Тапсырмалар:
1. Сынып бес топка бөлінеді.
1 топ: «Қазақ елі» туралы жалпы ақпарат беруге даярланады.
2 топ: «Президент және халық» бедербейнесі туралы әңгімелейді.
3 топ: «Қаһармандық» жайлы әңгімелейді.
4 топ: «Жасампаздық» туралы әңгімелейді.
5 топ: «Болашақ» өмір жайлы әңгімелейді:
2. Мәтінді мұқият оқып, сөздікпен жұмыс жасаңдар. Жаңа сөздердің сөздігін құрыңдар.
3. Бедербейнені сипаттап беріңдер.
4. Көрші топтардың сөздігімен алмасып, жаңа сөздердің аудармасын көшіріңдер.
5. Бедербейненің атауларымен «Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша» ережесін қолданып, 4 сөйлем құрыңдар.
49–сабақ
Бәйтерек
Бәйтерек – Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Ол қаланың орталығында орналасқан. Қазақстанның Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр. Туындының жоғарғы жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналасқан. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Қазіргі кезде Бәйтерек Астананың рәмізіне айналды. Қалада өтетін түрлі шаралардың таңбалық бейнесі болып табылады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді мұқият оқып, сөздікпен жұмыс жасаңдар. Жаңа сөздердің сөздігін құрыңдар.
2. Сызба бойынша диалог құруға дайындалыңдар.
Бәйтерек
Бәйтерек – бұл...
орналасқан жері Астананың рәмізі
биіктігі
жұмыртқа бейнесіндегі шар
«Бәйтерек» сөзінде кездесетін әріптерге басталатын сын есім мен үстеуді жазыңдар. Олардың түрін анықтаңдар.
50–сабақ
Жартыжылдық бақылау жұмысы
Диктант
Астананың елтаңбасы
Төлтаңба негізіне жетілу, шексіздік пен мәңгілікті білдіретін шеңбер алынған. Екі символ – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру – оның орталық айшықтары. Осы көркемдік шешім қаланың белгісін де, елдің символын да Қазақстан дамуын да танытып тұр. Бәйтерек – дүниені құшағына сыйғызған алып ағаш. Ол дамып келе жатқан ғарыштың белгісі. Шаңырақ – отбасыңның әлеммен ортақтастығын білдіреді. Елтаңбаның бүкіл аумағы екі сақинадан тұрады, сондай-ақ оның да өзіндік бейнелі мәні бар.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп, сөз құрамына талдаңдар.
2. Мәтіндегі 2, 4, 6 сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты тауып, астын тиісті сызықпен белгілеңдер.
3. Мәтінге 4-5 сұрақ құрастырыңдар.
51–сабақ
Ханшатыр
«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы. 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Ол алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.
Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері – Норман Фостер .
Қазіргі таңда «Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар. Азия және Еуропа елдері тағамдарын ұнататындар осы жерден дәмді тамақтана алады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, таныс емес сөздер бойынша сөздік құрастырыңдар.
2. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.
3. Мәтіннен сан есімдерді теріп, түрлерін анықтаңдар.
4. Сен сәулетші болсаң, елордамызда қандай сәулет туындысын көтерер едің? Суретін салып, әңгімелеп бер.
52–сабақ
Астана туралы жырлар
Ақша бұлттар аспанында
Ақ ботадай ойнақтаған Астана.
Жүз түрленіп қас-қағымда,
Жан сырына бойлатпаған, жас қала.
Көшелері күнге ғашық,
Әрбір тасы ән салатын Астана.
Жырын толғап, биге басып,
Жер – жаһанды қарсы алатын бас қала.
Еркелеген Есіл ару,
Бұрымдары жарқылдаған жас қала.
Таңы – сұлу, кеші – дәру,
Ақ самалы аңқылдаған Астана.
1-тапсырма. Өлеңді оқып шығып, жаттап алыңдар. «Астана» тақырыбы бойынша өлеңдерден конкурс өткізіңдер.
2-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
3-тапсырма. Өлеңдерді пайдалана отырып, төмендегі сөздерді және сөз тіркестерін аударыңдар.
Молодой город, тучи, улицы, главный город, встречает, влюбленный.
53–сабақ
ПАРЛАМЕНТ ҮЙІ
1-тапсырма. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Астана қаласында зәулім сарай – Парламент үйі бар. Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Онда біздің елімізді басқаратын президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Ол халықтың тұрмысын, шаруашылығын қадағалап, елге жағдай жасайды. Ол кісіні сендер теледидардан жиі көріп жүрсіңдер.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
- Парламент үйі не үшін қажет?
- Ол қайда орналасқан?
- Онда кімдер қызмет атқарады?
3-тапсырма.
А) Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.
Зәулім, халық, президент, кісі.
Б) Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар.
Кең, кіші, таза, жаңа.
4-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін аударыңдар.
В центре города, высокий дворец, быт народа, видите по телевизору, часто видите.
54–сабақ
1-тапсырма. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
«Жастар» сарайы
«Жастар» сарайы – қала тұрғындарының сүйікті орны, атап айтқанда, ғимарат жергілікті сәулет өнері мен тарихының ескерткіші болып табылады. Бұл көрермендердің жалпы санын 1400 дейін жеткізу мүмкіндігі бар көрермен залы мен спорт залы сынды ірі кешендердің өзара байланыс және трансформация жүйесі жүзеге асырылған төрт қабатты ғимарат. 2001 жылы жасалған қайта жаңартудан кейін сыртқы келбеті қазіргі заманға сай материалдармен қапталды. Бұған қоса әдемі, мерекелік жалпы сыртқы көрінісі сақталғандай, құрылымдық шешімдері де сақталған. «Жастар» сарайы – қала тұрғындарының қоғамдық және ойын-сауық өмірінің тоғысатын жері. Қазіргі уақытта бұнда 1000 аса балалар мен жасөспірімдер және 100-ден аса еңбектеніп жатқан жастардың өкілдері шығармашылықпен айналысуда.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
- «Жастар сарайы» кімдердің сүйікті орны?
- Бұл көрермендердің жалпы санын нешеге дейін жеткізу мүмкін?
- «Жастар сарайы» туралы не білесің?
- Қазіргі уақытта бұнда неше балалар мен жасөспірімдердің өкілдері шығармашылықпен айналысуда?
3-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін аударыңдар.
Жители города, архитектура, зрительный зал, дети и подростки,заниматься творчеством, четырехэтажный.
4-тапсырма. Сурет бойынша диалог құрастырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |