Бақылау сұрактары:
1. Басқару еңбегінің мақсаты
2. Қабылдау мәнері бойынша басшылар қандай топқа бөлінеді
3. Қарастырылатын мәселелерге орай мәжілістер қалай жіктеледі
№14 Тақырып Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Жалпылама дәрісі
1. Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар
Дәрістің мақсаты: салық, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қарыз,
Негізгі ұғымдар: қаржы, салық, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қарыз,жанама салық, тікелей салық.
Кәсіпкерлік тәуекел мәні және түрлері
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |