Байланысты: Экономика және экономикалық жүйелердің типтері
Экономиканың аралас түрі – аралас экономикалық жүйе жеке және мемлекеттік секторды, нарықтық-бәсекелестік, корпоративтік және мемлекеттік реттеуді үйлестіріп, жекеменшіктің алуантүрлілігіне сүйенеді. Бұл көптеген мемлекеттерге тән. Бірақ дамыған және даму үстіндегі елдердегі аралас экономиканың ұлттық үлгілері әртүрлі.
Қазіргі кезде елдердің көпшілігінде шаруашылық жүргізудің әртүрлі экономикалық жүйесінің элементтері түйісіп, экономикалық жүйенің жеке түрі ретінде аралас экономиканы анықтауға мүмкіндік беріп отыр.
Аралас экономикаға шаруашылық жүргізудің сан алуан түрін пайдаланатын және жекеменшіктің әр түріне жататын кәсіпорындар мен құрылымдар кіреді.
Аралас экономиканың үлгісіне КСРО-дағы ЖЭС кезеңін жатқызуға болады. Ол кезде халықшаруашылығында социалистік, жеке капиталистік, мемлекеттік-капиталистік, ұсақ тауарлы және патриархалды бес қоғамдық-экономикалық құрылым қатар жұмыс жасалған.
Социалистік құрылым қоғамдық меншікке негізделді. Жеке капиталистік таза капитализмнен көрініс тапты немесе еркін нарықтық шаруашылық; мемлекеттік капитализм, социалистік құрылым сияқты командалық экономиканы бейнеледі. Олардың біреуі – жеке, ал екіншісі – қоғамдық ұсақ тауарлы құрылым негізінде еркін нарықтық экономикаға жатты, бірақ өзіне дәстүрлі «жүкте» артты, ең соңында патриархалды шаруашылық тұтастай дәстүрлі экономикамен байланысты болды. Шаруашылықтың бұл күрделі де, қарама-қайшы жүйесінде байланыстырушы құрал нарықтық тетік болды.
Аралас экономикаға қазіргі кездегі өркениетті елдердің ұлттық шаруашылығын жатқызуға болады. Осылайша АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және басқа да елдерде мемлекеттік кәсіпорындар, күшті жеке корпоративтік құрылымдар, жекеменшік фирмалар бар. Экономиканың бұл салалары нарықтық реттеу жетегінде және мемлекеттің қарауында. Сонымен қатар аралас экономиканың басқа да көптеген ұлттық үлгілері бар.
Қазіргі аралас экономика реттеліп отыратын нарықтық шаруашылықты көрсетеді. Бұл иеліктің басым түрі жекеменшік екенін білдіреді, бірақ классикалық капитализмнен айырмашылығы бұл ірі жеке, акционерлік меншік болып отыр. Мұнда реттеудің басым түрі мемлекеттік реттеумен толықтырылып отырған бәсекелестік пен нарықтық экономика болды.
Осылайша жүйені түрлерге бөлудің бір белгілері ретінде экономикалық өмірді реттеу көрініс табады. Сәйкесінше экономикалық жүйе дәстүрлі, нарықтық және социалистік болуы мүмкін. Дәстүрлі шаруашылықта шығарылған өнімдер, ресурстары пайдалану, өндірістің негізгі пропорциялары салттар және дәстүрлер арқылы анықталды.
Нарықтық экономикада ресурстарды пайдалану, өндіру технологиясы, бөлу, өндірілген тауарды тұтыну мен айырбастау сұраныс, ұсыныс, бәсекелестіктің көмегімен жүзеге асады.
Социалистік экономикада шаруашылық үрдістер мемлекеттік үйлестіруші органдар арқылы жоспарланып, реттеліп отырады. Экономикада әртүрлі жүйе элементтері үйлесіп тұрған кезде, аралас экономика туралы айтуға болады.