Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет14/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

127сабақ

Сөздік:

соған қоса – наряду с этим

қалау – желание

жақында – недавно

белсене – активно

жүлделі орын – призовое место

ие болу – завоевать
1-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Бос уақытым
Біздің мектепте өте жақсы білім береді. Соған қоса мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Сабақ біткесін оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Қыздардың көбі «Табиғат достары» үйірмесіне жазылды. Бүгін олар өз қолдарымен аквариум жасады. Ал ұлдар футболға қатысады. Айжан мен Орал музыка үйірмесіне жазылды. Осы үйірме жақында ашылды. Біздің мектептегі өміріміз өте қызықты. Әрқайсымыз сабаққа да, үйірмелерге де белсене қатысып отырамыз.

Мен Асқар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Үйірме өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Асқар екеуміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.


III деңгей

1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің септіктерін белгілеңдер.

2. Қарамен жазылған сөздерді дұрыс аударыңдар.
II деңгей

1. Мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, олардың шақтарын анықтаңдар.

2. «Биік», «ақылды», «мықты», «күшті», «епті» деген сын есімдерді үш шырай түріне қойыңдар.
I деңгей

«Бос уақытыңды қалай өткізесің?» деген тақырыпқа әңгіме құраңдар.


2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерде бастауышты тауып, сұрақ қойыңдар.
1. Кішкентай палуан шымыр болды. 2. Отын жару, су әкелу баланы шымыр етіп өсіреді. 3. Жақсылықтың бойы аласа еді. 4. Кішкентай палуан жеңіске жетті. 5. Екі бала ортаға шықты. 6. Жақсылық классикалық күрестен Олимпиада жеңімпазы атанды.

3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.



128–сабақ

Сөздік:

жанын сала – от всей души

шынығасың – закаляться, треноваться

көңілің де сергек – хорошее самочувствие

жанкүйерміз – болельщики
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңдар.
Шынықсаң – шымыр боларсың
Аман футбол десе, ішкен асын жерге қоятынның нағыз өзі. Жанын сала ойнайды. Аман оқу мен жұмыста да сондай.

Дене шынықтыру мұғалімі Қайрат ағай балаларға:

- Спорт адамның денсаулығына қызмет етуі керек. Ойын ойнағанда кейбіреулері өздерін жанкүйерміз деп санайды. Ең дұрысы бес минут болса да, өзің ойна. Денсаулығыңа пайдалы. Шынығасың. Көңілің де сергек жүреді.

Отбасыңда таңертеңгілік жаттығу, сумен шынығу немесе басқа дене шынықтыру түрлерімен айналасыңдар.

Сонда, балалар, Аман сияқты шымыр боласыңдар, -деді.
2-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құраңдар.


  1. Айналасамын, мен, жүзумен.

  2. Барып тұр, алаңына, футбол.

  3. Келеді, екі, аптасына, ол, жаттығуға.

  4. Тырысамын, мен, күнде, жасауға, таңертең, жаттығу.


3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Спортпен шұғылданасың ба?

  2. Спорттың қай түріне жанкүйерсің?

  3. Спорт бізге не үшін керек?

  4. Қазіргі спорт туралы не білесіңдер?

4-тапсырма. Өлеңнен сын есімдерді теріп жазыңдар. Қай түрі екенін ажыратыңдар.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті-басы – ақ қарау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Өлеңді кім жазды? Өлең вторы туралы не білесіңдер?
5-тапсырма. Сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғаңдар және орыс тіліне аударыңдар.

-ты/-ті, -ды/-ді, -лы/-лі


бас, дала, сәт, көл, түс, дене, сақал, мұрт, бала, дәм, тұз.
6-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
Қажымұқан күшті адам болған. Ол Парижде сахнаға түйені мойынына салып көтерген. Арбаны тісімен сүйреткен. Ол ұшақ сатып алып, ұшақпен соғыс кезінде көп ерлік жасады.
129сабақ

Сөздік:

ән-күй үйірмесі – кружок художественной самодеятельности

күлдіргі – юмористический

қол шапалақтады – аплодирвали

үйірме мүшелері – члены кружка
1 – тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңдар.
Ән-күй үйірмесі
Біздің мектепте ән-күй үйірмесі бар. Бұл үйірмеге әнші балалар, биші қыздар қатысады. Үйірмені ән-күй пәннің сабақтарын өткізетін мұғалім басқарады. Ол біздің өнерлі Мариям апайымыз.

Кеше сабақтан соң мерекеге әзірлену туралы мәжіліс залында жиналыс болды. Мереке біздің аяулы аналарымызға арналған еді. Жиналыстан соң үйірме мүшілері үлкен мерекелік концерт қойды. Концертте биші қыздар, әнші оқушылар өнерлерін көрсетті.

Домбырашы Рахима «Кеңес күйін» орындады. Зағипа күлдіргі тақпақтар айтты. Концертке келген оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар қол шапалақтап үйірме мүшелеріне өте риза болды.
2- тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестердер және сөйлем құраңдар.

атаймыз


а) мереке күнін

тойлаймыз


ә) анама

қарындасыма

сіңліме сыйлық сыйлаймын

құрбыма


ұстазыма
б) құт

денсаулық

байлық тілеймін

жақсылық


бақыт

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңдар. Осы сын есімдердің шырай түрлерімен 4-5 сөйлем құраңдар.
короткий – короче – самый короткий

дорогой – дороже – самый дорогой

белый – белее – самый белый

ровный – ровнее – самый ровный

горячий – горячее – самый горячий

легкий – легче – самый легкий

красный – краснее – самый красный

плохой – хуже – самый плохой


4-тапсырма. «Ән-күй сабағында» деген тақырыпқа сын есімдерді пайдаланып, диалог құрастырыңдар.

130сабақ

Сөздік:

жүзу, малту – плавание

шуғылдану – заниматься

қауіпті – опасный

пайдалы түрі – полезный

епті – ловкий



1-тапсырма. Мәтінді оқып, мектептегі спорт үйірмелері туралы әңгімелеп беріңдер.

Спорт үйірмелері
Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Олардың ішінде ең көбі – спорт үйірмелері. Олар: «Жас балуан», «Шахматшылар», «Футболшылар». Мен бәрінен бұрын малтуды ұнатамын. Бұл спорттың өте пайдалы түрі, сондықтан мен осы спорт түрінің үйірмесіне барып жүрмін. Малтумен шұғылданғаннан бері ауырғанды қойдым. Маған ешбір салқын тию қауіпті емес.

Сонымен бірге малту өте рахат. Су бойыңды сергітеді, жеңілдетеді, тіпті көңіл-күйіңді көтереді. Өзіңді әрі мықты, әрі епті сезінесің.

Спорттың осы түрін меңгерсең, мықты және сау боласың.
2-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей

1. Мәтіннен сын есімдерді теріп алыңдар.

2. Осы сын есімдерді сөз құрамына қарай талдап, сөйлем құраңдар.
II деңгей

1. Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Осы сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

2. Мәтінге 5-6 сұрақ қойыңдар.
I деңгей

Мектептеріңдегі спорт үйірмелері туралы әңгіме құраңдар.


3-тапсырма. Сөздерге II жақтағы жіктік жалғауын жалғап, сөйлем құрастырыңдар.
Шымыр, мықты, палуан,сау, жеңімпаз,күшті.
4-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.




131–сабақ

Сөздік:

майдай қоңыр – мелодичный

құлаққа жағымды – приятно слушать

мұң – печаль

екі ішекті – двухструнный
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сын есімдердің түрлерін анықтаңдар.
Домбыра үйірмесі
Мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне барып жүрмін. Домбыра тарту – үлкен өнер. Домбыра – екі ішекті аспап. Мен осы аспапты тартуды үйренгім келеді. Домбыраның дауысы майда қоңыр, құлаққа жағымды. Бұл қарапайым аспаппен әр түрлі шығармаларды орындауға болады. Үміт апай өте өнерлі адам, сондықтан ол домбраны тартуға жақсы үйретеді. Домбыра тілі барлық халықтарға ортақ. Ол құанышты да, мұңды да білдіреді. Ол барлық адамға түсінікті. Кейде мен қоңыр дауысымен ән саламын. Мен дарынды домбырашы болғым келеді.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Домбыра тарту қандай өнер?

2. Бұл қарапайым аспаппен нелерді орындауға болады?

3. Домбыра тілі нені білдіреді?

4. Домбыра неше ішекті музыкалық аспабы ?

5. Домбырадан басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?


3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Домбыраның үні, ғасырлар бойы, күйшілер, ерлігін жырлайтын, күй шығарды, біздің заманға жетеді, атақты күйшілер.
4-тапсырма. Сапалық және қатыстық сын есімдерді пайдалана отырып, сурет бойынша шағын әңгіме құраңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет