Экономист (Жен)



бет45/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да
№18омл тұлғамен кездесу, 2 1 merged, 81 Урок Международный день Земли -3
Қара-қоңыр топырақтар. Күңгірт қара-қоңыр - қоңыр топырақтардан айырмашылығы қарашірікті қабатының қалыңдығы (А+В1)-30-40 см, НС1 дан 40-45 см тереңдікте қайнайды. Карбонаттардың ең көп жиналуы 50-55 см тереңдікте, гипс- 150- 170 см, жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте кездеседі. Қоңыр топырақтарда туыстық белгілердің диагностикалық көрсеткіштері күңгірт – қоңыр топырақтармен бірдей.
Ашық қоңыр топырақтар. Құрғақ дала зонасының оңтүстік бөлігінде жусанды - боз өсімдіктер астында түзіледі, карашірікті қабаты кұрылыссыз қалыңдығы (А+В1) 25-35 см болуымен сипатталады, шайылуы нашар болғандықтан карбонатты қабат қоңыр топырақтарға қарағанда топырақ бетіне жақын орналасқан. Гипсті қабат 110-120 см тереңдікте орналасқан. Ашық қара-қоңыр топырақтар күңгірт қара-қоңыр топырақтардағыдай тегтерге бөлінеді. Жеңіл еритін тұздардың жиналуының жоғарылығына байланысты ашық қара-қоңыр топырақтарда күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда кебірлену белгілері мол таралған. Химиялық, су, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда нашар.
Шалғынды қара-қоңыр топырақ. Құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңғарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағымсыз төмен орналасқан жазықтарда кездеседі.
Қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қоңыр топырақтың қарашірік қабаты - қалың және оның мөлшері мол болып келеді. Бұл топырақ коректік заттарға бай болады.
Астық тұқымдас егістіктермен бау бақша егуге қолайлы
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қара-қоңыр топырақтар қандай жағдайларда түзіледі?
2. Қара-қоңыр топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?
З. Кебірлі қара-қоңыр топырақтың қайнауы терең типтегі топырақтардан айырмашылығы қандай?
4. Қазақстанның қай облысында қара-қоңыр топырақтар кең таралған?
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАР

Топырақ кескіні бойында ауылшаруашылығы дақылдары үшін улы мөлшерде жеңіл еритін тұздар болатын топырақтар тұзданған топырақтар деп аталады. Тұзданған топырақтарға сорлар, кебірлер, ылғалды сортаң топырақтар жатады. Бұл топырақтар жартылай аймақты (интрозональды) топырақтар деп аталып аймақтық топырақтармен қатар шөл, шөлейт, құрғақ далалы аймақтарда кең таралған. Далалы, орманды-далалы, тайгалы-орманды аймақтарда да кездеседі.


Тұзданған топырақтардың түзілуі құрғақ климатты аймақта жыныстар мен жер асты суларында жеңіл еритін тұздардың болуымен байланысты. Егер капиллярлармен төмен қабаттардан минералданған сулар жоғары көтерілсе, сулар буланғанда олардың құрамындағы тұздар жоғары қабаттарда қалып қояды. Тұздар, беткейге тұзданған жыныстардың шығып жатуынан да жиналады. Жеңіл еритін тұздардың көп мөлшері жанартаулар атқылауынан түзілуі мүмкін. Теңіздерден құрылыққа соғатын желдермен тұздар концентрациясы жоғары су тамшылары бірге жылжып тұздардың жиналу себебі болуы мүмкін. Сорлардың беткейіндегі тұздардың желмен орын ауыстырып басқа жерлердің тұздану себебі болуы мүмкін.
Тұздар жиналуының биологиялық жолы да бар. Кейбір өсімдіктердің тамырлары тұзданған терең қабаттарға жетіп, жеңіл еритін тұздарды жоғарғы қабаттарға тартуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет