Фатима. Иә, арақ.
Қайрат. Мен арақты туғалы бері ішіп келемін, пәлеге ұшырағаным бірінші рет. Ішсем – ішіп, ішпесем – қойып, өзіммен-өзім жүрген адам едім, сенің ғашығың араласты да құртты.
Сәлима.Қой, әрі! Сәлім сен жазғыратын адам емес, ол пендешілік атаулыдан аспандай алыс тұр.
Қайрат. Аспаны сол екен ғой – үйі бар кемпірді жағалағаны.
Сәлима. Тоқтат сөзді! Ой, өнбес!
Қайрат.Сен абайла, кемпір! Сәлімнің қасына барып жатасың бүйтіп әкіреңдей берсең.
Сәлима. Мені де сойылға жықпақсың ба сонда? Қанішер болайын деген екенсің сен. Сені, соттатса аз. Сәлімге айту керек екен, аямасын, милицияға айтсын.