Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»


Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, сурет бойынша диалаог құрастырыңдар



бет8/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

2. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, сурет бойынша диалаог құрастырыңдар.
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бурабайдың суы қандай?

  2. Не себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары орналасқан?

  3. Бұрабайдың табиғаты туралы қандай өлең, әңгімелер білесіңдер?


4. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.
91–сабақ

Аңшылар
1. Әңгімені түсініп оқыңдар. Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Аталы-балалы екі аңшы ауылға түс ауа қайтты. Қатты жел тұрып, аспандағы үйір-үйір бұлттар көше бастады. Ата мен бала бір шекпеннің астына тығылып алып, биені қамшылай түседі. Асыққанда ауыл жеткізе ме. Қаптың ішінде жалғыз бөлтірік қалтырайды.



  • Өлтіріп тастау керек. Бұл асырауға көнбейді.

  • Өлтіртпеймін! – деді Әмен арашаға шығып. - Өскен соң хайуанаттар бағына тапсырамын.

  • Қой, балам, тіл алсаңшы! - деді Бекет.

  • Жоқ, ата, ештеңе етпейді, өлтіртпеймін.

Әмен бөлтірекке қолын созып еді, тістерін ытситты.

(Зейнел-Ғаби Имантаев).

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер.
3. Әңгіме бойынша рөлге бөлініп, әңгімені тағы бір мәнерлеп оқыңдар.
4. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін аударыңдар.
Сильный ветер, ехали дедушка и внук, неьзя приручить, сдам в зоопарк, протянул руку.
92–Нәтиже сабақ

1. Тест сұрақтарына жауап беріңдер:
1. Сызбаны толықтырып, мысал келтіріңдер.
Етістіктің райлары


2. Сөздердің аудармасын табыңдар.

жарамсыз постоянно

үнемі непригодный

мәселе будущее

болашақ проблема

қазына непригодный


3. Қанатты сөздерді аяқтаңдар.

Жер- ......,

Су - .........,

Мал -.......


4. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.

Түбір + жұрнақ


5. Бурабай көлі Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

А. Қостанай

Ә. Көкшетау

Б. Өскемен


2. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Етістік туралы түсінік беріңдер.

  2. «Табиғатты қорғау – баршаның міндеті» деген тақырып бойынша әңгіме құраңдар.

  3. Табиғат туралы қанатты сөздерді жатқа айтыңдар.

93–сабақ

Қайталау
1. Сұхбат: тақтаға үш оқушы шақырылады. Біреу- сұрақ қояды, екіншісі жауап береді. Сынып та тыңдап, қиыншылық туса, көмектеседі.

1. Адамның дені сау болу үшін не керек?

2. Бүгін де жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?

3. Дүниежүзілік проблема қандай?

4. Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?
2. Етістікті қайталау.

Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.

Адам баласы табиғатты ... .

Біз бұлақтардың көзін ... .

Су мол болса, астық та ... .

Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... .

Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ... ..
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады.

3. Табиғатты қорғау дегеніміз – адамның өзін-өзі қорғау. (Шығармашылық топтың презентациясы)

Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:

I топ : Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?

II топ : Табиғат – тіршілік бесігі. Осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?


94–сабақ
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ашық райлы сөздерді табыңдар.
Менің мектебім

Мен №10 қазақ мектебінде оқимын. Біздің мектебіміз үлкен. Кабинеттері жаңа технологияларға сай жабдықталған. Кітап қоры да мол. Онда басқа да ұлттың балалары оқиды. Мектеп ұжымы өте тату. Мектеп облыс және республика аумағында танымал. Себебі мектепте өте мықты мұғалімдер жұмыс істейді. Ал оқушылар түрлі пән сайыстарында және ғылыми жұмыс жобаларында әрдайым жүлделі орындарға ие болады. Мен өз мектебіммен мақтанамын!


Cөздік:

жабдықтылған – оснащен

аумақ – окрестность

танымал – известен

ғылыми жоба – научный проект

жүлделі – призовые



2-тапсырма. Райлардың жасалу жолдарын есте сақтаңдар.


Етістіктің райлары-4

(наклонение глагола)

Ашық рай

(изъявительное)

Бұйрық рай

(повелительное)

Шартты рай

(условное)

Қалау рай

(желательное)

келер, осы, өткен шақтағы етістіктер

М: бардым, бармын, бара жатырмын



М: кел, бар, ойла

Түбір+са,се,-майынша, - мейінше

М: көрсе,

барса,

келмейінше





Түбір+ғы,гі. қы, кі +кел

М: барғым келеді,



көргім келді



3-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап, етістіктердің райларын ажыратыңдар.
Мектепке барсаң; барғымыз келеді; жақсы оқысам; жауап бергім келеді; мәнерлеп оқы; ән айттық; құттықтағым келеді; оқысаңыз; білсеңіз.

.






4-тапсырма. Үлгі бойынша етістіктерді барлық райда жазыңдар.

Үлгі: айту – айтасың – айт – айтсаң – айтқың келеді
Тұру, қарау, келу, күлу, жату, ойнау, жабу, тебу.
95сабақ

Сөздік:

меңгеру – усвоить

стендтер көмегімен – с помощью стендов

бекіту – закреплять

арнайы – специальные
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріңе сұрақтар қойыңдар.

Қазақ тілі кабинеті

Біздің мектебіміз жаңа технологияларға сай жабдықталған. Соның бірі – қазақ тілі кабинеті. Кабинетіміз үлкен әрі жарық. Қабырғаларда қазақ тілін тез және жетік меңгеруге көмек беретін арнайы стендтер бар. Осы стендер көмегімен балалар қайталау сабақтарын өткізіп, қазақ тілі курсы бойынша алған білімдерін бекітеді. Сонымен қатар бұл кабинетте оқушыларға арналған диктанттар мен мазмұндамалар жинағы бар.


2- тапсырма. Өз мектебіңдегі қазақ тілі кабинеті туралы әңгімелеп бер.
3-тапсырма. Сурет бойынша қазақ тілі кабинеті туралы әңгіме құраңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет