Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Дәріс. 15 Тақырып. Мемлекеттік несиелеудің құқықтық негіздері мен шарттардың өзекті мәселелері



бет51/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тезис

Дәріс. 15 Тақырып. Мемлекеттік несиелеудің құқықтық негіздері мен шарттардың өзекті мәселелері.


Түйінді сөздер: мемлекеттік несие, несие, несие саясаты, несие түрлері, мемлекеттік қарыз алу, қарыз алуды өтеу, жауаптылық мәселесі.



  1. Мемлекеттік несиелеудңі ұғымы және жалпы сипаттамасы. Несиелік қатынастардың

субъектілері. Мемлекеттік несиелеудің түрлері.

  1. Мемлекеттік қарыз алу: ұғымы мен тәртібі. Мемлекеттік қарыз алудың түрлері мен нысандары.

  2. Мемлекеттік несиелу саласындағы шарттардың құқықтық табиғаты.

Тезис:


Жылжымайтын мүліктермен операцияларды жүзеге асыру үшін ипотекалық
несиелеу жүйесінің барлық звеноларының қызметтерін реттейтін заңды нормалардың қажет екендігі белгілі.
Кепілдік құқықтың негізгі көзі, яғни соғ ан байланысты ипотекалық несиелеуді жүзеге асыру кезіндегі негізгі құқықтық норма Қазакстан Республикасының Азаматтық Кодексі болып табылады. Сонымен қатар мынандай нормативті -құқықтық актілермен де реттеледі:

  1. «Жер туралы» Заң (соңғы өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда);

  2. «Жылжымайтын мүліктер құқығын жэне сонымен байланысты келісімдерді тіркеу туралы» Заң және т.б.

Жеке тұлғалар банктен ипотекалық несие алған жағдайда банк пен клиенттің арасында жазбаша түрде ипотекалық келісім -шарт толтырылады. Оған кепіл беруші,кепіл ұстаушы тұлғалар қол қояды.Ипотекалық құқық ипотекалық келісім-шарт тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Ипотекалқыкелісім -шартты нотариалдық куәландыру екі жақтың өзара келісімдері бойынша жүзеге асады.
Ипотекалық келісім-шарттың субъектілері болып мыналар табылады:

    • ипотекалық келісімге қатысушы тұлғалар, яғни кепіл беруші жәнс кепілді ұстаушы — заңды және жеке тұлғалар;

    • тіркеуші орган;

    • бірыңғай кепілдік реестрді ұстаушы.

Ипотекалық келісім-шартта төмендегід ей реквизиттер міндетті үтрде көрсетілуі
керек:

    • кепіл беруші мен кепілді ұстаушының толық аттары, орналасқан

    • негізгі міндеттеменің мәні, оның мөлшері және орындалу мерзімі;

    • кепілге алынған жылжымайтын мүліктердің тізімі жэне олардың орналасқан жерлері;

    • екі жақтың міндеттері мен құқықтары;

    • т.б. қажет деп табылған шарттар.

Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру үшін жеке тұлғалардан мынандай құжаттар өткізу талап етіледі:

  1. жазбаша үтрдегі өтініш. Онда алынатын несие сомасының ма қсаттары

нақты көрсетілуі керек;

  1. қарыз алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

  2. тұрақты жұмыс орнынан соңғы бір жылдағы айлық жалақысы туралы анықтама қағаз, сонымен бірге, бар болған жағдайларда тағы басқа қандай көздер есебінен табыс алып отыратындығы туралы анықтама қағаз;

  3. өз меншігіндегі өтімділігі өте жоғары мүліктердің бар екендігін дәлелдейтін құжаттар және нақты кепіл ретінде қай мүліктің қалдыратының көрсетуі керек, яғни сол мүлік туралы құжаттардың түп -нұсқасы банкке өткізілуі қажет. Егер кепіл ретіндегі мүлік бірнеше тұлғаның меншігінде болса, онда сол тұлғалардың келісімдері талап етілулері керек;

  4. қажет болған жағдайларда т.б. құжаттар өткізіледі.

Сонымен банктердің тәжірибесінде қолданылатын ипотекалық несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады Яғни, несиелік процесс ипотекалық несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, оны толық қайтарумен аяқталынады. Әр кезеңде пайдаланылатын ипотекалық несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардңы жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Ипотекалық несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:

  1. несиеге деген өтінішті қарау;

  2. клиенттің несиелік қабілеттілігін талдау;

  3. несиелік келісім-шарт жасасу;

  4. несие беру;

  5. несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Сонымен несиелік процесс ұбл белгілі -бір банктің қабылдаған және белгілі -бір тізбектілік негізінде орындалтын несиелқіактынастарды жүзеге асыру әдісі болып табылады. Несиелік процесті іске асыруүшін ең алдымен банкте дайындық кезеңдері жасалуы керек. Яғни, елдегі жалпы макроэкономикалық жағдайларға бағалау жүргізіледі жэне банктің әртүрлі категориялардағы қарыз алушылармен жұмыс істеуге дайын екендігі тексеріледі. Олүшін ипотекалык несиелеу процесінеқажетті бірнеше ішкі банктік нормативті құжаттар кабылданады. Содан кейін несиелік ресурстарға деген қажеттіліктері бар клиенттерден өтініштер қабылданады. Өтініштерде көрсетілген мақсаттар тексеріліп, олардың банктің несиелік саясатында көрсетілген бағыттармен сәйкестілігі қаралады.
Олар сәйкес келген жағдайларда берілетін несиенің түріне байланыты несие алуга қажетті құжаттар жинақталады, содан кейін оларға, яғни өтінішпен бірге өткізілген құжаттарға талдаулар жүргізіледі. Ең алдымен, жеке тұлғалар үшін олардың айлық табыстары мен шығындарына салыстырулар жүргізу негіздерінде клиенттердің несиелік қабілеттіліктеріне талдаулар жасалады.
Соған байланысты несиелік инспектор несиелік келісімнің тиімділіктері туралы қорытындылар жасайды. Қазіргі банктік әтжірибеде банктер тарапынан негізгі көңіл берілетін несиені қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бөлінеді. Сондықтан, қамтамасыз ету үшін алынатын мүліктергс дұрыс бағалау жүргізу талап етіледі. Осы мәселелердің барлығы банкті толық қанағаттандырғаннан кейін банк пен клиенттің арасында несиелік келісім-шарт бекітіледі.

    1. Несиені өтеу көздеріне байланысты:

а) клиенттің өзіндік ақша қаражаттары, яғни табыстары есебінен;
б) несиені қамтамасыз ету үшін кепілдеме берген басқа заңды тұлғалардың банктік шотынан ақша қаражаттарын алу есебінен;
в) басқа банктен несие алу жолымен немесе т.б. көздер есебінен (өз меншігіндегі активтерді стау есебінен)

    1. Несиені өтеу мерзіміне байланысты:

а) несиені алдын ала белгіленген нақты мерзімде толық сомада өтеу; б) несиені өтеу мерзімін кейінге шегіндіру;
в) несиені белгіленген мерзімінен бұрын өтеу.
Банктен берілген несиенөітеу тәртібі міндетті түрде несиелік келісім -шартта көрсетіледі. Несие өз уақытында өтелмеген жағдайда, яғни өтеу мерзімі кейінге шегіндірілсе, онда қарыз алушы тұлға неғұрлым жоғары пайыз төлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет