Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»


-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар



бет15/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар.

1. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ... аспабы.

2. Ол – қазақ халқының өмірінде ... орын алатын аспап.

3. Ол – өзіндік ... сипаты бар аспап.

4. Қазақ халқы – ... халық
Керекті сөздер: өнерсүйгіш, ішекті, маңызды, музыкалық.

132сабақ

Сөздік:

ойын-сауық – игры, развлечения шарт - условие

қолайлы – удобный көлденен - вдоль

тербелу – качать сызық - черта

мергендік – меткость меже - межа

ұту – выиграть құрбылар - друзья

тегіс – ровный
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Алтыбақан
Алтыбақан – халқымыздың ұлттық ойын-сауығының бір түрі. Алтыбақан көшпелі халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Жастар ауыл сыртындағы алтыбақанға жиналып, көңіл көтереді. Екі жас алтыбақанда тербеліп, ән салады. Олардың жанында құрбылары тербетіп тұрады. Ойын көпшілікке арналған. Ойынның бұл түрі көп жерде кездеседі.
2-тапсырма. Дос деген сөзге синоним мен антонимдерді жазыңдар, олармен сөйлем құраңдар
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Суретте қандай ұлттық ойын бейнеленген?

2. Осы ойын туралы не білесіңдер?

3. Тағы қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?



4. Ұнаған ұлттық ойын туралы әңгімелеп беріңдер?



3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.
Ұлттық ойын, бірнеше түрі бар, шақырым, қашықтық, аттар қатысады, бағалы сыйлықтар берілді, бірінші келгенге, атқа мініп, жарысады.


133сабақ

Сөздік:

Үндістанда – в Индии

қақпада тұрасың ба? – стоишь на воротах?

шабуылшы – нападающий


1-тапсырма. Диалогты оқып, етістіктердің қай шақта, жақта тұрғанын белгілеңдер.

Спорт кешені


  • Нұрлан, сен спорттың қай түрін ұнатасың?

  • Мен шахмат ойнауды ұнатамын.

  • Шахматты ойнауды кім үйретті?

  • Шахмат ойнауды әкем үйретті.

  • Бұл ойын ең алғаш қайда пайда болды?

  • Шахмат ойыны Үндістанда пайда болған. Әсет, сен спорттың қай түрін ұнатасың?

  • Мен футбол ойнауды ұнатамын.

  • Футбол ойында қақпада тұрасың ба?

  • Жоқ, мен шабуылшы болып ойнаймын.


2-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап, үстеу түрлерін анықтаңдар.

1. Ойнайды, досым, менің, тәп-тәуір, ойының, футбол.

2. Ол, бар, ықыласымен, ойнайды.

3. Спорт, қызмет, керек, етуі, сергектігіне, адамның, денсаулығы, мен, көңілің.

4. Досым, менің, өте, жақсы, оқиды, ынталы.
3-тапсырма. Төмендегі сын есімдерден үш шырай түрін жасаңдар.

Үлгі: үлкен үй – үлкенірек үй, өте үлкен үй, үп-үлкен үй.
Үлкен терезе, қызыл көйлек, кең көйлек, биік тау, қара қарындаш, терең өзен, жақын жер, сары гүл, қысқа шалбар, семіз мал.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнда.

Футбол

«Футбол» сөзі ағылшыннан аударғанда «табан доп» деген мағынада қолданылады. 1863 жылы қазан айында Лондонда алғаш рет футболшылардың одағы құрылды. Қазіргі футбол тарихы сол оқиғадан басталады. 1934 жылдан соң Ресейде тұңғыш футбол командасы пайда болды.

Біздің елімізде футбол ойыны кеңінен тараған. Футбол – ұжымдық ойын. Футбол ойнау үшін өте төзімді болу керек.

Қазақстанның «Қайрат» футбол командасы 1959 жылы құрылды. Сол кезден бастап «Қайрат» ел намысын қорғап келеді.


5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Футбол ойыны саған ұнай ма?

2. «Ертіс» командасы қашан құрылды?

3. «Ертіс» командасының ойыншылары қалай ойнайды?



134сабақ

Асық ойнау


  • Асық ойнау үшін не жинау керек?

  • Асық жинау керек.

  • Бұл ойын неге үйретеді?

  • Мергендікке үйретеді.

  • Ойынның шарты қандай?

  • 3-4 метр жерден асықты атып құлату керек.

  • Ойынның мақсаты қандай?

  • Көп асық ұтып алу арқылы ұпай жинау.

  • Біз де асық жинап, ойнап көрейік.

  • Жақсы, ойнайық.




1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

Қыз қуу
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы – қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады. Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Егер ол қызды қуып жетсе, оның бетінен сүйеді. Жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
Сөздік:

қызық – интересное жету керек –должен догнать

жігіт – парень соғады – будет бить

сүйеді – целует қуады – догоняют


III деңгей


  1. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.

  2. Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар.


II деңгей

1. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

2. Етістіктерді теріп алып, сөз құрамына талдап, шақтарын анықтаңдар.

I деңгей

Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгіме құраңдар.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді жазыңдар. Осы сөздермен сөйлем құраңдар.
Асы..тар, б...ла, ой...н, к..шкентай, ...пай, жин...у, жеңімпаз, ойна...ды.
4-тапсырма. Сын есімнің түрлерін анықтаңдар, олармен жайылма сөйлем құраңдар.
Қызыл, тәтті, ақалды, жазғы, көңілді, шыдамды, дәмді, жасыл, кең.
135сабақ

Сөздік:

танымал – известный

ептілік – подвижность

жылдамдылық – быстрота

созылады – длится

жуырда – недавно


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жазыңдар.

Мектептегі үйірмелер
Біздің мектепте көптеген қызықты үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмерлерде өткізеді. Мектепте «Шахматшылар», «Көркем өнер», «Ән-күй», «Домбыра», спорт үйірмелері бар. Шахматты қыздар да, ұлдар да қызыға ойнайды. «Көркем өнер» үйірмесіндегі жас «әртістер» мектепте ғана емес, жиындарда, құрметті ата-аналар алдында өнерлерін көрсетіп тұрады.

Мен Азат досыммен бірге «Теннис» үйірмесіне қатысамын. Теннис – әлемдегі ең танымал ойын. Бұл ойын ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Үірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Үйірме жұмысы тура сағат үште басталып, беске дейін созылады.



Азат екеуміз жуырда өткен теннис сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болдық.
2-тапсырма. Сурет бойынша диалог құраңдар.


3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап, мәтін жазыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Ұйымдастырылды, мектепте, біздің, үйірмесі, матиматиктер. Математика, пәнінің, басқарады, мұғалім, үйірмені. Математиктер, жас, үйірмеде, ғалым-математиктердің, атақты, өмірбаяны, еңбектері, баяндама, туралы, жасап тұрады. Архимедтің, Ковалевская, еңбектерімен, Лобачевскийдің, танысты.

Мүшелері, альбом, үйірме, жасап, оған, математиктердің, атақты, суреттерін, өмірбаянын, жапсырды, жазды.


4-тапсырма. Осы сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңдер.
Жеңіл ..., жақсы ..., дарынды ..., таза ..., жас ..., жарық ..., қызықты ..., ұқыпты ..., кең..., білімді ..., ақылды ....
5-тапсырма. Сапалық сын есімдерді естеріңе түсіріп жазыңдар.
136сабақ

Сөздік:

серуендеймін – выхожу на прогулку

ұйықтар алдында – перед сном

аусым – смена


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарыңды қойыңдар.
Уақыт кестесі

Менің атым – Айдар. Жасым он екіде. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібімнің кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңерттегі асымды ішемін. Киінемін, сағат жеті жарымда мектепте барамын. Сабақ сағат жеті жарымда мектепке барамын. Сабақ сағат 8-де басталады. Мен бірінші аусымда оқимын. Сабақ сағат 2-де аяқталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін, біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Сағат 4-ге келіп, үйге келіп, үй тапсырмасын орындаймын. Кешкі асымды ішіп болған соң, теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын. Сағат 10- да ұйықтаймын.


2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.



3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
1. Мен уақытты дұрыс пйдалану үшін... 1. теледидар көремін

2. Беті-қолымды жуып, ... 2. сондықтан мектепке дейін жаяу барамын

3. Мектеп үйден алыс емес, ... 3. біраз демаламын.

4. Мен бірінші... 4. кітап оқимын

5 Үйге келіп, түскі тамағымды ішемін, ... 5. таңертеңгі асымды ішемін.

6. Кешкі асымды ішіп болған соң, ... 6. өзіме күн тәртібімнің кестесін жасадым.

7. Ұйықтар алдында... 7. ауысымда оқимын.
4-тапсырма. Ең, өте, тым, аса деген күшейткіш үстеулермен асырмалы шырай жасаңдар.
Ұзын, қымбат, арзан, биік, ақылды, көңілді, таза, құрметті, ащы, қышқыл, дәмді, тәтті, ауыр, жеңіл, қатты, жақын.
5-тапсырма. Сөйлемдердегі күшейткіш үстеулердің астын сызыңдар.
1. Мына сорпа өте ыстық екен. 2. Маған ең қымбат көйлекті көрсетіңізші.

3. Шешем дүкеннен аппақ көйлек сатып алды. 4. Күн тым аяз. 5. Қазақ тілі сабағы өте қиын.



137сабақ

Сөздік:

жақсы дамыған – хорошо развито

сахна – сцена

қасиетті – святое

аямай – не жалея
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мәтінді оқыңдар.
Би үйірмесінде

Қазақ халқының би өнері жақсы дамыған. Ол ғасырлар бойы өмір с...ріп келеді. Қазақ халқының б...шілері де көп болған. Мен де биші болғым келеді, сондықтан би үйірмесіне барып ж..рмін.

Сахна – бишілер үшін ең қастерлі, ең қасиетті орын. Би өнерінің жолы же...іл емес екен, сондықтан би үірмесіне ж...ма сайын барып т...рамын. Үйірменің жетекшісі – Марина апай өз уақытын аямай аптасына т...рт рет бізге сабақ береді. Сабақтары өте қызықты.

Би өнері – өте қиын өнер екен, сондықтан оны ...зақ үйрену керек.


2-тапсырма. Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңдер.

Үлгі: Саматтың көзі көк пе?(қара). – Жоқ, Саматтың көзі көк емес, қара.
1. Етіктің өкшесі аласа ма? (биік).

2. Алматы кішкентай қала ма? (үлкен).

3. Сен ақ түсті ұнатасың ба? (қара).

4. Алма шырынының дәмі қышқыл ма? ( тәтті).

5. Қазақ тілі сабағы жеңіл ме? (ауыр).

6. Мына тон саған кең бе? (тар).

7. Мұхтардың бөлмесі үлкен бе?(кішкентай).
3-тапсырма. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасаңдар, олармен сөйлем құраңдар.
Ақыл, білім, аяз, жаз, жаңбыр, құт, береке, шыдам, күз, боран.
4-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңдар.
1. Жазда күн (қысқа, ұзақ) болады.

2. Қыста күн (ыстық, суық) болады.

3. Ең ұзақ күндер (қыркүйекте, маусымда) болады.

4. Ең суық жыл мезгілі – (қыс, жаз).

5. Ең ұзақ түндер (мамырда) болады.

6. (Қыста, жазда) аспан көбінесе желсіз, бұлтсыз болады.

7. (Жазда, күзде )аспанда күннің көзі жарқырайды.

8. (Қыста, жазда) дала, орман, үйлер ақ қар жамылады.


5–тапсырма. Мәтін арқылы диалог құраңдар.
Таня мен Настя халыққа қазақ «Қамажайын» таныстырды. Бұлар екеуі де жасынан көркемөнер үйірмесіне қатысқан. Қыздар «Тамаша» бағдарламасына қатысып, би билейді. Олардың билерін жастар мен студенттердің дүние жүзілік фестивалінің делегаттары Москвада көрді. Таня мен Настя өте тамаша билейді.
138 сабақ

Сөздік:

қолөнер – рукоделье

тоқу – вязать

тігу – шить

көрме – выставка

зат, бұйым, нәрсе – вещь

әсер алады – получить впечатления
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Қолөнер үйірмесі
Біздің мектепте көптеген үйірмелер бар. Алтыншы сынып оқушылары қолөнер үйірмесіне белсенді қатысып тұрады. Қыздар үйірмеде әдемі тоқуды үйренеді, олар көптеген киімдерді өз қолдарымен тоқиды. Ал ұл балалар ағашпен жұмыс істейді. Олар ағаштан әр түрлі заттарды жасайды. Өткен сенбіде бізде қолөнер үйірмесінің көрмесі ашылды. Онда маған ағаштан жасалған заттар өте ұнады. Олар: қазақ халқының екі ішекті домбырасы, әбдреше, аласа үстел және басқа нәрселер.

Менің сыныптастарым көрмеден жақсы әсер алды.


2-тапсырма. Сен қандай үйірмеге қатысасың, онда не істейсің? Қысқаша әңгімелеп бер.
3-тапсырма. Сапалық және қатыстық сын есімдерді екі бағанаға жазыңдар.
Ұлттық, жақсы, түрлі, кең, көктемгі, көк көйлекті, әдепті, білімді, көлді, таулы, балалы, тәтті, жеңіл, қызыл, үлкен, ақ, қоңыр, әдемі, аласа, сүйкімді, мейірімді.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

  1. Қазақ жерінде қолөнер ертеден жақсы ... .

  2. Жүннен тоқылған киім жеңіл ... .

  3. Киіз үй жас суретшілерді ... .

  4. Қазақ халқының киімдерін ұлттық мұражайда ... .


5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар, етістіктердің қай райда тұрғанын анықтаңдар.
1. Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.

2. Жеті рет пішіп, бір рет кес. .



3. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді жазып, мәтінді оқыңдар. Мәтінге ат қойып, жоспар құрыңдар.
Менің Дәурен деген үлкен ағам бар. Ол кішкентай кезінен сазбалшықпен ойнайтын. Басқа балалар машина, доп ойнайтын. Ал біздің Дәурен күнімен сазбалшықтан түрлі-түрлі мүсіндер жасайтын. Жылдар өтіп, Дәурен мектепті бітіріп, қаладағы жоғары оқу орнына мүсенші бөліміне түсті. Қазіргі кезде менің ағам дипломын алды, мамандығы – мүсінші. Ол өз мамандығын жақсы көреді. Оның балшықтан жасалған мүсіндері қаладағы көптеген демалыс орындарында бар.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Артыкова Т.М., Жаканбаева А.С., Толеуова М.Х. Қазақ тілі. учеб. Для 6 класса общеобразоват.шк. с рус.яз.обучения. - Алматы: Атамұра, 2011.

  2. Артыкова Т., Жаканбаева А., Толеуова М. Қазақ тілі. Оқу әдістемесі. -Алматы: Атамұра, 2006.

  3. Қалиева Ж.С. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал.- Қарағанды: Учебная книга, 2005.

  4. «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы № 4, № 8, № 11 2010, 2011ж.

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. 8/2006ж

  6. «Мектептегі сыптан тыс жұмыстар» журналы. 2011ж.

  7. «Айгөлек» журналы. 2007ж.

  8. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. 5-сынып.

Каталог: uploads -> doc -> 098c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098c -> Сабақ Жеңіл атлетика Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет