Күләнда. Қой әрі, мезгілсіз уақытта жау шапқандай дүрлікпей.
Мұсатай(екіленіп). Сонда қалай? Анда ол баланы шырылдатып білгенін істеп жатсын, біз мұнда жайбарақат қол қусырып қарап отырайық, ә? Жоқ, ол ешқандай адамгершілік атаулыға сай келе қоймас. Қазір барып, құдайын көзіне көрсетемін мен, ол қақпастың.
Күләнда. Жә, жетер. Тіл тигізбе үлкен кісіге. Еш болмаса, мына кісіден ұялсаң етті кішкене бір.
Мұсатай(кекетіп). Ұятшылын қарай гөр-ей, мұның. Ұят-сұятты тергеп жататын уақыт жоқ менде. Ал ана кәрі шөңгеге көрсетемін дедім бе көресіні, көрсетемін. Оған жаның ашымай-ақ қойсын.