«Экономика» ұғымы


Жоспарлы (социалистік) экономика



бет9/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Жоспарлы (социалистік) экономика – басқарудың әкімшіл-әміршіл әдісіне құрылған, ал билік орталық басқару органдарының, бюрократтық аппараттың қолына жинақталған басқару жүйесі. Бұл жүйе үшін мекемелер жоғарғы басқарушы эшелондардың жоспарлы тапсырмаларына сәйкес жұмыс істейтін тән. Әкімшілік-әміршіл жүйе тоталитарлық режімге сүйенеді, ол басқару демократиялық ұстанымдарына қайшы келеді, еркін нарықтың, бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіреді. Осылайша жоспарлы экономиканың ерекшелігі күшті орталықтанған мемлекеттік билік болып табылады, ол нақты бір мемлекеттегі қоғам өмірінің барлық саласына тікелей ықпал етеді. Мұндай модель бұрынғы социалистік лагерьде болған мемлекеттерге тән ерекшелік болды. Жоспарлы экономиканың ерекшеліктері осы мемлекеттердің жетекшілеріне теңдік және әділдік идеясын таратуға мүмкіндік берді. Жоспарлы экономикада әлеуметтік теңдік идеясы, қоғамның индивидуалдан және ұжымның жекеден басымдылығы арқылы жүзеге асты.
Жоспарлы экономиканың белгілері деп мыналарды атауға болады:

  • барлық экономикалық ресурстарға мемлекеттік меншік.

  • ұлттық экономиканы стратегиялық, техникалық және жедел басқару үкіметтің қолында болады.

  • барлық өнім түрлеріне, бағаға, шығару көлеміне орталықтанған шешім қабылдау.

  • қандай да болмасын инвестиция мемлекеттік жоспар келісіміне сай жүзеге асады.

  • ұжымдық, яғни жекменшік мүлікке толық тыйым салу.

  • өндіріс пен ұсыныстың тұтынушы мен сұраныстан толықтай үстем болуы.

Жоспарлы экономика үшін келесі көріністер тән:

  • тауар жетіспеушілігі;

  • тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасының төмендегі және санының аздығы;

  • отандық нарықта шетелдік тауардың болмауы; үлкен кезектердің болуы.

Жоспарлы экономика ұсыныс пен сұранысты қалыптастырудың еркін тетігінің болмауымен сипатталады. Олардың динамикасы мен құрылымы мемлекет арқылы анықталып есептеледі. Оның есебінің негізгі бастауы статистика, бұдан басқа саяси міндеттерді шешуге бастайтын идеологиялық факторға үлкен рөл беріледі.
Әдетте, жоспарлы экономика теориясының негізін салушылар маркстік-лениндік классиктер деп есептеледі. Шынында Карл Маркс пен Фридрих Энгельс жоспарлы экономиканы социализмнің басты артықшылығы деп, оның қызметінің ұстанымдарын жалпылама түрде берді.
Алайда жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылыстың ғылыми талдауы жоқ болды. Социализмнің аяқталған және жүйеленген теориясы жазылған еңбектер болған жоқ. К.Маркс пен Ф.Энгельстің социализмге сипаттама беруі, негізінен, капитализмді социалистік сынау түрінде, яғни социализмді сипаттау капиталистік жүйенің қарама-қайшылықтарын талдауға алып келді. Егер нарықтық экономиканың негізін жекеменшік өнеркәсіп өнімдері мен құралдар құраса, онда жоспарлы экономиканың негізі – қоғамдық меншік. Егер нарықтық экономикада әрбір адам өзінің жеке мүддесін көздесе, тек өз бас пайдасын ойласа, жоспарлы экономика тікелей қоғамның барлық мүшелерінің тұрмыстық жағдайының бағындырылған.
Бұл ұстанымдарды В.И.Ленин социализмнің теориялық базасына айналдырып, дамытып іс жүзінде жүзеге асырды.
Шындығында жоспарлы экономиканың ғылыми теориясының негізін марксшілдер емес, В.Парето, Э.Бароне, Фридрих фон Визер қалады. Бұл теорияны олар «қосалқы өнім» ретінде жалпы экономикалық теңдік теориясы ретінде жасады.
В.И.Ленин 1917 жылғы еңбегінде Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде (мемлекеттік-монополистік капитализм) өнеркәсіпті шоғырландыру процесі жоспарлы экономикаға революциялық өтудің тікелей шарттарын туғызды деген қорытындыға келді.
Әскери коммунизмі кезінде большевиктер мемлекеттік жоспарлау бағдаламасын құрды.
Бұл есеп жүргізудің жалпымемлекеттік көлемінде өнеркәсіпті басқару және өнімдерді бөлу, мемлекеттік ғылыми-өндірістік институттар, ақшасыз қатынастар аясын кеңейту шараларын жүргізу, барлық еңбекке қабілетті халықтың барлығын жаппай жұмылдыратын орталық деп түсіндірілетін жоспарлы экономика құруды талап етуді енгізді.
КСРО-ның жоспарлы экономикасы бас кезінен индустрияландыруды қарқындату және жеке шаруашылық элементтерін (кулактарды, ЖЭС-шілерді, түрлі дін иелерін, ұсақ шаруашылықтарды) ығыстыру үшін құрылған жүйе болды.
Жоспарлы экономика (оның көрсеткіштеріне объективті баға беру қиын болса да, ал оның бірде-бір жоспары іс жүзіны іс орындаған жоқ) КСРО-ға 1930-1950 жылдары экономикалық жағынан өсудің жоғарғы қарқынын, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуде барлық ресурстарды жаппай жұмылдыруды, ядролық қаруға АҚШ монополиясын жоюды, сондай-ақ космонавтикада алғашқы болуды қамтамасыз етті. Осы және басқа да жетістіктер көптеген батыс экономистері мен саясаткерлерін жоспарлы экономиканы өміршең, бастамалы экономикалық жүйе ретінде мойындауға мәжбүр етті. Кеңестік тәжірибе және экономика үлгісінің дамуы әсерімен, экономикалық дамудың индикативті жоспарлары жасалып, шығарыла бастады. «Шығыс блокта» пайда болған елдердегі Коммунистік партия (Моңғолия, 1940-1950 жылдардың қарсаңындағы Шығыс Еуропа, 1953 жылы Қытай) кеңестік үлгі бойынша директивті бесжылдық жоспары енгізе бастады. Алғашында бұл Батыс елдерімен (Жапониядан басқа) салыстырғанда ішкі өнімнің өсу қарқынын қамтамасыз етті.
Алайда 1960 жылдары жоспарлы экономикалы елдердің Батыс Еуропамен, әсіресе ЕЭО мүшелерімен салыстырғанда экономикалық даму көрсеткіштері едәуір төмен болды, ал 1970 жылдары одан да баяулады. Жоспарлы экономиканың Қытайлық үлгісі демографиялық жарылысты және Мао Цзэдунның саясатын (1958-1960 жж. «үлкен секіріс»; ауылшаруашылығын «халық коммуналарына» казармалық қауымдастыру; 1966-1976 жж. мәдени революция») есептегенде ҚХР ядролық және космостық ірі мемлекетке айналуына мүмкіндік туғызды, бірақ жан басына шаққанда кіріс деңгейі жоғары болмады.
Жоспарлы экономика ауылшаруашылығын интенсивтендіруге, сәнді жасанды затты және ұзақ уақыт пайдаланылатын тұрмыстық техниканы шығарумен, ресурсты сақтау, микроэлектроника және информатикамен байланысты жаңа технологиялардың артынан ілесе алмады.
1960 жылдың ортасында КСРО-да кәсіпорындарды өз алдына (1965 жылдың Косыгин реформасы) кеңейту есебінен жоспарлы экономика «шаруашылық тетігін жетілдіруге» ұмтылыс жасалды.
Директивтіктен индикативті жоспарлау бағытында «шаруашылық тетігін жетілдіру» Венгрияда (ВХР) жүзеге асты. 1966 жылы кәсіпорындарға өнімді жеткізіп тұрушы мен тапсырыс беруші таңдап алу құқығы берілді, сыртқы сауда монополиясы жеңілдетілді. Алайда батысеуропалық стандарттарына сай тұтынуға әкелген алғашқы жетістіктер экономикалық дамудың неғұрлым жоғары қарқыны, сыртқы қарыздардың өсуі ішкі өнімнің өсуін жедел төмендетіп жіберді.
1980 жылдардың соңында М.С.Горбачевтің қайта құруы арқылы жоспарлы экономиканың динамикасын жақсартуға бағытталған сәтсіз талпынысынан кейін шаруашылықтың бірте-бірте құлдилау үрдісі басталып, КСРО-дағы жоспарлы экономиканың жойылуына әкелді.
ҚХР «Халықтық коммуналарды» таратудан және ауылшарушылық мекемелерін мемлекеттік жер иелігін ұзақ мерзімді арендаға ауыстырумен басталған Қытайдың жоспарлы экономикасын қайта құру 1992 жылы ҚКП ҚХР шаруашылық жүйесін «социалистік нарықтық экономика» деп жариялады; сақталған мемлекеттік бесжылдық жоспарлар индикативті сипат алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет