«Экономика» ұғымы



бет2/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Нарықтық экономика (капиталистік) ресурстарға жеке-дара меншік иесі болуды, нарықтағы еркін кәсіпкерлік, таңдау еркіндігі мен бәсекелестік, сұраныс пен тапсырысқа байланысты өніміне еркін баға қоюды қарастырады. Нарықтағы экономикалық билік шашыранды болып келеді, нарықтағы субъектілердің ешқайсысы бір-бірінің мүддесіне нұқсан келтірмейді. Тек қана ресурстар шектеулігі және өндірушілер мен тұтынушылардың бәсекелестігі нарықтық қатынастар субъектілерінің санасуына тура келетін шынайы факторлар болып табылады.
Мемлекет экономикалық жағынан ретке келтіріп отыру үрдісіне араласпайды десе де болады. Сондықтан нарықтық жүйенің басты кемшіліктері: табиғи жолмен ұзақ уақыт қалпына келтірілетін макроэкономикалық пропорцияларды бұзудың жоғары деңгейде болуы, қартайған шақты, жұмыссыздық пен науқастанған жағдайда азаматтардың қорғаусыз қалуы.
Бұл жүйеде мемлекет экономикалық өмірге араласа алмайды. Оның міндеті – жекеменшік құқығына кепілдік беру үшін қоғамда қатал құқықтық тәрптіпті сақтау. Мұндай жүйе таза күйінде ешқашан болған жоқ, себебі капитализм қалыптасуында шаруашылықтың феодалдық жүйесінің қалдықтары ұзақ уақыт бойы сақталып отырды. Әңгіме цехтық шектеулер, өсімқор капиталдың езгісі, нарық инфрақұрылымының болмауы, сословиеліктің сарқыншақтары және т.б. туралы болып отыр. Сондай-ақ ХІХ ғасырдың екінші жартысының бірнеше онжылдықтары бойы көптеген елдің экономикасы (әсіресе Англия экономикасы) осындай жүйеге жақын болды.
Әрі қарай нарықта экономикалық тәуелсіздікке ұмтылған екі күш – мемлекеттік экономикалық күш пен жеке кәсіпкерлік жүйе бәсекелестікке түсті. Бірігуге деген ұмтылыстар монополиялардың пайда болуына алып келген еркін жекеменшік иелері арасында байқала бастады. Сондықтан классикалық капитализмнің қазіргі жағдайында немесе таза нарық жүйесінде ешбір елде еркін бәсекелестік жоқ.
Жоспарлы (социалистік) экономика – русерстар, негізінен, директивті жоспарлау жолымен орталықтан бөлініп отыратын, негізгі өндіріс құралдары мемлекет меншігінде болатын экономикалық өмірді ұйымдастыру әдісі. Мұндай жүйенің басты басымдылығы – еңбекшілердің ең аз мөлшердегі әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету. Кемшіліктері – экономиканы монополияландырудың ең жоғары деңгейі, бәсекелестіктің болмауы және ресурстарды тиімсіз пайдалану, экономиканы әлемдік техникалық прогрестен шеттету.
Жоспарлы экономикаға шаруашылықтың социалистік (коммунистік) жүйесі жатады. Социалистік экономика жағдайында өндіріс көлемі, оның құрылымы, тұтыну мөлшері мен құн деңгейі орталықтан мемлекеттік жоспарлаудың араласуымен қойылады.
Жалпымемлекеттік жоспарлау қызмет көрсету және жағдай жасай отырып, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің басым болуы арқылы мүмкін болады. Жоспар тұтастай ұлттық экономика үшін, өңірлік құрылымдар мен жеке кәсіпорындар үшін құрылады. Жоспар құру үрдісі екі қарама-қарсы қозғалысты құрайды; төменнен жоғары және жоғарыдан төмен. Алғашында жоспарлар өткен жылдардағы өндірістердің қызметі, механизмі мен жетістіктерін негізге ала отырып, экономиканың бірінші звенолары арқылы жасалады. Бұл жоспарлар жоғары құрылымдарға беріледі, онда өзара байланыстырылып, министрлік немесе ведомстволардың бірыңғай жоспары ретінде қайта жөнделіп, өңделеді. Сондай-ақ экономиканың барлық құрылымдық бөлімшелеріне міндеттелетін, әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпымемлекеттік жоспар болып бекітілуі үшін мемлекеттік жоспарлау органдарына беріледі.
Жоспар құру мен оның жүзеге асыру үрдісі нарықтық тетік құралдарын (құн, ақша) пайдалануды көздейді. Алайда мұнда нарықтық тетік халықшаруашылығы пропорцияларын қалыптастыруға және баға деңгейін анықтаушы ретінде көрінбеуі керектігі маңызды орын алады.
Жоспарлы экономика ел өңірлері және экономика салалары бойынша өндірістік ресурстарды орталықтан бөліп беруге мүмкіндік туғызады, бірақ оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ете алмайды, яғни бірде-бір мемлекеттік басқару органы әрбір өндіріс ресурстарындағы сұраныстарды нақты анықтауға мүмкіндігі жоқ. Осыны ескере отырып, экономикалық қызмет көрсетуді орталықтандырудың қоғамдық сұранысы немесе нарықтық қатынастар еркіндігі қалыптасады. Шектен тыс орталықтандыру шаруашылықтың социалистік жүйесіне тән болып есептелсе де, дамыған және даму үстіндегі елдер белгілі бір кезеңде экономиканы қатаң түрде мемлекеттік реттеп отыруға жүгінеді. Бұл 1929-1933 жылдары өндіріс терең экономикалық дағдарысқа ұшыраған күйзеліс кезеңінде, сондай-ақ, ХХ ғ. 40-70 жылдары байқалды. Қазіргі кезде жоспарлы реттеу тетігін әлемнің барлық елдерінде нарықтық тетік толықтырып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет