Шаруашылықтың натуралды түрі – материалдық игіліктерді өндіру мен қажеттіліктерді тұтынуға, жеке шаруашылық бірлігінде пайдалану үшін өндірудің шаруашылық түрі.
Натуралды шаруашылықтың материалдық негізі қоғамдық еңбек бөлінісінің төмен, нашар дамуы.
Шаруашылықтың натуралды түріне өзіне-өзі қысым көрсететін, тұйықталған, жергілікті сипат тән. Шаруашылықтың натуралды түрі тарихи жағынан жекеменшік қатынастардың іргетасы болып табылатын жер меншігіне негізделген. Сонымен бірге жерге жекеменшіктің болмауы, оның жоғарғы меншік иесі ретінде мемлекет қолына шоғырлануы жекеменшіктің және мемлекеттік биліктің биліктің өсуіне әсер етті. Ал билік пен жекеменшіктің өсуі олардың еңбегінің өніміне қатынасы арқылы емес, адамдар арасындағы тікелей қатынасты туындатады.
Натуралды шаруашылықтың маңызды белгілері оның тұрақтылық, қозғалыссыздық деп аталатын кертартпалығына негіз болады. Жерге қауымдық иелік ету ауылшарашылық қауымдастықтарының мыңдаған жылдар бойы сақталуымен түсіндіріледі.
Шаруашылықтың тауарлы түрінатуралды шаруашылыққа қарама-қарсы, ең алдымен, қауымдастықтар арасындағы қатынастар, ал содан кейін олардың ішіне ене отырып, бірте-бірте натуралды шаруашылықты қоғамның экономикалық өміріндегі тәуелді, жойылуға айналған элементке айналдыруымен ерекшеленеді.
Натуралды шаруашылықтың тауарлы шаруашылықпен алмасуы – ұзақ, күрделі және әртүрлі сападағы үрдіс, бұл белгілі бір дәрежедегі жағдайға байланысты, натуралды шаруашылықтың, оның кертартпалығымен, қарқынымен, тоқырауымен анықталады.
Натуралды шаруашылықтан тауарлыға өтудің объективті себебі еңбек бөлінісін күшейтіп, өнімділікті арттыратын өндірістің дамуы болды.
Тауарлы шаруашылық адамдар арасындағы экономикалық қатынастар олардың еңбектерінің нарықта сату-сатып алудан көрінетін, жеке адамдар өндіретін, оның үстіне әрқайсысы қандай да бір өнім өндірумен айналысуға мамандырылған қоғамдық өнідірісті ұйымдастыру түрі.
Нарықтық экономика Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлікке өндіріс құрал-жабдықтарына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізу субъектілер арасындағы келісімшарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласу қағидаттарына негізделген экономика.