Сәлима. Кім?
Фагима. Білмеймін.
Сәлима (трубканы құлағына тосып). Алло... Иә, мен... Қойыңыз... Тірі ме өзі? Мақұл-мақұл!.. (трубканы орнына қоя салып). Бүлдіріпті Қайрат!
Фатима(үрейлі). Не болыпты?
Сәлима. Не болсын, Сәлімді соққыға жығыпты. Кезекші дәрігер айтты. Сәлім ауруханаға түсіпті.
Фагима. Қайрат ұрыпты деді ме?
Сәлима.Жоқ, бірақ түсінікті емес пе?
Фатима. Түсінікті. Енді қайттік? Қайратты соттап жібермесе, не қылсын?
Сәлима. Соттатсын. Сөйтсе, сауап.
Фатима. Қойыңыз!
Сәлима. Қоятын не бар? Қолымен жасағанды мойнымен көтеруі керек адам. Бағы ашылмаған Сәлім! Елім, жерім деп келгендегі көргенің осы болды ма? Бәріне мен кінәлімін! Қайрат оны ұрғанша, мені өлтірсе етті. Мен кеттім Сәлімге.
Фатима.Барыңыз, тез барыңыз. Айтыңыз Сәлім ағайға, «Қайраттың ұрғанын ешкімге айтпа» деңіз.
Сәлима (жақтырмай).Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы. Өзі намыстан өртеніп жатқан адамға қайтіп айтпақпын олай деп? Ол адамшылыққа жатпас.
Фатима (мәре-сәре болып). Қайдам? Жауыз да болса жарым ғой Қайрат. Оған сіз екеуіміздің жанымыз ашымағанда, кімнің жаны ашымақ?