III деңгей
1. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.
Жасалған, орналасқан, сарай, сүйікті, көрермендер, балалар, өткір.
2. Сурет бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
II деңгей
Берілген сөздерді және сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құраңдар.
Сделано из стекла, высокое здание, в центре города, памятник, жители города, в океанариуме, возле Байтерека, новый, народ.
Суретті әңгімелеңдер.
I деңгей
«Астана – арман қала» тақырыбы бойынша шығарма жазыңдар.
58–сабақ
Көлік түрлері
Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа-сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.
Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер.
Мәтіндегі етістіктерді қолдана отырып, диалог құрастырыңдар.
Мәтіннен күрделі сөздерді теріп, сөз құрамына талдаңдар.
59–сабақ
Мектепке барар жол
Мен мектеп жанында тұрамын. Алайда мектепке барарда жолдан өту керек. Жаяу жүргіншілердің бірі – мен. Мен жолдың оң жағымен жүремін. Жолды бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүгірмей, асықпай өтемін. Жолдың ортасында тұрмаймын, ойнамаймын, алыспаймын.
Балалар! Жол тәртібін сақтаңдар!
1. Мәтін түсініп оқыңдар.
2. Мәтін ішінен жол жүру ережесін сақтауға шақыратын сөйлемді көшіріп жазыңдар.
3. Мектепке барар жолыңның схемасын салып, әңгімелеп беріңдер.
4. Мәтіннен етістіктерді теріп, шақтарын анықтаңдар.
60–сабақ
Автобуста
Жоспар:
1. Автобус жол үстінде.
2. Автобус ішіндегі оқиға.
3. Оқушының әрекеті.
4. Сенің ойың.
Берілген жоспар бойынша рөлге бөлініп, сахналық көрініс қойыңдар.
Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар: әрекет, жолаушы, қарт адам, оқиға, жүргізуші.
Сөздерді дұрыс аударыңдар.
Жүргізуші дорога
Бағдаршам транспорт
Әрекет светофор
Жол пешеход
Көлік поступок
Жаяу жүргінші водитель
Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімді тауып жазыңдар.
Жол ...ойнауға болмайды.
А) алдында
Ә) үстінде
Б) шетінде
61–сабақ
Төбесі сымға тимесе,
Ол ешқашан жүре алмас,
Өз иесі басқармаса,
Оны ешкім бұра алмас.
«трамвай, тролейбус»
Жұмбақты шешіп, сабақтың тақырыбын айтыңдар.
Трамвай. Тролейбус
Трамвай мен тролейбус қоғамдық көліктердің бірі. Бұл көліктер үлкен қалаларда болады. Мысалы, Алматы қаласында трамвай да, тролейбустар да бар. Бұл көліктер зиянды газдар бөлмейді. Ал басқа көліктерден зияндыгаздар бөлінеді, сондықтан олар адам денсаулығына қауіпті.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Зияны бар көліктерді атаңдар.
Зияны жоқ көліктерді атаңдар.
Трамвай мен тролейбус қандай көліктер?
Бұл көліктер Қазақстанда бар ма?
«Трамвай», «тролейбус» сөздерін септеңдер.
Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.
Жеңіл
|
Қауіпсіздігі
|
Қоғамдық
|
Газдар
|
Қарт
|
Түс
|
Жол
|
Автобус
|
Орын
|
Адам
|
Жол
|
Көлік
|
Жасыл
|
Беру
|
Мәдениетті
|
Жүргінші
|
Зиянды
|
Тәртібі
|
Жаяу
|
Адам
|
Сөйлемді дұрыс құраңдар.
Көше, тәртібін, жүру, сақтап, адам, болайық, мәдениетті.
Көше, адам, әр, тәртібін, сақтағаны, жөн.
Оңға, өткенде, керек, қарау, солға, жолды.
Сары, бар, түстері, жасыл, бағдаршамның, қызыл.
62–сабақ
Қоғамдық көліктегі мәдениет
Қоғамдық көліктерге көп адам отырады. Адамдарға қатты сөйлеп, күлуге боламайды. Адамның мәдениеті оның тұрып-отырғанынан, сөйлегенінен көрінеді. Қоғамдық көліктерді ластауға болмайды. Көліктің ішінде ережелері жазылып тұрады. Адамдарға балмұздақпен, ашылған сусындармен кіруге болмайды. Жас балалар, жасы үлкен адамдарға орын берсе, оның тәрбиелі, мәдениетті екенін көрсетеді.
Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.
Мәтіннен сын есім қатысқан сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
«Адамдар», «көлік» сөздерін тәуелдеңдер.
Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.
63–сабақ
Диктант
Әр адам көше тәртібін сақтағаны жөн. Көшеде келе жатып біреудің алдына түскің келсе, оны сыпайы түрде ешкімді қағып-соқпай өт. Алдыңғы адам сол жағынан айналып өткен дұрыс. Егер байқамай қағып кетсең, кешірім сұраған дұрыс. «Кеспе жолын үлкеннің, шыдамсыздық – үлкен мін» деп қазақ тегін айтпаған. Көшеде жүргенде, айғайлауға, түкіруге, жерге қағаз, қоқыстарды тастауға болмайды.
Көшеде жүру тәртібін сақтап, мәдениетті адам болайық!
64–сабақ
Қайталау сабағы
Деңгейлік тапсырмаларды орыңдаңдар:
III деңгей
1. Берілген сөздерді аударыңдар.
Город, улица, светофор, пешеход, проспект, правила, дорога, общественный транспорт.
2.Сұрақтарға жауап беріңдер.
- сен қай қалада тұрасың?
- қалаңда қандай көлік түрлері бар?
- зиянды көліктерді атап шық.
- сен жол тәртәбін сақтайсың ба?
II деңгей
Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құраңдар.
Вдоль улицы, пешеходный переход, внимательный водитель, виды транспорта.
2. Берілген сөз тіркестеріне керекті жалғауларды жалғаңдар.
Көше бойы..., аз уақыттың іші..., қаланың ортасы..., қаланың сырты..., бағдаршамның түс..., оқушылардың мәдениет...
I деңгей
«Жол тәртібі» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.
65–сабақ
Менің сүйікті кейіпкерім
Өз сүйікті мултипликациялық немесе көркем әдебиетіндегі кейіпкерлерің туралы әңгімелеңдер.
Жоспар:
I. Менің сүйікті кейіпкерім
II. Сүйікті кейіпкерімнің мінезі
III. Кейіпкерім туралы ертегі
«Қожанасыр өз үйіне қайта барады» деген сөйлемді дәптерлеріңе жазыңдар.
Сөйлем бойынша төмендегідей тапсырмаларды орындаңдар:
«қайту», «бару» етістіктеріне морфологиялық талдау жасаңдар.
сөйлемдегі үстеу сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.
Алдар Көсе қандай кейіпкер? Оны сипаттаңдар.
66–сабақ
Ертегілер елінде
Ребусты шешіп, сабақтың тақырыбын анықтаңдар:
Шешуі: Ертегі
Суретте берілген ертегі қалай аталады?
Басты кейіпкерлері кім?
Ертегінің сюжеті бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.
Жоспар және кілтті сөздерді қолдана отырып, ертегіні қысқаша әңгімелеп беріңдер.
Жоспар:
I Түлкінің апанға түсуі
II Түлкі мен ешкінің кездесуі
III Ақымақ ешкі
VI Қу түлкі
Кілтті сөздер:
Абайсызда – невзначай, неожиданно
Терең апанға – в глубокую яму
Түсіп кетті – упал
Неге тұрсың – почему стоишь
Жаным жай тауып тұр – душа ликует
Салқын – прохладно
Шөлдедім – сильно захотел пить
Тұп-тұнық су – прозрачная вода (чистая вода)
Секіріп үстіне мінеді – вскакивает, прыгает на него
67–сабақ
Алдар Көсе, Қожанасыр
«Қожанасырдың тойға баруы»
Баяғыда біреу той жасапты. Тойға Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті.
Қожанасыр өз үйіне қайта барады. Жақсы киімін киіп, тойға келеді.
Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді. Төрге отырғызады. Ет келгенде Қожанасыр етті жемейді. Табаққа шапанының жеңін малып:
Же, шапаным, же! – деп отыра береді.
Үй иесі:
Қожеке, бұныңыз не: Шапан ет жей ме? - дейді.
Сонда Қожанасыр:
Сен адамды сыйламайды екенсің, киімді сыйлайсың! – депті.
Алдар Көсе мен қу жауырын
Алдар Көсе бір күні келе жатып, қу жауырын тауып алып, оны қойнына тығып алады. Бір байдың үйіне келіп қонады. Ет асып отырған әйеліне қарап:
- Менің бір шикі етім бар еді, соны қазандарыңызға салып, пісіріп алуға бола ма? – деп сұрайды.
Әйел:
Мақұл, пісіріп ала ғой! - дейді.
Алдар Көсе тұрып:
- Сүйектерің етімді жеп қоймаса? – деп, сәл күмілжиді.
- Ойбай-ау, етті ет жейді деген не сұмдық: Егерде етіңді ет жеп қойса, осы үйдің малы жетеді. Біздер бір тоқты төлейік, - дейді.
- Олай болса, жарайды, - дейді де, Алдар Көсе байдың әйеліне көрсетпей, қазанға қу жауырынды салып жібереді. Біраздан соң барып: «Піскен шығар деп» Алдар Көсе қазаннан қу жауырынды суырып алады. Алдар Көсе әйелге қарап:
- Міне жаңа айтып едім ғой: «Жеп қояды!» деп. Міне, қараңдар жеп қойыпты! Ал енді беріңдер тоқтымды! – дейді.
Байдың әйелі айтқан сөзінен тана алмай, шарасыздан Алдар Көсеге бір тоқты беріп жіберіпті.
Тапсырмалар:
Екі топқа бөлініп, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
Әр топ өздіктеңнен осыған ұқсас мәтін жазып, оны оқыңдар.
Екі мәтінді салыстырып, Қожанасыр мен Алдар Көсенің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер.
Мәтін бойынша жоспар құрастырыңдар.
«Сыйлау», «Киіну», «Қарау» етістіктерін өткен шақ, осы шақ, келер шақта жіктеңдер.
68–сабақ
Шығарма «Менің атым - Қожа»
«Менің атым - Қожа» атты повестен үзіндіні жалғастырыңдар.
Жоспар:
I Қожаның сабаққа кешігуі
II Анфиса Михайловнаның сабақ сұрауы
III Қожаның қорқуы
Тірек сөздер:
Тәмпіш – курносый
Шашы қайратты – волосы жесткие
Орта бойлы – среднего роста
Оятты – разбудил
Атып тұру – соскочить
Шамам болмап еді – не было сил
Масқара – позор, срам
Жаным қалар еді – здесь; спасло бы меня
Жаным мұрнымның ұшына келді – здесь; душа ушла в пятки
Әлсіреп – обессилев
Менің атым – Қожа. Фамилиям – Қадыров. Мұрным «тәмпіш», шашым қара, қайратты. Бойым орта бойлы. Жасым он екіде. Бесінші сыныпты бітіріп отырмын.
Кешегі ойыннан кейін, қатып ұйықтап қалыппын. Бүгін болатын пәндерді сумкаға асығыс салдым. Мектепке қарай жүгірдім.
69–сабақ
Кейіпкерлердің атын танып біл
Тест
1) Мифтік кейіпкерлер мен тарихи адамдар жайында айтылған шығармаларды қалай атайды?
а) Ертегі
ә) Аңыз
б) Жұмбақ
2) Мифтік кейіпкерлерді көрсетіңіз.
а) Алдар Көсе, Қожанасыр
ә) Абай Құнанбаев, Алдар Көсе
б) Қожанасыр, Ілиас Жансүгіров
3) Өзі қу, өзі ақылды, ол ақымақ ханды, сараң байды аладап кетеді...
а) Алдар Көсе
ә) Абай Құнанбаев
б) Қожа
4) Жыртық шапанды түлкі ішекке айрыбастап, ханды алдап кеткен қу ертегі кейіпкері.
а) Қожанасыр
ә) Қожа
б) Алдар Көсе
5) «Қожанасырдың тойға баруы» аңыз-әңгімесінде Қожанасыр не істейді?
а) Шапанына тамақ береді
ә) Кетіп қалады
б) Байды алдайды
6) «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» аңыз-әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді атаңыз.
а) Жиренше шешен, хан
ә) Алдар Көсе, хан
б) Қожанасыр, хан
7) «Түлкі мен ешкі» ертегісі қай ертегінің түріне жатады?
а) Жануарлар туралы
ә) Қиял-ғажайп
б) Батырлар туралы
8) Жануарлар туралы ертегілеріндегі қорқақ жануарды көрсетіңіз.
а) Айдаһар
ә) Жолбарыс
б) Қоян
9) Қу жануарды көрсетіңіз.
а) Жолбарыс
ә) Қоян
б) Түлкі
10) «Менің атым – Қожа» атты әңгімесінде Қожаның орыс тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімінің аты кім?
а) Анфиса Петровна
ә) Анфиса Михайловна
б) Анфиса Григорьевна
Жауабы: 1 – ә, 2 – а, 3 – а, 4 – б, 5 – а, 6 – а, 7 – а, 8 – б, 9 – б, 10 - ә;
70–сабақ
Қазіргі заман батырлары. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов қазақтың әуесқой боксшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы. 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін аяқтдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сөздер болса, сөздік құрастырыңдар.
2. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.
3. «Бекзат – қазақ халқының мақтанышы» деген тақырыпта 4-5 сөйлем көлемінде өз ойларыңды жазыңдар.
4. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, ол қай септік жалғауымен келгенін анықтаңдар.
71–сабақ
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған іздері сайрап жатыр. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы Ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, таныс емес сөздер болса, сөздік құрастырыңдар.
2. Мына сұрақтарға жауап тауып, мәтінді әңгімелеуге даярланыңдар.
• Қаныш Имантайұлы Сәтбаев кім?
• Қ.И. Сәтбаев қандай салада жұмыс істеді?
• Ол қандай ордендермен марапатталды?
• Мәтіннен 1 етістікті алып, өткен шақ, осы шақ, келер шақта жіктеңіздер.
72–Қайталау сабақ
III деңгей
«Бала», «ақсақал» сөздеріне синонимдер, антонимдер тауып, түсіндіріңдер.
Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар:
Елінде, кейіпкерлер
«Сүйікті кейіпкерім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
II деңгей
Көп нүктенің орнына есімдікті жазып, түрлерін анықтаңдар.
... айтасың
... ұнайды
... мекендейді
... сүйікті кейіпкерім
... президент
... ұшқыш
... айлакер
«Сен», «Анау», «Кімдер?» есімдіктерімен сөйлем құрап жазыңдар.
«Алдар Көсе мен Қожанасырдың кездесуі» тақырыбына әңгіме құрап, айтып беріңдер.
I деңгей
«Айту», «әңгімелеу», «ұнау» етістіктерін үш жақта, үш шақта жіктеңдер.
Ертегілер мен аңыздарды салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтаңдар;
«Менің сүйікті ертегім» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.
73–сабақ
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу үрдісі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Тапсырмалар:
Мәтінді түсіне оқып, таныс емес сөздер болса, сөздік құрастырыңдар.
Мәтіннен негізгі материалды сұрыптап, хронологиялық кесте ретінде қысқаша коспектілеңдер. Әңгімелеуге дайындалыңдар.
Мәтіннің ішінен 10 етістікті таңдап, бесеуін өткен шаққа, бесеуін келер шаққа қойып түрлендіріңдер (етістіктер түрлі жақтарда туруы тиіс).
74–сабақ
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).
1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. 1987-1990 жж. азаматтық авиацияда ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған. 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған. 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып, таныс емес сөздер бойынша сөздік құрастырыңдар.
Мына сұрақтарға жауап тауып, мәтінді әңгімелеуге даярланыңдар.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев кім?
Қай жерде дүниеге келді?
Алған білімі қандай?
Ғарышқа неше рет ұшты?
Гиннестің үздік табыстар кітабында не туралы жазылды?
Мәтіннен мезгіл үстеулерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.
75–сабақ
«Сенің сүйікті кейіпкерің» сұхбат сабағы
Тапсырмалар:
1. Төменде талқыланатын сұрақтар тізімі берілген. Бағдарламаның жүргізушісі, студия қонақтары, көрермендер болып бөлініңдер де, дөңгелек үстел өткізіңдер.
2. Талқыланатын сұрақтар үлгісі
- Бүгінгі таңда «қаһарман», «батыр» деген ұғымдар қолданысқа ие ме?
- Қазіргі заманның батыры кім деп ойлайсыңдар? Неге?
- Өзің пір тұтатын кейіпкерің бар ма? Ол кім? Ол саған несімен ұнайды?
- Қалай ойлайсың, бүгінгі оқушылар қандай батырлық таныта алады?
3. Телекөрермендер (басқа топ оқушылары) көрші студия катысушыларының жауаптарын тыңдап, бағалайды.
76–сабақ
Мазмұндама
Алдар Көсе мен жылан
Алдар Көсе мен жылан дос болыпты. Бір күні екеуі аң аулауға шығыпты. Орта жолда кесек алтынды тауып алыпты. Қалай бөлісетінін білмей, көп ойланыпты. Ешқайсысы жол бергісі келмепті. Сонда жылан:
Бұл алтынды кімнің жасы үлкен болса, сол алсын депті.
Алдар Көсе келісіпті. Екеуі кімнің қашан туғанын есіне түсіре бастапты. Жылан:
Мен туғанда, күннің көзі адамның құлағындай, ал жер шары тамшыдай ғана болған, - депті. Оның жауабын тыңдап, Алдар Көсе күліпті. Жылан:
Неге күлесің? - деп сұрапты. Алдар Көсе:
Е-е-е ол кезде менің тұңғыш балам дүниеге келген депті де, кесек алтынды өзіне алыпты.
Сөздік:
Аң аулау - охотиться
Жол бергісі келмепті - не хотели уступать
Есіне түсіре бастапты - начали вспоминать
77–Тәжірибе сабақ
Деңгейлік тапсырмаларды орындаңыздар:
ІІІ деңгей
«Етістіктің шақтары» ережесін жатқа айтып, 5 сөйлем құрастырыңыз.
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып, сөз тіркес құрастырыңыз.
Ертең ...
Бүгін ...
Жексенбі күні ...
Сағат төртте ...
Биыл ...
Алдар Көсе мен Кожанасыр туралы аңыздарды ізденіп келіп, сыныпта әңгімелеп беріңіздер.
І деңгей
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Әлем әдебиетінде Алдар Көсеге, Қожанасырға ұқсас кейіпкерлер бар ма?
Олар халыққа қандай пайда келтірді?
Сіз ертегі жазушысыз. Алдар Көсеге, Қожанасырға ұқсас қандай кейіпкерді ойдан шығарар едіңіз? Сипаттап беріңіз.
78–сабақ
Павлодарлық суретші
Александр Иванович Бибин Қазақстан бейнелеу өнерінің бас шеберінің бірі болып танылады. Суретші 1965 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп Павлодар қаласына келеді, ол монументтік және қолданбалы-сән өнері, кесіндеме және сызбамен жұмыс істейді. 1972-1977 жылдары Александр Бибин «Ертіс» қонақ үйіне, Естай атындағы Мәдениет сарайына, Ж. Аймауытов атындағы музыкалық драма театрына, «Қазақстан» қонақ үйіне (Қарағанды қаласы) үлкен витраждар жасаған, олар елімізде және шет елдеріне танымал. 1990 жылы «Сарыарқа» қонақ үйіне (Павлодар қаласы) 10 витраж жасады.
Александр Бибин халықаралық, бүкілодақтық, аумақтық және облыстық көрмелеріне қатысқан. Суретшінің жеке көрмелері Омбы (1999), Мәскеу (2002), Павлодар (1999, 2002) қалаларында табысты өтті.
Оның туындылары: «Кешкі намаз» (1965), «Бетховен әлемі» (1966), «Тағдыр» (1967), «Ауыл арманшылы» (1966), «Ата үйректі тамақтандыруы» (1968), «Қеңістік пен уақыт» (1970), «Апостол Петрдың бас тартуы» (1994), «Жаз қуанышы» (2001) және басқалары.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып, таныс емес сөздер бойынша сөздік құрастырыңдар.
Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.
Мәтіннен 4 етістікті теріп, морфологиялық талдау жасаңдар.
Мезгіл үстеулерді теріп жазыңыз.
79–сабақ
Тіл дамыту сабағы
Павлодарлық ақындар мен әншілер
Тапсырмалар:
Ақындар мен әншілер болып екі топқа бөлініңдер.
Өздігінен іздену жұмысы: Павлодар өңірінің ақындары мен әншілері туралы қысқаша ақпарат жинап әкеліңдер.
Жұптық жұмыс: Өз тобыңдағы бір оқушыны таңдап, дайындаған ақпаратпен алмасыңдар және алмасқан ақпаратты оқып, әңгімелеп бер.
Екінші топтағы бір оқушыны таңдап, өз тақырыбыңды баянда. Ал тыңдап отырған оқушы сұрақ қойсын.
(Сөйтіп, оқушы сабақта қосымша бір ақын мен әнші туралы ақпарат алып, өзі де дайындаған мәліметін әңгімелеуге тиіс).
80–сабақ
Табиғат туралы
1. Мәтінді түсініп, оқындар.
Табиғатты қорғаңдар!
Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай біліуміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде Халықаралық қорғау қоғамы құрылды. Оның басты мақсаты – саны сирек, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады.
Тапсырмалар:
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Халықаралық қорғау қоғамы не үшін керек?
Қандай кітапты Қызыл кітап деп атайты?
Бұл кітапқа не жазылады?
Табиғат туралы қандай қанатты сөз білесіңдер?
3. Жақшаның ішіндегі орыс сөздерін қазақшаға аударып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
(Наша) барлық өміріміз (с природой) тығыз байланысты. (В нашей) елімізде 150-ге жуық қала экологиялық (тяжелом положении). Біздің (окружающая среда) ластанған. Біз табиғатты (должны защищать). Табиғатты қорғауды (с себя ) баста.
4. Мақал-мәтелдерді түсініп, жаттап алыңдар.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жауады.
Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
Құс жеткен жеріне қонады.
5. Сурет бойынша диалог құрастырыңдар.
81–сабақ
Экология дегеніміз не?
Диалогты түсініп, оқыңдар. Өзара жалғастырып, сөйлесіңдер.
Адамның дені сау болу үшін не керек?
Қоршаған орта, табиғат таза болу керек.
Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр?
Экологиялық проблема өзекті мәселеге айналды.
Дүниежүлік проблема қандай?
Арал экологиясы. Мұнымен қоса Каспий, Балқаш көлдері де экологиялық аймаққа айналды.
Біз қандай үлес қосуымыз керек?
2. Диалогтан етістіктерді теріп жазыңдар, оларды сөз құрамына қарай талдаңдар.
Үлгі: болу: бол – түбір, у- түйық етістік жұрнағы.
3. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.
Табиғатты қорғау, орманды дала, жануарлар мен құстар, өзекті мәселе.
4. Өлеңді жаттаңдар. Естеріңе сақтап, жазыңдар.
Айналанды қоршаған
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп-қатер төнсе оған,
Қамқорға алып сүйей біл.
Түкірінбе көзіңе
Түскен жерге, бауырым,
Ақылшы бол өзіңе,
Іспен өрле, тәуірі.
82–сабақ
Табиғат пен адамның байланысы
1. Мәтінді түсініп, оқындар.
Ағаш ек!
Адам таза ауамен демалады. Адам демінен шыққан ауа қайта жұтуға жарамсыз. Ал таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар жарамсыз ауаны жұтып отырады. Өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп тұрған ағаш көп болса, ауа да таза болды. Таза ауамен дем алған адамның дені сау, көңілі хош болып, ұзақ өмір сүреді.
2. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерді аударыңдар.
Чистый воздух, деревья вокруг нас, человек здоров, хорошее настоение, долгая жизнь, продлить жизнь.
3. Ұстау, демалу, ойлау, тазарту сөздерін сабақты, салт етістіктеріне айландырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
4. Диалогты жалғастырып, сөйлесіңдер.
Табиғатқа жақын болу дегенді қалай түсінесіңдер?
...........................................
Табиғатты неге қорғау керек?
...........................................
83–сабақ
Қазақстанның табиғат жағдайлары
1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Арал теңізі
Арал теңізі мен Сырдария өзені күн сайын тартылып барады. Теңіз суының деңгейі он метр төмендеген. Ауаға теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Өсімдіктер мен жануарлар құрып барады.
Бұл апатты тоқтатуға бола ма?
Республикамыздың экологиялық жағдайы қиын. Аралға енді Балқаш тағдыры қосылды.
2. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерді аударыңдар.
Река Сырдарья, растения и животные, это бедствие, экологическое положение, судьба Арала, положение тяжелое, исчезают животные, уровень моря.
3. Төмендегі етістіктерді рай түрлеріне қойып жіктеңдер.
Төмендеді, кұрып кетті, көмектесемін, алмаймын, қостым.
4. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.
84–сабақ
Мазмұндама
Маңдай тер
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы суша болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
- Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады Хамит.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.
Қолына күрек ұстатты:
- Қане, екі-үш көшет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.
Хамит пора-порасы шығап терледі.
Күз тарта көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!
- «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі.
Хамит атасын құшақтай алды.
Сөздік:
жақ ашпау – не сказав ни слова
Жоспар
1. Атамен әңгіме
2. Атасы демалыста.
3. Сұрақ.
4.Тоғайда.
5. Көшет.
6. Көшет – жеміс ағашы.
7. Қызыл алма.
8. Маңдай тер деген не?
85–сабақ
Табиғат туралы мақал-мәтелдер
1. Мақалдарды түсініп оқыңдар.
1. Құс жеткен жеріне қонады.
2. Қоян көлеңкесінен қорқады.
3. Жері байдың – елі бай.
4. Жер – қазына,
Су – алтын, Мал – байлық.
Деңгейлік тапсырмалар:
III деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Табиғатты неге қорғау керек?
2. Өсімдіктер мен жануарларға қалай қамқарлық жасайсыңдар?
3. Мектеп, үй ауласындағы ағаштарды қалай қорғайсыңдар?
4. Өсіп тұрған гүлді жұлуға бола ма?
5. Үй жануарларына қалай көмектесесіңдер?
2. Тақырып бойынша етістіктермен сөйлем құрастырыңдар.
II деңгей
1.Етістіктің райларының жасалу жолдары туралы айтыңдар. Мысалдар келтіріңдер.
2.Бір мақалдың мағынасын түсіндіріп, өз ой -пікірлеріңді жаз.
I деңгей
1. Қазақстандағы экологиялық жағдайды дұрыстау үшін қандай іс-шара жасау керек? Газетке мақала дайындаңдар.
86–сабақ
Жер-ана
Мәтінді аударып, рөлге бөліп оқыңдар.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді, бір қария:
Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді.
Таңғалған Бейбіт:
Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.
Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп қария кете берді.
Төменде берілген қанатты сөздердің мәнін түсіндіріңдер, ішінен бір қанатты сөзді алып, өз ойларыңды жазыңдар
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ..
Жер – қазына,
Су – алтын,
Мал – байлық.
3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарға сипаттама беріңдер.
Ту..ан жер таби..аты – хал..ымыздың ұлт..ық мақтан..шы. Сонд.. қтан оны а..лап қор..ауға үлес қ..су – бізд..ң азама..тық бор..шымыз.
87–сабақ
Қоршаған ортаны қорғау
1. Мәтінді оқып, өз ойларыңды айтыңдар.
Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол – еліміздің болашағы, халықтың байлығы.
5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүлілік күні. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.
Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру – біздің борышымыз.
Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар:
III деңгей
Мәтінге ат қойып, орыс тіліне аударыңдар.
Есімдіктерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.
Қоршау етістігін райларға қойып, жіктеңдер.
II деңгей
Мәтінге жоспар құраңдар.
Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістіктерге айналдырыңдар.
Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты қандай? деген сұраққа жауап беріңдер.
I деңгей
«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына бағдарлама құрастырыңдар.
88–сабақ
Қорықтар неге керек?
1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.
Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрылып кету қауіпі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұру үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз.
Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.
2. Мәтінді пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
өсімдіктер тіршілігінен
жылдар дүниесі
табиғи қорғауға
жан-жақты өткен соң
3. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.
4. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.
Өндірісі дамыған, тіршілігінен айырылып қалмақ, елімізде табиғат байлығы, сақтайтын қорықтар көп.
89–сабақ
Таза ауамен демалайық
1. «Таза ауамен демалайық» тақырыбы бойынша суретпен жұмыс: бірнеше кезең негізінде жұмыс жасап, шағын әңгіме дайындаңдар.
1 кезең – сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.
2 кезең – сурет бойынша бірнеше сұрақтар дайындап, өзара сөйлесіңдер.
3 кезең – сурет бойынша жоспар құрыңдар.
4 кезең – сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңдар.
5 кезең – суреттерді пайдаланып, шағын шығарма жазыңдар.
90–сабақ
Бурабай
1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы – қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары бар. Бұрабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер, әңгімелер жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |