Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет3/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Есіңе сақта!

Үстеу - заттың әр алуан қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.
23-сабақ

Сөздік:

ойын-сауық – игровой центр

алғашқы – первый

болып саналады – считается

нысан – объект

берік – крепкий


1- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқы, орыс тіліне аудар.
Сауда үйі
Хан Шатыр – Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. -

Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түріндегі құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені болып табылады. Ол бірегей сыртқы пішінімен ерекше. Хан Шатыр – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты. Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады.



Есіңе сақта!

Мекен үстеуі қимыл, іс-әрекеттің мекенін, орнын білдіріп, қайда? қайдан? сұрағына жауап береді.
2-Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Хан Шатыр кімнің қиялынан шыққан?

  2. Кешеннің биіктігі неше метр?

  3. Хан Шатыр қашан ашылған?

  4. Мекен үстеуін тауып, астын сыз.


24-сабақ

Сөздік:

Естігенбіз – слышали

Өлшем – размер

Енсең – войдешь

Ақыры – в конце концов
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Жәрмеңкеде

Бүгін досым екеуіміз жәрмеңкеге бардық. Онда заттардың бағасы төмен деп естігенбіз. Екеуіміз күні бойы жүріп, аяқ киім іздедік. Ербол алға қарай жүріп кете береді. Мен оның соңынан жүгіре беріп шаршадым. Оның аяғының өлшемі менен екі есе үлкен, 42-ші өлшем. Жәрмеңкеде адам ығы-жығы. Ішке енсең болды, әр түрлі елден келген тауардың түр-түрін көресің. Сұранысың бойынша бәрін де табасың. Ақыры таңдауымызды жасап, тысқа шығып, үйге аяңдадық.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Жәрмеңкеде баға қандай екен?

  2. Сен киім алуға өзің барасың ба?

  3. Мәтіннен мекен үстеулерді тауып, астын сыз, сұрақ қой.



25-сабақ

Сөздік:

Құн – цена

Нәтижесінде – в итоге

Енші – доля



Тарихи дамуы – истрическое развитие






1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
ҚР Ұлттық теңге туған күні
15 қараша Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі мамандарының күні. Осы күні 1993 жылы Қазақстан Республикасында бірінші рет ұлттық валюта теңге айналымға жіберілген.

Қазақстанның теңгесі – еліміздегі ұлттық валюта. Купюралар мен ақшаларда теңгенің белгісі қабылданған. 1993 жылғы қарашаның 12-де Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы шықты. Содан бері бұл күн ресми түрде ұлттық валюта күні болып саналады.


2-тапсырма. Сызбаны толықтырыңдар.

Ұлттық теңге


26-сабақ

Сөздік:

Жиі – часто

Қамқоршысымын – помощница

Күлімсірей – улыбаясь



Сөйлеспекші – хочет поговорить
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Менің құрметті сатушым
Мен анамның қамқоршысымын. Анам мені дүкенге жиі жібереді. Үйіміздің жанындағы дүкендегі сатушылар мені жақсы таниды. Оның ішінде маған ұнайтын сатушы бар. Мені көрген сайын Таня апай күлімсірей қарайды. Ол әр адаммен сыпайы сөйлеседі. Маған мінезінің сонысы ұнайды. Маған керегі бір литр сүт еді. Ол тоңазытқыштың төмен тұрған сөресінен алып беріп жатқанда, жанына қызы келді. Ол анасымен жеке сөйлеспекші екен, Таня апай ақшамды алды. Басқа сатып алушылардан кешірім сұрап, тысқары шығып кетті.
2-тапсырма. Үстеудің қай түрі бар? Теріп жаз.
3-тапсырма. Сурет бойынша диалог құрастыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет