Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. І



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі78,41 Kb.
#97258
1   2   3   4
Байланысты:
ЭС-20о
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9
І І. Денелердің электрленуі құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардан байқаған боларсыңдар. Күнделікті өмірде мұндай құбылыстар жиі кезедеседі. Көп жағдайда жанасқан заттардың бір-біріне тартылатындығын байқауға болады. Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу арқылы электрлену деп аталады.
Ү йкеліс арқылы электрлену нәтижесiнде екi дене де электр зарядын алатынын есте ұстау керек. Мысалы, шыны таяқша мен резина үйкелгенде шыны да, резина да электрленедi. Демек, резина да шыны таяқша сияқты өзiне ұсақ денелердi тарта бастайды (3-сурет). Денелердi электрлеу үшiн бiр-бiрiне жай ғана бiр рет тигiзу жеткiлiксiз. Денелердi бiр-бiрiне қатты қысып үйкелеу керек. Сол кезде олардың арасындағы ара қашықтық азайып, беттесу ауданы ұлғаяды.
Денелердің электрленуі тек үйкелу арқылы ғана пайда болмайды. Үйкелу – денелердің жанасып, ажырау процесі.
Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрленуі мүмкін. Қолымызды электрленген затқа немесе iстеп тұрған телевизор экранына, экран бетiнде электр заряды бар, жақындатқанда шытырлаған дыбыс естуге болады, ал қараңғыда кiшкентай ұшқындарды көруге болады. Бұл да электрлiк құбылыс көрiнiсi.
Үйкеліс кезiнде пайда болатын электр зарядтарын кейде статикалық электр деп атайды. Көбiне бұл елеусiз құбылыс (мысалы, сiз синтетикалық материалдан жасалған киiмдi шешкенде, кiлем үстiнде аяғыңызбен сырғанай жүргенде және т. б.). Бiрақ кейде бұл құбылыс қауiптi болуы мүмкiн. Мысалы, металл бетiмен аққан сұйықтың электрлену мүмкiндiгiн бензин құю кезiнде ескеру керек. Бензиндi зарядсыздандыру үшiн жүргiзiлетiн арнайы қауiпсiздiк шараларын қолданбаған жағдайда бензин өртенiп, жарылыс болуы мүмкiн.
ІІІ. Жоғарыда қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара әрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі. Деннелердің осы қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы –олардың электрленуі деп аталады.
Бұл мысалдардың барлығы, беттер арасындағы үйкеліс нәтижесінде электр зарядының пайда болатынын көрсетеді. Әр жағдайда екі денеде қарама –қкарсы зарядтарының бірдей мөлшері пайда болады.
ІV. Электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтайық.
Сонымен, электрленген таяқшадан екі шар да бірдей электр зарядына ие болады. Мұндай бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды. Демек, электрленген аттас зарядтар бір- бірінен тебіледі. Бұл қорытындыны эбонит таяқшаны сол шарларға тигізгенде де олардың бір-бірінен тебілуі арқылы дәлелдеуге болады. Егер шарлардың біреуін теріге үйкелеген эбонит таяқшаны тигізіп, ал екіншісіне жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізсе, онда олар бір-біріне тартылады.

Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедi.


Жiбекке үйкелген шыныда пайда болған заряд тегi оң (+) деп, ал жүнге үйкелген янтарьда пайда болған зарядты терiс (–) деп атаған.

Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесін оқшауланған немесе тұйықталған деп атайды.
Бұл жүйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады:
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады:
q1 + q2 + … + qn = const

Осы заң бойынша, егер бір дене оң электр зарядына ие болса, онда екінші дене одан модулі бойынша өзара тең, бірақ теріс заряд алады. ( Электр зарядының сақталу заңы электронды оқулықты пайдалану)


Бейтереп денелерде бірдей мөлшерде оң және теріс зарядтарда болады. Бейтарап денелердегі қарама-қарсы зарядтардың қосындысы нөлге тең болғандықтан, оларды байқау қиын.Заттардың электрленуiн бақылау үшiн жүргiзiлген тәжiрибелер нәтижесiнде барлық заттардың электрлену тегіне қарай қатарларға қоюға болатындығы анықталды. Мұндай қатарда бiрiншi дене екiншiсiне үйкелгенде оң, ал екiншiсi терiс зарядталады. Мысалы, сондай қатарлардың бiрi мынадай: қоян терiсi, шыны, кварц, жүн, жiбек, мақта, ағаш, янтарь, каучук.
Тыныштық күйдегі электр зарядтарының өзара әсерлесуі Кулон заңымен сипатталады. Ол екі нүктелік зарядталған дененің вакуумдегі өзара әсерлесу күшінің осы денелердің q1 және q2 зарядтарына және олардың r ара қашықтығына тәуелділігін тағайындайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде заң былай жазылады:
, мұндағы –ортаның салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі, ол берілген зарядтардың берілген ортадағы өзара әсерлесу күшінің вакуумдегіден қанша есе кіші екендігін көрсетеді, 08,851012 электр тұрақтысы деп аталады.
Халықаралақ бірліктер жүйесінде зарядтың бірлігіне Кулон алынады. Кулон – ток күші 1А шамасына тең болғанда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1с ішінде өтетін заряд.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет