Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет23/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58

      2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

325-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу



      Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу –

      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау



      1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау –

      лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндірумен ұштасқан, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер –

      экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы –

      экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.

      Ескертпе. Егер экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушыға бірнеше өндірістік объектіге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша жойылады.

327-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтардың орналастырылуы туралы хабарламау



      Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды авариялық әсер етулерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпаратты хабарлау –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

328-бап. Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы



      Жобалау құжаттамасында және (немесе) экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне эмиссиялардың асырылған көлемi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға төленетін мөлшерлеменің бiр мың пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      329-бап 01.01.2018 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 08.04.2016 № 235-V Заңымен.
       

329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету



      Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету – қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 329-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       

330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы



      Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы – аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 330-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       

331-бап. Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау



      Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

332-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттiтүрде жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау



      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде жүргізу туралы заңнама талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару



      1. Шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      қызметтi тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану



      1. Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы –

      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

335-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы бұзу



      1. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалануға қабылдау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалану -

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау



      Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

337-бап. Жердi бүлдiру



      1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау



      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы



      1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:

      1) жерді нысаналы мақсатта пайдаланбаудан;

      2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау



      Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру



      Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту –

      жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау



      Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар



      Мыналарға:

      1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;

      2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;

      3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;

      4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;

      5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;

      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;

      7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;

      8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;

      9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;

      10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;

      11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;

      12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 21-тарау 342-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу



      1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:

      геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;

      штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

344-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу



      Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу



      1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 21-тарау 344-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының міндеттерін және функцияларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы



      Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының түскен ақшаны уақтылы немесе тиісінше бөлмеуі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының бірінші басшысына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 21-тарау 344-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

345-бап. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу



      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

346-бап. Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының көрсеткіштерін сақтамау



      Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау шешімдерін сақтамау –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

347-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу



      1. Жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу, егер бұл іс-әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

348-бап. Пайдалы қазбалардың қорларына мемлекеттік сараптама жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу



      Пайдалы қазбалардың қорларына мемлекеттік сараптама жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

349-бап. Минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудi есепке алу бойынша бастапқы және мемлекеттiк есептілікті бұрмалау



      Минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудi есепке алу бойынша бастапқы және мемлекеттiк есептілікті бұрмалау –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

350-бап. Кен орындарын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бірге жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын анық есепке алуды қамтамасыз етпеу



      Кен орындарын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бірге жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын анық есепке алуды қамтамасыз етпеу –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

351-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет