелік ықпалын арттыру. 
Міндеті: 1. Отбасында ата-ананың баламен қарым – қатынасы және құқығы маңыздылығын нығайту
Формасы: топтық, ұжымдық
Түрі: дөңгелек үстел
БАРЫСЫ:
1. «Құқықтық тәрбие қалыптастыруда ата-ана ролі» дөңгелек үстел
2.Тоқсан қорытындысы.
І. Сәлемдесу.Тренинг «Досыммен бірге» танысу жаттығуы
Қалаған адаммен жұптасып, есімдерін біріктіріп, есім ойлап тауып таныстыру. Мысалы Жамила, Ғалия-Жамал с.с
ІІ. «Бір ауыз сөз» тренингі
Құрбыңыздың бойындағы жақсы қасиеттер
Жағымсыз қасиеттер
Сұрақ:
-Сіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттер айтылғанда қандай көңіл-күйде болдыңыз?
Ал жағымсыз қасиеттер айтылғанда қалай қабылдадыңыз?
Интерпритация: Бір ауыз сөз арқылы көңілге қаяу да түсіруге, қасіретті тыюға болады
ІІІ. Топқа бөлу (түсті гүлдер таңдау арқылы)
Топ ережелерімен таныстыру.
1. Бір - бірін сыйлау.
2. Уақыт үнемдеу
3. Топ үшін жанкүйер болу
4. Белсенділік
ІІІ. Тосын сый (қобдишадағы затты анықтау)
Мына қобдишаның ішінде не бар деп ойлайсыз? (ата -аналар жауабы тыңдалып болғаннан кейін қобдишаны ашу)
Бұл жолақтардың мағынасы тереңде, шебер класс соңында білетін боламыз
«Еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде отбасы тәрбиесін басты назарда ұстаған болатын.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата–аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген екен А.С.Макаренко
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Көпшілік ата-аналардың құқықтық және педагогикалық мәдениеті төмен деңгейде. Мысалы, өмірдің әлеуметтік жағдайы қиын емес қарапайым отбасында кішкентай балалардың құқықтарын бұзу, олардың қадыр-қасиетін кемсіту – таралған құбылыс. 
Көпшілік жағдайда ата-аналарда педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық сауаттылығының болмауынан балаларда түрлі тұлғалық және мінез-құлықтық ауытқушылықтар туындайды. Бұл одан әрі жасөспірімдер агрессиясының дамуына, педагогикалық қараусыздық, тәрбиеге бағынбаушылық, бейтарап мінез-құлыққа әкеп соқтыратын сананың невротикалық бұзушылықтарға да байланысты.
Баланың құқығын ескермейтін ата-ана баланың бойында күштеп, зорлық қалпындағы сананы қалыптастырады. Осыны өз бойына сіңірген бала аталмыш құндылықтарды өзінің қарым-қатынас жасайтын құрбы-жолдастар, айналадағы ересектерге пайдаланады. 
«Отан отбасынан басталады» демекші ата- аналар мен ұстаздар қауымы үшін, жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата- аналар мен ұстаздар қауымы болып, бірге ат салыссақ алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата- ана баласынан не күтеді, баласын қалай тәрбиелейді? Ата ананың бақыты неде? Баласы ата- анасын қалай бақытты етпек? Ата- ана құқығынан айырылу себебі неде? Міне бүгін осы тұрғыда сөз қозғап, ой бөлісетін боламыз 
ІV.Сұрақтар слайдтар арқылы көрсетіледі, әр топ жауап беру арқылы қорғайды.

1. Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары мен міндеттері
2. “Бала деген кім?” ( ата -аналар топтары постер қорғайды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет