«Экономика» ұғымы


Орталықтандырылған келісім моделін



бет13/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Орталықтандырылған келісім моделін ұстаған Швеция экономика дамуының келесі басылымдықтарын көздеді:

  • кейнсиан рухындағы конъюктуралы саясат. Оның маңызды құралы инвестицияға арнайы салық салу болды.

  • жалақы мен қосымша табыстардың (ұлттық және салалық аспектілерді қосқанда) еңбек өнімділігі деңгейі мен капиталға тәуелділігін шамалаған құрылымдық саясаттың әлеуметтік-бағыттық сипаты; әлеуметтік жоспарлау жүйесінің үйлесімді жұмыс істеу мен жалпы еңбек конвенциясына негізделген кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақтар арасындағы келісім; кең ауқымды әлеуметтік шараларды жүзеге асыру.

  • құрылымдық саясаттағы белсенді мемлекеттік реттеу монополиялардың жұмысына қатаң шектеу қоюға, экспортты қолдау және бәкелестік рухына қолдау көрсетуге бағытталды.

Нидерландыда орталықтандырылған келісім үлгісін жүзеге асыру басқаша жүрді. Ерекшелігі – соғыстан кейінгі алғашқы жылдары құрылымдық саясат жалақының төменгі деңгейіне бағытталды. Алайда мұндай саясат қоғамның әртүрлі әлеуметтік жақтарының келісіміне және үкімет бақылауымен ұжымдық еңбек келісімдерін бекітуге негізделді.
Австрия мен Бельгияда жоспарлау саласында және басқа салаларда жұмысшыларға белгіленген табыстарды анықтау мақсатында бақылауды күшейте отырып, басымдылық алған орталықтандырылған келісім үлгісі жүзеге асты. Әртүрлі әлеуметтік жақтардың келісіміне байланысты туындайтын шиеленістерді жоюға апаратын, табысы үнемі өсіп отыратын жүйе жұмысшылардың көңілінен шықты. Олардың болмауы іскер кәсіпкерлерге өздерінің қаржы салымдық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Үкімет, оны да мұны да пайдалана отырып, инфляция қаупін жою үшін жағдай жасап отырды. Әлеуметтік әлем, тұтастай алғанда, қоғамның гүлденуін қамтамасыз етті.
Мемлекеттің реттеушілік рөлі мен міндеттеріне байланысты дамыған елдердегі аралас экономиканың бірнеше үлгілерін бөліп көрсетуге болады:
Либералды (америкалық) модель. Оған жекеменшіктің рөлінің басымдылығы тән. Үкімет тарапынан заңдар, салықтық және ақша-несие саясаты экономиканы арқылы реттеп отырады.
Әлеуметтік-нарықтық (германдық модель) реттеліп отырмайтын капитализмдегі қиыншылық көріп отырғандарға үнемі қолдау көрсетуді қарастырады.
Жапондық модель. Реттеліп отыратын корпоративті капитализм үлгісін көрсетеді.
Шведтік модель. Оның негізінде шведтік үлгінің экономикалық базисін құрайтын мемлекеттік реттеуді белсенді пайдалана отырып, бәкелестік бастауындағы нарықтық қатынастар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет