БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақтың қандай қасиеті коллоид бөлшектермен анықталады ?
2. Топырақ коллоидтары қандай жолдармен пайда болады ?
3. Коллоидтардың пептизация және коагуляция құбылыстары қандай жағдайлармен анықталады ?
4. Коагуляция шекарасы дегеніміз не ?
ТОПЫРАҚТЫҢ СІҢІРУ ҚАСИЕТІ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың сіңіру қасиеті ілімін, сіңіру қасиеті түрлерін ұғыну.
Тапсырма.
1. Топырақтың механикалық, физикалық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық сіңіру қасиеті түрлерін зертханалық тәжірибелер жүргізу арқылы зерттеп нәтижесін қорытындылау.
Қажетті құралдар мен материалдар: Қара топырақ, қиыршық тас, құм, балшық алюминий стакан, диаметрі 1мм торкөздер, 250 мл колбалар, воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистелденген су, молекулярлық сия, 0,1 H NaOH, 0,1 H H2SO4.
Тапсырмаға түсініктеме.
Топырақ өз бойымен молекулаларды, иондарды, еріген заттарды, газдарды, коллоидтарды және қатты заттарды сонымен қатар тірі организмдерді ұстап қалу қасиетіне ие. Топырақтың бұл қасиеті сіңіру қасиеті деп аталады.
Сіңіру құбылысы өте күрделі және әрқилы. К.К. Гедройц іліміне байланысты сіңірудің бес түрі бар: 1. Механикалық, 2.Физикалық, 3.Физика-химиялық, 4. Химиялық, 5. Биологиялық.
Механикалық сіңіру—бұл топырақтың су құрамындағы мөлшері топырақтың түтікшелерінен диаметрі ірі заттарды ұстап қалуы. Сіңірудің бұл түрі топырақтың механикалық құрамымен байланысты.
1-тәжірибе.
Екі үлкен воронка алып, екеуіне де қиыршық тас салыңдар, үстіне біреуіне жұқа етіп құм, екіншісіне балшық салыңдар.
Жеке колбаға ұсатылған қара топырақ салып су құйып жақсылап араластырамыз. Суспензияны дайындалған воронкалардан өткіземіз. Тәжірибе нәтижесін дәптерге жаз және түсіндір.
Физикалық сіңіру—топырақтың қатты фазасының өз беткейімен еріген заттармен газдарды ұстап қалу қасиеті, бұл заттар топырақ құрамына кірмейді. Бұл құбылыс топырақтың еркін беткейлік энергиясының болуымен түсіндіріледі. Механикалық және физикалық сіңірудің маңызы мынада. Топырақтан ұсақ бөлшектер және көпшілік еріген заттар жуылып кетпейді.
2-тәжірибе.
Бірінші тәжірибедегідей воронкалар дайындаймыз, біріншісінде-қиыршық тас + құм, екіншіде—қиыршық тас + құм + балшық, бұлар арқылы молекулярлы сия ерітіндісін өткіземіз. Тәжірибе нәтижесін дәптерге жаз және түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: |