Биологиялық сіңіру – топырақтың өн бойындағы микроорганизмдер тіршілік әрекетімен кейбір заттарды сіңіруге қабілетті.
Биологиялық сіңіру нәтижесінде топырақта қоректік элементтер жиналады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті қандай жағдаймен анықталады ?
2. Топырақтың қатты фазасының өз беткейімен еріген заттарды, газдарды ұстап қалу қасиеті қалай аталады ?
3. Топырақта физика-химиялық сіңіру қалай жүреді ?
4. Топырақтағы химиялық сіңірудің жағымды жақтары қандай ?
5. Топырақтың өн бойындағы микроорганизмдердің тіршілік әрекетімен кейбір заттарды сіңіруге қабілеті қалай аталады ?
ТОПЫРАҚТЫҢ ҚАТТЫ ФАЗАСЫНЫҢ
ТЫҒЫЗДЫҒЫ МЕН КЕУЕКТІЛІГІН АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау әдістерін меңгеру.
Тапсырма:
1. Пикнометрлік әдісті қолданып, топырақ үлгісінде қатты фазасының тығыздығын анықтау.
2. Алынған топырақтың қатты фазасының көрсеткіштерін қолданып, топырақтың кеуектілігін есептеп шығару. Топырақ кеуектілігі (көлемдік масса) 1,05; 1,21; 1,32; 1,12; 1,45 г/см3 болғанда, үлгілердің кеуектілігіне қарай агрономиялық бағалау.
Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, 100 мл пикнометрлер, қайнатылған су, қара топырақ, 1мм елеуіш, таразылар, электроплитка.
Тапсырмаға түсініктеме.
Топырақтың қатты фазасының кеуектілігі деп, құрғақ күйіндегі қатынасын айтады. Бұл көрсеткіш топырақ құрамына енетін минералды және органикалық заттардың мөлшеріне байланысты.
Орта есеппен көпшілік топырақтарда қатты фазасының тығыздығы 2,5-2,65 г/см3 –ке тең және көрсетілген себептерге байланысты өзгереді. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері көп болса, қатты фаза тығыздығы соғұрлым төмен. Мысалы, құрамындағы қарашірік мөлшері 10% қара топырақ қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,4 г/см3, ал құрамында 2,5% қарашірік бар шымды күлгін топырақ қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,6 г/см3.
Топырақ қатты фазасы тығыздығының көрсеткіші топырақтың кеуектілігін шығару үшін қажет. Топырақтың көлем бірлігіндегі түтікшелердің жиынтық көлемі топырақ кеуектілігі деп аталады.
Жалпы кеуектілік қылтүтікті кеуектілік және қылтүтікті емес кеуектілік (аэрация қуыстары) болып бөлінеді.
Қылтүтікті емес қуыстар негізінен топырақ ауасымен толтырылған. Оларда су гравитациялық күшпен ұсталынып тұрмайды. Қылтүтікті қуыстар суға толтырылған оларда су беттік керілу (минискілік) күштермен ұсталынып тұрады.
Жалпы кеуектілікті қатты фазаның тығыздығымен және топырақ тығыздығынан есептеп шығаруға болады.
РЖ – жалпы кеуектілік % көлемімен
d – қатты фазаның тығыздығы
ау – топырақ тығыздығы
Құмбалшықты және балшықты топырақтардың жалпы кеуектілігін бағалау үшін Н.А. Качинский, төмендегі шкаланы ұсынады.
70 – шамадан тыс кеуектілік
55-65- өте жақсы
50 – жарамсыз жырту қабаты үшін
40-25 – шамадан тыс төмен, тығызданған иллювиальді қабаттар үшін сипатты.
Қатты фазаның тығыздығын пикнометрлік әдіспен анықтайды. Есептеу үшін қатты фазаның көлемі мен массасын білу қажет. Пикнометрлік әдісте қатты фазаның көлемін алынған топырақ өлшемі мен суды ығыстыру арқылы анықтайды.
Анықтау жолы:
Колбаға 250 мл қайнатылған су құйып, одан еріген оттегіні шығару үшін жарты сағат қайнатамыз және үй температурасына дейін суытамыз.
100 мл пикнометрге белгіге дейін қайнатылып суытылған су құйып температурасын өлшеп аналитикалық таразыларда салмағын анықтаймыз.
Миллиметрлік елеуіштен өткізілген құрғақ топырақтан аналитикалық таразы көмегімен әйнек ыдысқа 9-10г өлшеп саламыз. Бір уақытта гидроскопиялық ылғалдылығын өлшеу үшін үлгі аламыз.
Өлшенген пикнометрден жартысынан жоғары суды төгіп өлшенген топырақты саламыз. Ішінде топырақ болған ыдысты қайта өлшеп салынған ыдыспен бос ыдыстың арасындағы айырмашылық арқылы топырақ массасын шығарамыз.
Пикнометрдегі топырақ пен суды 30 минут қайнатамыз, құрамындағы ауаны шығару үшін үстінен дистилденген су құйып отырамыз. Қайнатқаннан кейін пикнометрді бөлме температурасына дейін суытамыз үстіне белгіге дейін қайнатып суытылған су құямыз, сыртын сүзгі қағазбен сүртеміз де аналитикалық таразыларда өлшейміз.
Қатты фазаның тығыздығын мына формуламен есептейміз:
Мұнда:
d – топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см 3.
А – құрғақ топырақ өлшемі.
Мұнда: А – құрғақ топырақ өлшемі,г.
W – гидроскопиялық ылғалдылық,%
В – су толтырылған пикнометр салмағы.
С – су және топырақ салынған пикнометр салмағы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |