Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет2/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

9-сабақ

Сөздік:

Ізетті - вежливый

Елгезек - чуткий

Оқу озаты - отличник

Мақтан етеді - гордятся

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.

Ізетті бала

Нұрсұлтан 6-сыныпта оқиды. Ол мектепте – оқу озаты. Мектеп үйірмелеріне белсенді қатысады. Үлкен адамдарға елгезек. Оны мұғалімдер де, балалар да сыйлайды, қадірлейді. Үнемі достарына көмектеседі. Бос уақытында кітап оқуды жақсы көреді. Босқа жүруді білмейді. Демалыс күні ата-әжесіне көмектесуге барады. Онда ол атасымен бірге бақшада жұмыс істейді. Бақшада өзі отырғызған ағашы бар. Ата-анасы да онымен мақтан етеді. Нұрсұлтан өте ізетті, әдепті бала. Достықты ешқашан сатпайды.



2-тапсырма. Мәтіннен үстеуді тауып, түрлерін аңықтаңдар.

3-тапсырма. Үстеулерді жаттап алыңдар.


Үстеу

мақсат

себеп

мөлшер

күшейткіш

Босқа

Текке


Сонша

Онша


Аса

Ең


Әдейі

Жорта



10-сабақ

Сөздік:

Ерекше - особое

Тыңдайды - слушают

Шөп шабады - косит сено

Күтуге - ухаживать

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, зат есімді сөздерді табыңдар.

Менің атам мен әжем

Қазақ отбасында ата мен әженің орны ерекше. Оларды бәрі тыңдайды. Мен атаммен бірге шөп шабамын. Шөпті сиырға, қойға өзім апарып беремін. Атам маған малдарды қалай күту керек екенін үйретеді.

Ал әжем үйде бауырсақ пісіреді. Әжемнің бауырсағы өте дәмді болады. Үшеуіміз бауырсақпен шай ішеміз. Мен атам мен әжемді құрметтеймін.

2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Отбасы мүшелерінің атауын тап.

а) әке, шеше, ата, апа;

в) табиғат, орман, өзен;

с) дүкен, асхана, шаштараз;

д) мектеп, тақта, кітап.

2. Дұрыс аудармасын тап: «Я люблю свою бабушку»

а) Мен әжемді сыйлаймын;

в) Мен әжемді сүйемін;

с) Мен әжемді құрметтеймін;

д) Мен әжемді күтемін.

3. Жатыс септіктің жалғауы бар сөздерді көрсет.

а) отбасында, әжесінде;

в) отбасым, әжем;

с) отбасың, әжең;

д) отбасынан, әжесінен.

4. Дұрыс жауабын тап: Менің әкем ... жұмыс істейді:

а) сатушы;

в) зауытта;

с) аспаз;

д) мұғалім.

5.Тәуелдік жалғау нені білдіреді?

а) заттың көп екенін;

в) заттың біреуге тән екенін;

с) жіктелуін;

д) септелуін.

6.Тәуелдік жалғауларды белгіле:

а) -ның, -нің, -дың, -та, -те, -ба;

в) -м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і;

с) - лар, -лер, - дар, -дер, -тар, -тер;

д) –ға, -ге, -қа, -ке.

11-сабақ

Сөздік:

Үй - дом


Отбасы - семья

Біздің - наш(а)

Сіңлім - младшая сестра

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

Менің отбасым

Менің атым – Мадина. Біздің отбасымызда алты адам бар. Менің атам, әжем, шешем, әкем, бір сіңлім бар. Менің атам мен әжем бөлек тұрады. Әкем қырықта. Шешем отыз жетіде. Әқемнің аты Кәрім. Шешемнің есімі Айгүл. Сіңлімнің есімі – Маржан. Маржан сегізде, ол екінші сыныпта оқиды.



2-тапсырма. «Әкем», «отбасы» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

Үндестік заңы

Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысала: ата, әже, әке.

Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жуан қосымша жалғанады. Мысалы: ата-лар, ба-ла-лар.

Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.

...к ...г(-і) шелек – шелегі

...п +дауысты...б(-і //- ы) сынып – сыныбы

...қ ...ғ(-ы) парақ – .............

12-сабақ

Сөздік:

Аялдама - остановка

Көп ұзамай - вскоре

Бос - свободно

Ұсыну - предложить

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар қойыңдар.

Көшеде

Біз автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай автобус келіп тоқтады. Екі есігі бірден ашылды. Алдыңғы есіктен анам екеуіміз ішке кірдік.

- Мұнда отырыңыз, -деп, менен гөрі үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

- Рақмет, балалар, - деді анам отырып жатып.

- Ана, рақметті не үшін айттыңыз.

- Кішіпейілдігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған да рахмет айтатын болады.



2-тапсырма. Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңдар



3-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

Автобус, келдік, аялдамаға, тоқтайтын, біз.

Есігі ашылды, екі, бірден.

Есіктен, анам, ішке, кірдік, екеуіміз.



4-тапсырма. «Ана», «немере» деген сөздерді тәуелде.

5-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз.

Әке, іні, айна, Айша, екі, ұнату, ана.



13-сабақ

Сөздік:

Жағажай - пляж

күнге қыздырыну - загорать

құм - песок

түгел - все

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.

Жазғы демалыста

Демалыс та келді. Енді біз жаз бойы жайлауда демаламыз. Атқа мінеміз, балық аулаймыз. Жайлауда атам мен әжем тұрады. Олар бізді асыға күтеді. Тыныш дала, жайқалған шөп, жайылған мал. Жаздай атам мен әжемге көмектесеміз.



2-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.

1. Жазда, болады, ауылда, жақсы, демалуға.

2.Табиғат, жаздыгүні, тамаша, ауылда.

3. Жаз, биыл, ауылда, демалдым, бойы.



4. Бурабайға, барамыз, демалуға, жазда

3-тапсырма. Жазда қалай дем алатындарың туралы айтыңдар.



14-сабақ

Сөздік:

Демалыс – отдых, выходной

Жыл сайын – каждый год

Жаяу – пешком

Биыл – в этом году

Ұнатамын – нравится

Рақаттанамыз – наслаждаться

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.

Отбасымның демалысы

Біз жыл сайын жазда Бурабайға демалуға барамыз. Ол жердің табиғаты тамаша. Бурабайда атам екеуіміз жаяу көп жүреміз, таза ауада рақаттанамыз. Мұнда тиіндер көп. Олар қарағайдың басына ұя жасайды. Кеше үш тоқылдақ көрдік. Біз оларға нанның ұнтағын бердік. Биыл біз өзенде көп шомылдық, күнге күйдік. Мен атам мен әжеммен демалуға барғанды ұнатамын.



2-тапсырма. Тест.

1. Қажетті сөзді табыңдар. Отбасымыз ....демалуға барды.

а) Мектепке

в) Бурабайға

с) Жаз бойы



2. Буынға дұрыс бөлінген сөздерді аңықтаңдар

а) Де-ма-лыс

в) От-бас-ы

с) шом-ылд-ық



3.Тәуелденген сөзді анықтаңдар

а) атамын

в) әжем

с) балалар



4.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді тап.

а) отбасында

в) дәптерлер

с) адамдармен



5. Мақал-мәтелді дұрыс жалғастыр.Әке балаға...... .

а) құрдас

в) сыншы

с) туыс



3-тапсырма. Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңдар



15-сабақ

Сөздік:

бойы ұзын – высокого роста

қысқа – короткий

қыр мұрынды – с тонким прямым носом

айналысады – занимается
Менің досым
Менің екі жақсы досым бар. Олардың есімдері – Берік және Арман. Олар он үш жаста. Үшеуіміз де бір сыныпта оқимыз. Беріктің бойы ұзын, шашы қара, қыр мұрынды. Арманның бойы орташа, шашы сары. Мінездері жұмсақ, мейірімді. Берік спортпен айналысады. Арман музыка мектебіне барады.

Олар бос уақыттарында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды.

Арман мен Берік екеуі шахмат ойнауды да жақсы көреді.
1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап бер.
1. Берік пен Арман неше жаста?

2. Оның бойы, шашы қандай?

3. Берік пен Арман немен айналысады?

4. Олар бос уақыттарында не істейді?


2- тапсырма. Берілген үлгі бойынша өз досыңды суреттеп жаз.
Менің досым.....жаста. Ол .........сыныпта оқиды. Оның аты – ....... . Оның бойы ..... , мұрны ..... , шашы ...... . Оның отбасында ...... адам бар. Олар: ......, ......, ....... . Ол ....... жақсы көреді. Бос уақытында ........ . Біз жақсы ......... .
3-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңдар.
тапал инабатты
Не? аласа Кім? әдепті
қысқа ізетті
16-сабақ

Сөздік:
Айырылмас – неразлучные

Ұлты – национальность

Үйірме – кружок
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Екі дос

Бек пен Олег – айырылмас дос. Бектің ұлты – қазақ. Бек орыс тілін жақсы біледі. Орыс тілінде газет, журнал оқиды. Олегтің ұлты – орыс. Ол қазақ тілін үйреніп жүр. Олег қазақ әндерін жақсы көреді. Бек пен Олег домбыра үйірмесіне барады. Олар демалыс күндері қазақ драма театрына, спорт кешеніне барады.


2-тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңдар.

- Сенің досың бар ма?

- Иә, менің досым бар.

- Оның аты кім?

- Оның аты – Марат.

- Оның ұлты қандай?

- ...............................

- .................................

- ................................


Есіңе сақта!

Қимыл-сын үстеу қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді.


Сұрақтары: қалай?, қайтіп?, қалайша?
3-тапсырма. Мәтіннен сын қимыл үстеулерді теріп жаз, астын сыз.
Екі дос көше бойымен жылдам әңгімелесіп келе жатты. Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура арттарынан шыға келді. Абылай жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды.

Ашулы ит Абыздың шалбарынан бір рет жұлқылап та үлгерді. Абылай келіп, Абызды құтқарып алды.
17-сабақ

Сөздік:

В одной школе – бір мектепте

отличник учебы – оқу озаты

готовим – дайындаймыз

занимается – шұғылданады

в выходные дни – демалыс күндері

кружок – үйірме
1-тапсырма. Мәтінді аудар.



Менің достарым

У меня много друзей. Мы дружим с детского сада. Они учатся со мной в одной школе. Моих друзей зовут – Руслан, Антон, Ильдар. Мы все отличники учебы. Мы вместе готовим уроки, ходим в библиотеку, занимаемся спортом, посещаем кружки. В выходные дни мы ездим в горы. Мы очень дружные.

2-тапсырма. Дәптерге кестені толтыр.
Менің достарым

Достарымның аты










Жасы










Ұлты










Оқитын мектебі










Сыныбы










Отбасы










Ермегі











Есіңе сақта!

Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөздің мағынасы бар. Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.
3-тапсырма. Берілген көп мағыналы сөздерден сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Күн, ай, қара, бас, жаз, мақта, ара, сыр.

18-сабақ

Сөздік:

Сыпайы - вежливый

Шапшаң - быстрый

Салмақты - уровновешенный

Мейірімді - добрая

Жұмсақ - мягкий


1- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар.
Досымның мінезі
Менің досымның аты-жөні Асқарова Аружан. Оның мінезі салмақты, ашық, бірақ кейбір кезде шапшаң болады. Ол өте шыдамды. Аружан үлкен адамдардың жолын кеспейді, автобуста үлкендерге орын береді. Ол өте сыпайы және мейірімді, аңқылдақ, жұмсақ.
2-тапсырма.

1. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.

2. Мәтін бойынша диалог құрастыр.

3. Өз досыңның мінезі туралы жаз.


3-тапсырма. Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндір.
Шын дос басыңа қиындық түскенде қасыңнан табылар.
4-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есімдерді теріп жаз.Олар қай сөз табынан жасалғанын анықта.
Есіңе сақта!

Қатыстық сын есім дегеніміз басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.

Мысалы: бой-шаң адам, өнер-лі бала, ас- палы шам, аш-ық есік.

19-сабақ

Сөздік:

Көмектеседі - помогает

Балабақша - детский сад

Кішіпейіл - скромный


1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.
Досымның отбасы
Менің досым......жаста. Ол ............сыныпта оқиды. Оның аты.......... Досымның отбасында ........ адам бар. Олар: ......., ........., ...... . Ол ......... жақсы көреді. Әкесі ......... жаста, анасы ........ жаста, інісі ….. жаста. Досым ата-анасына ……… . Кішкентай інісін ………… апарады. Өзі ………, үлкендерді ……… . Олар өте ....... .
2- тапсырма. Бірінші тапсырмадағыдай етіп досыңның отбасы туралы жаз.
3- тапсырма. Сыңарын тауып, сөз біркесін жаса да, дәптеріңе жаз.
менің тату

досымның жақсы көреді

отбасың досым

өте отбасы


4- тапсырма. Берілген антоним мен синонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Дос - жолдас

Жазылу – ауыру


20-сабақ
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.
Сыныптағы достарым
Мен...ң атым – Әйгерім. Мен алт..нш... сыныпта оқимын. Мен..ң достарым бар. Олар: Жансая, Настя, Рүстем. Біз өте тат..мыз. Мект..пте үй ж..мысын бірге орын..даймыз. Демалыс күні б..з саябаққа барамыз. Б..з серуендейм..з, түрлі ой...ндар ойнаймыз. Демалысты қыз..қты өткіземіз.


2- тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, жаттап ал.
Достық

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.
3-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін табыңдар.
Жолдас- ...... , жолдастық - ...., уақыт - ..... , ат- ..... , қадірлеу - ...... , туу .... .
4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аударып, мағынасын түсіндір.


  • Күлме досыңа, келер басыңа.




  • Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты.


  • Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.



21-Нәтиже сабақ

1- тапсырма. Тест тапсырмаларын орында.
1. Туынды сын есімді тап.

а) әдемі


ә) мейірімді

б) қала


в) зәулім

2. Дос сөзінің синонимін тап.

а) Әулет


ә) жанұя

б) жолдас

в) мейірімді

3. Негізгі сын есімді белгіле.

а) адам


ә) мейірімді

б) жақсы

в) әдеп
2- тапсырма. Сөздерді аударыңдар.
отбасы - Елгезек -

тату - мінезі -

мейірімді - қадір-қасиет -

сыпайы - әдепті -

шапшаң - мақтан етеді-

Достық - мінезі жұмсақ -

Жолдас - оқу озаты -

Ізетті - қадір тұту -


3- тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.


  1. 2 3 4 5 6 7 8 9

Кішіпейіл, әрі, басқаларға, мінезі, ұнайды, достықты, мен, тұратын, әрі,

10 11 12


екеуінің, қадір, ісі.
4- тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Сенің досың бар ма? Ол неше жаста?

2. «Менің досым» деген тақырыпқа әңгіме құрастыр.

3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы деген не? Мысалдар келтір.

4. Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесің? Айтып бер.



22-сабақ

Сөздік:

Шаһар – қала

Тынымсыз – беспокойный

Ары – бері – туда-сюда

Қомпайтып қайту – возвратиться полным грузом

Сабылту – вынуждать



ДҮКЕН

Біздің қаланың жәрмеңкесі

Мен үлкен қаланың орталығында тұрамын. Таң атысымен шаһарымызда тынымсыз тіршілік басталады. Көшеде адамдар ары-бері жүре бастайды. Біреуі жұмысқа, біреуі үйіне, біреуі мектепке, балабақшаға асығып бара жатады. Менің үйімнің жанында қаланың ірі жәрмеңкесі орналасқан.



Бозала таңнан базарға емес, жәрмеңкеге ағылған қала тұрғындары түске дейін-ақ азық-түлікпен қоржындарын қомпайтып қайтады. Бұл жәрмеңкеде 2000 келі жылқы еті, 3300 келі сиыр еті, 900 келі қой еті саудаға шығарылады. Жәрмеңкеге кірген бойда, ішке кірместен еттің түр-түрі қаз-қатар орналасқан. Өйткені ауылдан арнайы әкелетіні ет пен сүт өнімдері екен. Сыртта көбіне сүт өнімдерінің сатушылары тізіліп тұрады.
1-тапсырма. Мәтіңді мәнерлеп оқып, мекен үстеуін тап. Сұрақ қой.

2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр, өз қалаңның жәрмеңкесі туралы айтып бер.

Каталог: uploads -> doc -> 098c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098c -> Сабақ Жеңіл атлетика Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет