«Экономика» ұғымы



бет12/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Неоэтатистік модель кейнстік тұжырымдамаға негізделгенмен оның параметрлері мен үйлесімділігі әр елде әртүрлі болды. Бірақ мемлекеттік реттеу мен орталықтанған жоспарлау әрқашан сақталады.
Франциядағы аралас экономиканың негізгі басымдылықтары неоэтатикалық үлгі көшбасшылары экономиканың басты салаларын мемлекет меншігіне беруді қолдау және мемлекеттік жоспарлауды қолдағандығында болды. Мемлекет меншігіне алу нәтижесінде жалпы – өндірістік күш, экономикасының 1/5-і мемлекеттік сектордың қолына көшті. Энергия ресурстарын өндіру, ірі депозиттік банктер, қаржы салалары және бірнеше ірі компаниялар (мысалы «Рено», «Берлие» және т.б.) мемлекет қолына өтті. Алайда кәсіпорындардың көпшілігі автономды болып қалды, ал олардың директораты өз қызметтерін сақтап қалды. Француздық жоспарлау жүйесінің ең басты кемшілігі экономиканың тұтынушылар игілігін дамытуға нұқсан келтіретін «тар аясын» алғаны болды.
Ұлыбританиядағы неоэтатистік модель, ең алдымен, толықтай жұмыспен қамтуға және қоғамдық игіліктерге негізделді. Осыған байланысты лейбористер үкіметі монетаризм және қатаң бюджет саясатын жүргізді. Сонымен қатар ұлттық кірісті әділ түрде бөлуге талпыныс жасалды.
Италиядағы неоэтатистік модельге ұзақ мерзімді жоспарлау стратегиясына талпыныс, мемлекеттік жоспарлауға кіріскен экономика дамуының өңірлік бағдарламаларын жасау, Орталық банкінің мемлекеттік холдингтер көмек көрсетіп қана қоймай, қысқа мерзімді несиелерді пайдалануға бақылау жасау, мемлекеттік ұйымдар жағынан ұзақ мерзімді даму жоспарын қаржыландыру тән болды.
Жапониядағы неоэтатистік модель және соғыстан кейінгі қайта жөндеу мен одақтық ірі мемлекеттердің Жоғарғы Кеңесі ықпалында болды. Осының нәтижесінде оның негізгі басылымдылықтары тиімді жоспарлау, құрылымдық бағыттау және кейнсиандық түрдегі қарсы циклдік саясат, картелдер жасақтау мен компанияларды біріктіруді көздеген «көлемді экономика» құру болды.
Неолибералды модель «әрекет ету еркіндігіне» негізделген және онда мемлекеттік реттеу төменгі деңгейде жүзеге асырылады.
Бұл АҚШ-та халықтық экономиканы мемлекеттік реттеуге сенімсіздік танытып, оны тек ерекше жағдайларда ғана мойындаумен болды. Қоғам қызметінің қалыпты жағдайында мемлекеттің белсенді қызметі тым артық саналады. Сондықтан экономикалық саясатта таңдау нарық механизміне берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет