Экономикалық дамудың казақстандық моделі. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан аса өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан өткізе отырып, аймақта алғашқылардың бірі болып нарықтық қағидаттар негізінде ұлттық экономикалық модельді қалыптастыра бастады.
Дүниежүзілік нарық талап ететін шикізат, отын, металл мен жартылай дайын өнімдерге бағдарлану, экономикаға шетелдік капиталды белсенді түрде тарту өсудің жоғары қарқындарын (дүниежүзілік дағдарыс қарсаңында 10%-дейін) қамтамасыз етті, бұл «қазақстандық керемет» туралы айтыла бастауына себеп болды. Алайда бұл факторлар бұдан кейінгі жылдары (2011-2013 жылдар) өз қарқындарының баяулауына әкелді.
Солай болғанның өзінде де, Қазақстан дүниежүзінің неғұрлым дамушы елдерінің ондығына кірді. Дағдарыс кезеңінде және дағдарыстан кейінгі жылдары шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету бойынша қабылданған іс-шаралар ел экономикасын тұрақтандыруда неғұрлым тиімді болып шықты және Қазақстанның кәсіпкерлікті жүргізудегі дүниежүзілік рейтингін арттырды.
Қазақстан сыртқы байланыстарда көпвекторлылық қағидатын ұстанады. Еуропа, Азия мен Америка мемлекеттерімен екіжақты байланыстарды дамыта отырып, аймақтық және аймақтық қосымша экономикалық ұйымдар мен жобаларға қатысады.
Үй тапсырмасы:
№1 тапсырма. «Үштік» әдісі (Ойлан, жұптас, бөліс):
«Экономика» ұғымын анықтау
Экономикалық жүйе арасындағы айырмашылықтарын анықтау
Дәстүрлі (аграрлық) экономика сипаты мен өндірістің әдістерін анықтау
Жоспарлы экономиканың белгілерін анықтау;
№2 тапсырма. Кестені толтыру.
Нарық жүйесінің модельдері
Модельдері
|
Сипаты
|
1. Американдық модель
|
|
2. Жапондық модель
|
|
3. Шведтік модель
|
|
4. Германдық модель
|
|
№3 тапсырма. Кестені толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |