Индустрияландыру – өндіріс құралдарын шығаруды түбегейлі өзгерту. Англиядағы өнеркәсіптік төңкеріс жаңа техникаға сүйенді, бірақ алғашқы машиналар қол еңбегі басым болған мануфактураларда пайда болды. Машина жасаудың жаппай дамуында байланысты машина жасайтын машиналарды ойлап табуға жағдайлар пайда болды. Машина жасаудағы төңкеріс ХІХ ғасырда Англияда пайда болды. Ауыр өнеркәсіпте машиналардың машина жасап шығаруы индустрияландырудың аяқталғанын білдірді.
Англиядағы аграрлық салада ірі жериеленушілік басым болды. Фермерлер шаруашылықта ауылшаруашылығы машиналарын, минералды тыңайтқыштарды қолданды. Аграрлы өндірісті қарқындату Франция көрсеткіштерінен екі есе артық астық өнімділігіне жағымды әсер етті.
1694 жылы өнеркәсіптік және нарықтық инфрақұрылымның маңызды элементі болған Ағылшын банкі құрылды. Олар сыртқы сауданы несиелеумен көбірек айналысты. Уақыт өте келе бұл «банктердің банкі» болып, елдің несиелік жүйесін басқарды. Англия тек әлемдік тасымалдаушы мен өнім өндіруші ғана емес, сонымен қатар «әлемдік банкир» рөлін атқара бастады.
Англиядан он шақты жылдардан кейін Францияда өнеркәсіптік төңкеріс жасауға маңызды шарттар: еркін капитал және жұмысшы күші ресурсы пайда болды. Ел бірнеше ғасыр бойы Еуропа экономикасында көшбасшы болу үшін Англиямен бәсекеге түсті. 1760 жылдан кейін Францияның Англия алдындағы аумағының неғұрлым үлкендігі; пайдалы қазбаларының бай ресурсы, халық санының екі есе көптігі, теңіз саудасындағы, техникалық жаңалықтары жағынан елеулі жетістіктері сияқты артықшылықтары болды.
Наполеонның билікке келуі (1799) француз буржуазиясының нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған ұстанымын күшейте түсті. Наполеон соғыстарын шикізат көзі және өткізу нарығы үшін, Францияның Еуропаға экономикалық билік жүргізуі үшін ашқан соғысы деп есептеуге болады. 1800 жылы Француз банкі және провинцияларда бірнеше банк құрылды. Олар Францияның нарықтық инфрақұрылымының маңызды элементі бола бастады. Орталықтандырылған мануфактуралардың саны өсті. Англияның континенталды құрсауының басталуына дейін кіргізілген ағылшын бу машиналары қолданылған алғашқы фабрикалар пайда бола бастады.
ХІХ ғасырдың бас кезінде Германия аграрлы ел болып саналды, халқының 80% -ға жуығы ауылшаруашылығымен айналысты. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ішкі нарықтың пайда болуына кедергі болған экономикалық бытыраңқылық, сондай-ақ крепостниктіктің болуы Германияның экономикалық дамуының негізгі белгілері болды.
АҚШ-та 1861-1865 жылдары Азамат соғысының аяқталуымен өнеркәсіптік төңкеріс пен индустрияландыру аяқталып, нарықтық экономика нығайды. Капиталдың жинақталуының қосымша көзі Калифорниядағы алтын кеніштерін өңдеу болды. Бұл қазынадағы алтын ресурстарының өсуіне және өнеркәсіптік салаға инвестициялардың көбеюіне алып келді. Капиталдың жинақталуының тағы бір көзі Пенсильванияда табылған бай мұнай ресурсы болды. Одан түскен кіріс өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуына жұмсалды.
Үндістандағы дәстүрлі құрылымның көтерілуі ХІХ ғасырда ұлан-байтақ елдің Британ империясына түпкілікті қосылуынан басталды. Экспорттық тауарлардың екі легі осында тоғысты – біреуі өнеркәсіп тауарлары түрінде Үндістанға, екіншісі Үндістаннан Англияға мақта, жүн, шай, кофе, индиго және дәмдеуіштер, яғни ауылшаруашылығы шикізаттары мен азық-түлік түрінде. Жақын арадағы капиталистік түрдегі плантациялардан метрополияға астық түсе бастады.
Қытай экономикасы өзгеше дамыды. Бірінші апиын соғысында маньчжурлық Цинь династиясының жеңіліске ұшырауы еуропалық отарлау экспансиясына Қытайды «ашып берді». Елге шетел капиталына экономикалық, саяси және әлеуметтік жеңілдіктер беретін келісімдер жүйесі артылды.
Ешқашан Батыс елдерінің отары болмаған Жапонияның экономикалық жағынан нығаюы мен күшеюіне апаратын жолы басқаша болды. 1867 жылы Жапонияда билік басына келген дәуір император Мейдзи Муцухито айналасындағылармен біріге отырып, елдегі әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгертті. Бұл өзгерістер жапондық көпестік капиталдың жекекәсіпкерлік қызметіне қолайлы жағдай туғызды. Үкіметтің маңызды акциясы ірі кәсіпорындар – арсеналдар, металлургиялық комбинаттар, верфьтер, содан кейін ірі Мицуи және Мицубиси сияқты ірі сауда-өнеркәсіптік компанияларға арзан бағаға сату болды. Осындай жолмен ел тиімсіз қазыналық өнеркәсіптің жүгінен құтылды. Реформалардың тиімді жүргізілуіне елде мұның алдындағы жүзжылдықтың ішінде экономиканы инвестициялауды қамтамасыз ететін капиталдың жинақталуы жағдай жасады.
Конституция қабылданды, ол екі палаталы парламентті құруға әкелді. Германия заңнамасының үлгісі бойынша азаматтық заңдар жинағы жасалды, ол нарық жағдайларында жекеменшікке құқықтың жаңа ережелерін мұрагерлік меншікті басқарудың бұрын қолданылған ережелерімен кіріктіре алды.
Шетелдік капитал мен шетелдік мамандарды тарту ұлттық өнеркәсіптің өсуіне және нығаюына жағдай жасады. Алайда, жапон экономикасының ішкі нарыққа бағдарлануының арқасында Жапония шетел капиталына күшті тәуелді болудан құтыла алды. Қорытындыда ел индустрияландыру жолына түсті, ол жібек шығаратын кәсіпорындар құрудан басталды, одан кейін, 1880 жылдардарға қарай тоқыма өнеркәсібі, ал 1890 жылдардан бастап – ауыр өнеркәсіп құрыла бастады.
Экономиканың түрлері мен модельдері нарықтық жүйенің келесі үлгілерінен көрінеді.
1. Америкалық модель. Ол кәсіпкерлік белсенділікті жан-жақты қолдау жүйесіне, халықтың аса белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жекелеген жеңілдіктер мен жәрдемақы есебінен қалыпты өмір сүру деңгейі қарастырылады. Әлеуметтік теңдік мәселесі деңгейі мен жеке табысқа қол жеткізуге жаппай бағыт алуға негізделген.
2. Жапондық модель. Атаған үлгі халықтың өмір сүру деңгейінің еңбек өнімділігінің өсуінен артта қалуымен сипатталады (оның ішінде, жалақы деңгейі) өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттілігінің бірден артуына алып келеді. Мүліктік теңсіздікке кедергі қойылмайды. Мұндай үлгі ұлттық сана-сезімнің мүлтіксіз жоғары дамуында ғана, ұлт мүддесінің жеке адамның мүддесінен басымдылығында, халықтың өз елінің гүлденуіне белгілі бір материалдық құрбандықтарға баруға дайын болған кезде ғана мүмкін болады.
3. Шведтік модель. Ол ұлттық табысты әлеуметтік жағдайы нашар халықтың пайдасына бөліп беру есебінен мүлік теңсіздігін қысқартуға бағытталған күшті әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді. Мұнда мемлекет қарамағында негізгі ресурстың 4%-ы бар, оның есесіне ХХ ғасырдың 80-жылдары мемлекет шығынының үлесі ішкі өнімнің (ІӨ) 70% деңгейінде болып, оның жартысынан көбі әлеуметтік мақсаттарға жұмсалды. Әрине, экономикалық қатынастардың мұндай түрі салық салудың жоғарғы нормалары жағдайында ғана мүмкін болады. Мұндай үлгі өнім өндіру қызметі нарықтық бәсекелестік негізінде өмір сүріп отырған жеке мекемелерге, өмір сүру деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету міндеті (еңбекпен қамту, білім беру, әлеуметтік сақтандыруды қосқанда) және инфрақұрылымның көптеген элементтері (көлік, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-констукторлық жұмыс) – мемлекетке жүктеліп, «функционалды әлеуметтану» деген атқа ие болды.
4. Германиялық модель. Аталған үлгі Гитлер уақытындағы концерндерді жою негізінде және шаруашылықтың барлық түріне (ірі, орта, ұсақ) тұрақты дамуға мұмкіндік беру негізінде құрылды. Мұнда миттельштанд деп аталатын, яғни ұсақ орта мекемелер, фермерлік шаруашылықтар үлкен қамқорлықта болады. Мемлекет баға, салық және техникалық өлшемге белсенді әсер етеді.
Жоспарлы (социалистік) экономика