Қайрат. Айтып көрсін, мен онда оны өлтіремін.
Сәлима (шошып). Ей, сенде ес бар ма өзі? Шаруаң мүлде біткен екен сенің. Қайта алдына барып «ағатайлап» кешірім сұраудың орнына, қоқыраңдайды ғой-ей!
Фатима.Сөйт, бар, кешірім сұра!
Қайрат (безеріп).Өйтіп ит болғанша, түрмеде шірігенім артық.
Фатима. Сен неге түсінбейсің, маған зияның тиеді. Егер осыдан саған бола әкімшіліктен жұмыстан шығып қалайыншы, онда бітті дей бер, менің өзім тұрмақ көлеңкемді де көрмейсің.
Қайрат. Білемін, қатынға бай емес, мансап керек. Соның мысалы (Сәлиманы сұқ саусағымен нұсқап), міне, мынау.