Дәстүрлі экономикаадамзаттың ең алғашқы даму кезеңіне тән, шаруашылықтың «табиғи» түрімен байланысты ең ежелгі жүйе болып табылады. Кейіннен көптеген халықтар дәстүрлі экономиканың неғұрлым ұйымдасқан түріне көшті, қазірдің өзінде кейбір мемлекеттердің аграрлық экономикалық сипатқа тән белгілері бар. Оған бірінші кезекте экономикалық деңгейі төмен мемлекеттер кіреді.
Дәстүрлі жүйе, әдетте натуралды шаруашылыққа негізделген.
Дәстүрлі экономикалы елдерде өндіріс ресурстарына, жекеменшікке және оның иесінің жеке еңбегіне негізделген ұсақ тауарлы өндіріс басты рөл атқарады. Бұған шаруашылық және қолөнер жатады.
Дәстүрлі экономикалық жүйесінің сипатты белгілері:
қатысушылардың интеллектуалдық көрсеткіштері емес, дене күшінің басым болуы, экономикалық маңызыдылығына байланысты қол еңбегінің билігі;
негізгі экономикалық мәселелер ғасырлық дәстүрлерге сәйкес шешіледі;
тауар айырбасы бар болса да, шектеулі сипат алады: артық өнімнің болмауына алып келетін экономикада аң аулау, терімшілік және ұсақ ауылшарушылығы басымдылық алады.
К.Маркстің классификациясы бойынша дәстүрлі қоғамға қоғамдық-экономикалық формацияның: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық түрлері келеді.
Өндірістің алғашқы қауымдық әдісі.Адамзаттың жануарлар әлемінен бөлініп шығу кезеңінен бастап таптық қоғамның орнауына дейінгі кезеңді қамтиды.
Алғашқы қауымдық шаруашылықтың дамуының негізгі факторлары:
артық өнімнің пайда болуы (өмірге қажетті өнімнен артық) айырбастың негізі ретінде;
табиғи ресурстарға қол жеткізудегі айырмашылықтар негізінде натуралды айырбастың пайда болуы;
жекеменшік пен мүлік теңсіздігінің пайда болуы;
қауымдастық ішіндегі қарым қатынастың күрделенуі мен тайпалардың пайда болуы (ру одақтары);