«Экономика» ұғымы


Өндірістің құлиеленушілік әдісі



бет5/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Өндірістің құлиеленушілік әдісі. Өндірістің антикалық әдісінің билік етуі б.з.б. ІҮ ғасырда Грекияда, б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап Римде басталып, мыңдаған жылдар аралығында гүлденді. Бұл кезең б.з. ІІІ-ІҮ ғасырларға қарай аяқталды. Бұл кезеңде қауымдастық түпкілікті ыдырады. Өндірістің антикалық әдісінің аса маңызды ерекшелігі жекеменшік институтының құқықтық жағынан нығаюы болды. Жекеменшіктің маңызды нысаны құлдар еді. Грек полистерінің қолөнерге мамандырылуы қолөнер шеберханаларында құл еңбегінің басым болуына алып келді. Аграрлы ел болып отырған Рим құлдардың басым көпшілігін ауылшаруашылығында пайдаланды.
Өндірістің феодалдық әдісі ІҮ-ҮІ ғасырлардан бастап ХҮ-ХҮІІ ғасырларға дейін Батыс Еуропада орын алды. Феодализмнің мәні шаруалардың экономикадан тыс жеке немесе жерге тәуелділігі арқылы еңбекке қосымша өнімді феодалдық рента түрінде өндіріп және иемденуде болды.
Бүгінгі күні феодалдық қатынастар генезисінің үш негізгі жолы бөлініп көрсетіледі: романдық, қауымдық және шығыстық.
Романдық (классикалық) түрі Батыс Рим империясының аумағында пайда болған орта ғасырлардағы мемлекеттерге тән: Италия, Франция, Испания.
Феодалдық генезистің қауымдастық түрі славян-герман халықтары арасында таралған. Бұл халықтарда феодалдық қатынастарға көшу алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы барысында жүрді.
Феодалдық генезистің шығыстық түрі біртекті емес. Қалыптасқан феодалдық қатынастардың ұлттық белгілерінің әртүрлілігіне және уақыт сызығына байланысты көрінді. Генезистің бұл түрі Шығыс Шығыс Рим империясын (Византия), Араб мемлекеттерін, Орта және Қиыр Шығысты қамтыды.
ХҮІ ғасырда экономикалық дамудың қозғаушы факторлары халықаралық жәрмеңкелер Антверпенде, Берген-он-Зонада, Франкфуртте, Медине дель Кампо, Лионда болды. Ғасыр соңында келісімге келу нысаны ретінде ақша, несие және төлем құралдары болып келген безансон жәрмеңкелері пайда болды. Халықаралық нарықтың пайда болуына Жаңа әлемнен қол жетімді алтын мен күмістен жасалған металл тиындардың келуі, сондай-ақ айырбас жүйесінің дамуы себеп болды.
ХҮІІ ғасыр ХҮІ ғасырдың жетістіктерін нығайтуға мүмкіндік туғызды. Алайда геосаяси сипаттағы көптеген себептер экономикалық орталықты италиялық Жерорта теңізінен Атлантикалық мұхит жағалауына, ең алдымен, Голландияға көшірді. Италия банкирлері жасаған әлемдік есеп жүйесі бұзыла бастады. Бірақ тауар айырбасының өсуі ХҮІІІ ғасырда орталықта қалыптасқан жаңа нарықпен алмастырылды.
Шаруашылық қызмет – біртұтас қызмет, яғни шаруашылық жүргізу үрдісіндегі белгілі бір есеппен және олардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың күш салуы.
Қоғам дамуы тарихы қоғамдық шаруашылықтың екі басты формуласын бөліп көрсетуге мүмкіншілік береді: натуралды және тауарлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет