Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет12/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

119сабақ
Сөздік:

нақты – настоящий

қарапайым – простой

бекер айтпаған – не зря сказано

мақтаныш ету – гордиться

ерекше – особенный

кеңесші – советчик
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңдар.
Менің сүйікті тақырыбым

Біз қазақ тілі сабағында әр түрлі тақырыптарды өтеміз. Біздің мұғалім

сабақты нақты қарапайым сөздермен түсіндіреді.

Мен лексикалық тақырыптар бойынша сабақтарды жақсы көремін, диалог, монолог құруды ұнатамын.

Өткен аптада біз «Менің отбасым» деген тақырыппен таныстық. Маған бұл тақырып ұнады, өйткені ең жақын адамдарың бұл сенің отбасың. Мен анамды, әкемді құрметтеймін, сыйлаймын. Әжем мен атам бізде өте ерекше адамдар, мен оларды мақтаныш етемін. Олар менің ең бірінші кеңесшілерім, ақылшыларым.

«Отбасыңда нені көрсең, соны өмірге аласың» - деп, халық бекер айтпаған.


2-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.


  • Саған экология пәні ұнай ма?

  • Иә, маған бұл пән өте ұнайды.

  • Қандай тақырыптар қатты ұнайды?

  • Дүйсенбі күні біз «Экология және біз» деген тақырыпты өттік, керемет сабақ болды. Мен бұрын экология мен адам байланысты дегенді түсінбейтінмін.

  • Ал енді ше?

  • Осындай сабақтардан кейін бір ойға келдім. Адам қоршаған ортаны әрқашанда қорғауы керек. Ол табиғат алдында жауапты болу керек.



3-тапсырма. Грамматикалық түсініктеме.
Көсемше (сұрақтары: қайтіп? не істеп? не істегелі?)


өткен шақ

осы шақ

келер шақ

- ып

- іп


-п
бар-ып

  • а

  • е

  • й

күле береді



  • ғалы

  • гелі

  • қалы

  • келі

бар-ғалы


4-тапсырма. Берілген етістіктерден көсемше жасап, үш шаққа қойыңдар. Осы көсемшелермен сөйлем құраңдар.
Үлгі: бару – барып – бара жатыр – барғалы.
Келу, сұрау, тұру, күту, таныту, бейнелеу, болу, туу.
120–сабақ

Сөздік:

есту – слушать

парызды – обязан

аяулы – заботливая

мәңгілік – вечный

ұмытылмайды – не забудется


1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі идеясын белгілеңдер.
Менің сүйікті әнім

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», - деп басталатын ән. Бұл әнді бірнеше рет радиодан, теледидардан кішкентай кезімнен еститінмін. Әнін жазған белгілі халық композиторы. Бұл ән өте маңызды. Сөздері әр адамға жақын, өйткені бұл ана туралы ән. Әр адам өз анасының алдында парызды. Ана – бұл өмір, ана – ең аяулы, қымбатты жан. Бұл ән әлемдегі барлық аналарға арналған. Бұл мәңгілік ән, ешқашан ұмытылмайтын ән.


2-тапсырма. Сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударып, олармен сөйлем құраңдар.
Великолепная песня, значимые слова, особая песня, нардный композитор, вечно в долгу, советоваться, милая, дорогая,никогда, слушать, мир.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ қойып жазыңдар.



  1. Мен ертең киноға бар... отырмын.

  2. Мен саған кел... едім, сен кет... қалыпсың.

  3. Шешемнің уақыты болма... жатыр.

  4. Асан сабаққа дайындалма... келді.



4-тапсырма. Берілген етістіктерден көсемше жасаңдар.


Етістік

осы шақ

келер шақ

өткен шақ

келу

оқу


ақылдасу

көру


бару











5-тапсырма. Диалогті оқып, жалғастырыңдар.


  • Азат, сенің өміріңде әндер қандай рөл атқарады?

  • Менің өмірімде ән тәрбиелік рөл атқарады.

  • Сен қандай әндерді ұнатасың?



6-тапсырма. Жалаң және жайылма сөйлемдерді белгілеңдер.


  1. Әжесі тәрбиеледі.

  2. Абай көп шығармалар жазды.

  3. Астанада әдемі тұрғын үйлер бой көтерді.

  4. Көктем келді.


121сабақ

Сөздік:

ұлы – великий ерекше - особый

ұлыс – народ теңелу - равноденствие

балуан – борец береке - благо


1-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар
Наурыз мейрамы

Мерекелер өте көп. Бірақ менің ең жақсы көретін мейрамым – Наурыз. Наурыз мерекесі наурыз айының жиырма екісінде болады. Осы тойды тойлаудың дәстүрі бар. Қазақ халқы наурыз мейрамына ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіреді, ойын-сауық өткізеді.

Бұл мереке қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Қар ериді, көк шығады, күн мен түн теңеледі. Жаңа жылды адамдар қуанышпен қарсы алады.

Жаңа жыл күні әр үйде қазан-қазан көже пісіріледі. Бұл – көже ішу, келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып аққа (сүтке) көшу.

Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», « Ұлыс бақытты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды.

Наурыз – халықтық мейрам.


III деңгей


  1. Мәтіннен тілектерді теріп жазыңдар. Етістіктердің қандай райда тұрғанын анықтаңдар.

  2. Мына сұраққа жауап беріңдер.

Наурыз күнін халық қалай қарсы алады?



II деңгей


  1. Үлгі бойынша етістіктерді теріп жазып, көсемше түрін жасаңдар.


Үлгі: болады – болып – болғалы; өткізеді - өткізіп - өткізгелі.


  1. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын сол жоспар арқылы айтып беріңдер.


I деңгей

Сендердің тұратын жерлеріңде Наурыз мейрамы қалай тойланатынын айтып беріңдер.



2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, көшіріп жазыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрап, өзара сөйлесіңдер.
Наурыз көже

Наурыз көже су мен тұздан басқа кемінде жет... түрлі азықты (бидай, тары, қ...рт, ет, с...т, күр...ш, май) пайдалану арқылы піс...ріледі. Бұл асқа соғымнан әдейі сақталған м...шелер (жамбас, қаз...), айран немесе құрт қосылады. Наурыз к...жеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кіс... сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. К...же ішіп болған соң, үлкендер ақ т...лек айтып, бата берген.



122сабақ

Сөздік:

жаяу – пешком

оқырман – читатель

мәжіліс – заседание

гүлзар – клумба

мектеп бітіруші – выпускник


1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді оқыңдар. Мәтінді негізге ала отырып, өз мектебің туралы әңгімелеңдер.
Сүйікті мектебім
Менің атым – Мәншүк. Мен № 34 ... 6-сыныпта оқимын. Мектебім Сәтбаев ... орналасқан. Мектеп директоры – Исатай ағай. Сынып ... – Айгүл апай. Айгүл апай бізге қазақ ... сабақ береді. Апай сабақты қызықты, ... өткізеді. Үйім мектептен алыс емес. Мектепке жаяу барамын. Мектебім жаңадан салынған, үш ... . Мектеп іші кең, жарық және таза.

Кабинеттеріміз қазіргі ... сай жабдықтылған. Бірінші ... екі спортзал бар. Кітапханада үлкен ... залы бар. Асханамыз кең ... таза. Екінші қабатта үлкен ... залы бар. Мектеп алдындағы ... гүлдер өсіп тұр. Жас ағаштарды мектеп ... отырғызған. Аулада спорт ...түрлі ойындары өткізіледі.


Керекті сөздер: бітірушілер, мәжіліс, тілінен, гүлзарларда, алаңында, және, талапқа, қабатты, жетекшіміз, мектепке, тартымды, көшесінде, қабатта.
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Мектеп – ана
Тәлім алған осында атамыз да, Бал араша тынбаймыз,

Әжеміз де, анамыз да, әкеміз де. Білім балын жинаймыз.

Құшағына түлегін шақырды ана,- Мектеп – ана, өзіңе біз

Енді біз де – үлгілі шәкірт бала. Бестіктерді сыйлаймыз


3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, көсемшелерді теріп жазыңдар.
Жаңа типті қазақ мектебі
Қазақтың тұңғыш тамаша педагогы, демократ-ғалымы, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин Торғай даласындағы ауылдарды аралап, мектеп ашуға қаражат жинады.

1863 жылдың аяғында Ыбырай жобалаған мектептің құрылысы аяқталды.



Ы. Алтынсарин қазақ арасында тұңғыш рет мектеп ашып, мектепті сол кездегі орыстың озық педагогикасы тұрғысынан құрды. Ыбырай жаңа типті қазақ мектебін ашты. Ол қажымастан еңбек етіп, үлкен табысқа жетті. Ы. Алтынсарин қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған мектептің негізін салушылардың бірі болды.
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерден көсемшелерді теріп алыңдар.
1. Мен сені көргелі келдім. 2. Бұл мектеп ашылғалы екі жыл болды. 3. Сабақ басталғалы жиырма минут болды. 4. Мұғалім шаршап кетті. 5. Біз киініп мектепке кеттік. 6. Оқушы асыға сөйледі. 7. Сабағыңды оқымай далаға шықпайсың! 8. Тамақ ішпей мектепке кетті.
123–сабақ

Сөздік:

сүйікті ермегім – любимое занятие

жөке – липа

шабыт – вдохновение

қиял-ғажайып – волшебный мир


Каталог: uploads -> doc -> 098c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098c -> Сабақ Жеңіл атлетика Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет