Әлдихан Қалдыбаев


Солтай. Әкпе, әніңізді айтайын, тыңдап көріңізші. Күнімбала



бет285/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   340
Солтай. Әкпе, әніңізді айтайын, тыңдап көріңізші.
Күнімбала. Солтай, айтпа. Онсыз да жылап отыр емес пе, Ақбөпе.
Ақбөпе. Бұл – жылау емес, қоштасу.
Солтай. Қош, әкпе!
Ақбөпе (еңіреп жылап). Қош, Солтайжан, мен сені енді көре алмаймын! Әнімді бір Сауытбекке ғана емес, барлық жерде айтып жүр.
Күнімбала. Неге?
Ақбөпе. Аруын жылатқан ел естісін, есі кірер, адамдардың тек сүйгеніне қосылуы керектігін білер.
Күнімбала. Қызым, бұл айтқаныңды ел біледі, әкең екеуіміз де білеміз. Қол қысқа болып тұр ғой, амал жоқ, көнеміз.
Солтай (Ақбөпенің әнін ыңылдап айтып). Әкпе, қапа болмаңыз, Құдай басқа салған соң, көніңіз.
Ақбөпе. Соны білсемші мен. Солтайжан, қалай тез өсіп кеткенсің сен?
Күнімбала (Ақбөпеге). Сенің ендігі іздеушің осы інің болады.
Ақбөпе (Солтайды құшақтап сүйеді. Көзінде жас). Іздеп тауып қуанасың ба, жоқ, айырылып қалып жылайсың ба, қошақаным менің?
Солтай. Қуанамын. Әніңізді айтып беріп, Сауытбек ағаны да қуантамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет