Әлеуметтану ғылымның негізгі тарихи даму кезеңдері XX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ XX ғасырдаңекіншіжартысыменХХғасырдыңбіріншіжартысындағыҚазақстандаәлеуметтікой-пікірлердіңдамуы. Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.
Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болғпн еді.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.
Бұл мәселені тарихшылар, әдебиетшілер, соның ішінде Ә.Х. Марғұлан, С. Мұқанов сияқты белгілі авторлар біраз зерттеген. Жеке мақалалар мен монографиялар да бар.
Әрине, бұл еңбектердің бәрінде олар Шоқанның қоғамдық көзқарастарының көп қырына бір ғана көзқарас тұрғысынан қарады деп үстірт ұғуға болмайды. Ғылымның мақсаты – объективтік ақиқатқа ұмтылу. Ол ақиқатқа жету үшін, сансыз ізденістерді, талпыныстарды қажет етеді.
Міне, осы орайда Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.
Бірақ, ғалымдардың бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөзқ ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.
Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы мақаласында /жазбаларында/ ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған.
Патша үкіметі Сібірдегі қазақтардың билігін заң жүзінде өзінің қолына алуды мақсат етті. Осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысы болған 1860-шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш. Уәлиханов жақсы хабарбар етті. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін жақсы білетін ол реформаны даындаған облыстық басқарманы халық тағдырына немқұрайдылығы үшін сынға алады, халыққа тиімді өзгерістерді талап етеді. Атап айтқанда, біріншіден, Ш. Уәлиханов өз халқының өзіндік ерекшклігін ескеру реформа даындау барысында ерекше маңызды фактор екенін айтады. Ш. Уәлиханов осы сот реформасы жайындағы хатында қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі қажеттігін терең талдап, қорытты.
Ал, бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістердің бәрі де зиянды, жағымсыз құбылыс, деп түсінді Ш. Уәлиханов. Қоғамның дамуына не залал, не пайда екендігі жайында ұғымдар әр дәуірде әр түрлі болған, ал, халыққа ең маңыздысы, оның мұқтажын өтейтін нақты іс-шаралар. Реформа – ол экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал, саяси реформа экономикалық істерді іске асыратын құрал ретінде көрінеді – олар халықтың материалдық әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отырады. Прогресс дегеніміз өзі деп тұжырымдайды.
Адам - әрқашан да өз ортасының презенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдайларға байланысты болмақ.
Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы пікірін тереңдете түсіп, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтады.
Міне, осыдан кейін: «В наше время нет общественного вопроса, который был бы так важен, как вопрос о народных реформах. От неудачных и удачных реформ зависит вся будущность народа, в них заключается его быть или не быть. Реформы бывают только тогда удачными, когда они правильны т.е. тогда когда они основаны на тех неизбежных законах, прогресса при которых только и возможно здоровое развитие общественного организации» деген шешімге келді. Бұл жерде ерекше бөліп айтар мәселе – Шоқанның прогресс деген ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жақсарту деген мағыналарды сиғызады.
Пікрімізге дәлел ретінде Шоқанның осы тектес басқа да ойларын келтіре алар едік. Мысалы, «Жонғария очерктерінде» Құлжада көне заман ескерткіштерінің қиратылып жатқанына байланысты күйінішті, орыстың, еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.
Шоқанның прогресшілділігі халықты мәдениетпен, алдыңғы қатарлы ұлттық ғылымынан бөліп тастауға қарсы бағытталған.
Таптардың қазақ қоғамында орын алып отырғанына Ш. Уәлиханов талай рет тоқталды.
«Алатау қырғыздары өздерін жай қырғыз» деп қана атайды. Тек қащақтар ғана оларды ақ, не қара қалмақ деп атайды. Кейбір аңыз-деректер бойынша, қырғыз-қайсақтар екі түрлі нәсілден таралған. Бірі – күн нұрынан жаралған асыл текті ақсүйектер де, екіншісі – құдая тобасы жоқ, басы жұмыр пендеден туған құл-құтандар, деп аталатын қара халық.
Бұл ойларды А.И. Майковқа, Ф.М. Достоевскийге жазған (1862-жылғы) хаттарында айтқан. Ш. Уәлиханов әдет-ғұрыпты өте жақсы білген, билердің сотындағы кейбір жайттар бітімгершілік /мировой/ сотқа қарағанда, әділдікке әлдеқайда жақын деп көрсетті. Мысалы, би болу үшін халық арасында әділдік, шешендік жағынан танылған адам болуы керектігі, бдің билігі ұнамаған адамның екінші бидің төрелігіне жүгінуге құқы барлығын және тағы басқа фактілерге сүйене отырып, Шоқан осы кезеңде билер сотын сақтау керек, деген тұжырымға келеді.
Қазақ даласында құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімінтерең білетін, оған қоса шешендік өнерді меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін би атаңғысы келген адам халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің білімділігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі халықтың арасында тез таралып, танылады. Үкім шығару мәселесінде би мен соттың функциясы бір болғанымен, араларында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Бидің балалары заңнан тәлімі бар болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қалады.
Сол сияқты:
Бидің санына шек қойылмайтын болса, әрбәр округте мировой судья бірнешеу болады.
Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де, еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокатар сиятқты билердің маңызы жеке беделге негізделген. Ал мировой судьяның сайлауында арнаулы тәртіп, парық бар.
Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады, оның беделі жойылғанда билік құруына құқы болмайды. Би қазынадан да, халықтан да ешқандай пұл алмайды, бірақ, биден биақы алады, ал, мировой судьяғаземствоның алым-салығынан белгілі мөлшерде қаражат бөлінеді.
Билердің мәжілісі мезгілсіз, кейдейсоқ оқиғалар мен ахуалдардың себебі бойынша шақырылады.
Әрине, билердің қанаушы тап мүддесін көздейтіні, халықты езуге мүдделі болғаны талас тудырмайтын жайт. Бірақ, Шоқанды өз заманы тұрғысынан алсақ, ол мәселе дұрыс шешілген деген ойға келеміз. Шынында да, халыққа бала кезінен таныс, беделі бар билер сотын сақтап қалуда белгілі бір тәртіп бар. Шоқан бітімгершілік соттың әділетсіздікке баратынынғ соның басқалай былықтарын да жақсы білген. Отаршыл Ресейдің отаршыл сотынан әділет күту қиын болғандықтан, Шоқанның билер сотын сақтап қалыға ұмтылуы көңілге қонады.
Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңаршылығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді-кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.
Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады.
Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын «айрықша мәнді оқиға» деп атап, оны «қырғыздардың нақты білімінің бастамасы» деп санады.
Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың өте пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін «Қырғыз хрестоматиясының» бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды. Сауатсыз, білімсіз адамдар – қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар – ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеңін алдыңнан
Іздеме-ақ табылар – деп жазды Алтынсарин.
Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану. «Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана» деп көрсетті Ы. Алтынсарин.
Сонымен, Ы. Алтынсаринның ағарту идеясы қоғамда ғылым мен білімнің рөлін дәріптеуге бағытталған. әлбетте, бұл жерде қоғамдық өмірмен байланыстырылмай алынған ғылымның рөлін асыра дәріптегенін байқауға болады. Ы. Алтынсариннің орыс-қырғыз мектептерін ашуы, «Қырғыз хрестоматиясын» жазуы, қазақ ауылдарында орыс әдебиетін таратуы Қазақстан мәдениетінің дамц тарихында үлкен оқиға, революциядан бұрынғы дәуірде қазақ халқының рухани өміріндегі дамудың бастамасы болды.
Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі оның демократиялық пікірлерінің айқын көрінісі еді. Ол еркі жоқ бұқараның қорғаушысы болып, езілген, сауатсыз халыққа жасаған қанаушылардың әділетсіздіктеріне, қастандықтарына, зорлық-зомбылықтарына, заңсыздықтарына қарсы шықты. Ол қоғам ауырпалықтарын, үстем таптар өкілдерінің ел үстінен күн көрген жарамсыз мінездерін өткір сынға алды.
Өзінің шығармаларында Ы. Алтынсарин көбінесе жергілікті өкімет, сот орындарының өкілдерін, молдаларды сынады, себебі, оның шығармалары негізінен оқушы балаларға арналған еді. Ы. Алтынсарин оқушылардың көпшілігі болыс, ауылнай, сот болатынын жақсы білді. Сондықтан Ы. Алтынсарин оқушылардың бойына ізгілік өрнегін егу үшін «Қырғыз хрестоматиясында» демократия және гуманизм рухында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді басты. Келешекте қазақ ауылдарында демократиялық идеялардың таратушысы болу үшін, оларды әділеттік, тазалық, шындық рухында тәрбиеледі.
Ыбырай Алтынсарин патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген қлт саясатында сын көзімен қарады. Реседің үстем таптарының орыс ұлтына жатпайтын басқа халықтарға жүргізген ұлттық кемісітушілік саясатын көре білді. Орыс шенеуніктерінің қазақтарды төменгі нәсілдің адамдары деп санауы, қазақ халқына надан, тұрпайы көріп, жиіркенішпен қарауы Ы. Алтынсарин секілді халықтың адал ұлдарына өте ауыр тиді. Ы. Алтынсарин «білімді орыстардың» жергілікті халықты жек көре қарауын сынай отырып, мәдениетті адамдардың міндеті – қазақ халқын мешеусің деп қорламай оның мәдениетінің дамуына көмектесу деді.
Ол өз заманының қоғамдық-саяси тәртіптеріне де сын көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдарын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты тұтас сынауға өресі жетпеді.
Ы. Алтынсарин тарихты терең білмеуі әлеуметтік әділетсіздіктің түп-төркіні қоғамыдқ-саяси қатынастарда екенін түсінуіне мүмкіндік бермеді. Надақтықты жою үшін олардың экономикалық негізін құртып, қоғамды революциялық жолмен жақсартып, халықтың экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету қажет.
Ы. Алтынсарин замандастарын гуманизм тәрбиелеуге тырысты, оларды кедейлерге, бақытсыздыққа ұшырған адамдарға жәрдем беруге шақырады. Бай таптардың өкілдерін кедейлерге жәрдемдесуге шақырғанымен, іс жүзінде байлардың кедейлерге рақымсыздығын, олардың қарапайым халыққа жасаған заңсыздықтарына, әділетсіздіктеріне, озбырлығына куә болды. Бұл жағдай мәңгі болуы мүмкін емес, арамза мырзаларды жазалайтын күн де туар, деген ой ұшқыны Ы. Алтынсаринде де болды.
Қазақ халқының мәдениетін дамытуға бағытталған Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі, оның езілген еңбекшіхалықты ашық жақтауы, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауы феодалдық үстем таптарға және ресми өкімет орындарына ұнамады.
Өз дәуірінде Ы. Алтынсарин Қазақстанның экономикалық даму келешегі, қазақ халқының болашағы, оның қандай жолмен алға басатыны туралы аса құнды, терең ой-пікірлер айтты.
Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады.
«Қырғыз хрестоматиясында» басылған «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде революциядан бұрынғы Қазақстанда кең таралған барымтаны айыптайды, қазақ көшпелілерінің отырықшылдыққа өтіп, мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналасуын, қазақ ауылдарының арасында сауданың дамуын жақтайды. Сонымен бірге Ы. Алтынсарин Қазақстанның дамуын табиғи процесс ретінде қарады. Ы. Алтынсарин қазақ халқының бұдан былайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді қате деп санады. Ы. Алтынсариннің бұл ойлары осы күнде де маңыздылығын жоймаған.
Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды.
Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.
Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.
Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.
Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көщге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, өздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол.
Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адасның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады.
Абай қазақ қоғамының болмысына терең үңіле білді.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол –
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жемеңіз.
Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
«Ғылым таппай мақтанба».
Абайдың ойынша, елдің жақсы, жаман болуы оның ынтымақ берекесіне байланысты. Ол ел берекелі болса – жақсы жайлау, ол бір – көл дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады: «Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді.
Абайдың айтуынша күллі (38-қара сөзінде) адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық дейді. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Жалпы, Абай әлеуметтік мәселелерге моральдық тұрғыдан келеді.
Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған.
Абай жалпы билік ұғымына қалай қарады? Абайдың өмірлік шұғылданған кәсібі – билік, кәдімгі дала биі еді. Әрине, әділ би болды. Қандай қоғамда қандай билік үстем құрады, ол неге негізделеді және би мен заңның арақатынасы қалай ажыратылады немесе неге негізделеді. Билердің шешімі Абай үшін тек қана басқару үшін емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан тамыр тартқан «толық ұғым» (концепция).абай үшін бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды. Сондықтан да ол қазақ дәстүріне жат патшалық заң – законды жақтырмай, оның отаршыл пиғылына сенімсіздікпен қарап:
Абай Ресей заңына сенімсіздік білдіреді. өйткені отарлық билікті қамтамасыз етуге, соны қорғауға арналған заңда тұрақ болмайды. Ол мемлекеттің күнделіктісаясатына орай бейімделіп отыратындығын, бір ғана жақтың – отаршыл биліктің ғана мүдесіне қызмет ететінін Абай түсінеді.
Сол кездегі билікке, салтқа, заңға қарсы шығуының өзі абайдың рухани тәуелсіздікке ұмтылғанын байқатады.
Хандықты жою – қазақтың мемлекеттігін жоюға және халықтың санасындағы мемлекеттік тұтастық ойлау жүйесін өшіруге алып келеді. Онда ұлттық үстемдік, мемлкеттік тұтастық, бірлік, мемлекеттік мүдде, идеология және ұлттық мақтаныш жатыр. Мұны Абай түсінген. Ол: «Сәулең болса кеудеңде, Мына сзөге көңлің бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, қаптаған соң көзді шел» - деп қатулана сөйлейді. Сондағы айтпағы:
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел? – деген ой.
«Сәулең болса кеудеңде»
Абай биліктің жағдайын және оның баптарын жақсы білген. өзі де заң шығаруға қатысқан.
Абайдың экономикалық прагматизмді (пайдалылықты) жақтауының себебі, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанға сауда капитализмі еркін ене бастаған. Бұл әлеуметтік қозғалыс басында саудагер таптары болса, бұл тапқа бірте-бірте қазақ жастары да араласа бастаған. Абайдың: пайда деп, мал деп туар ендігі жас, еңбекпен малын сатып түзден жимас, дегенде жастардың сауда ісіне ықыласын бейнелеген. Абайдың арманы малды еңбекпен табу. Жастар жалған жолға түспей, адал еңбекпен мал тауып жұртқа жақса дейді.
Осылайша, Абай әкімшілік және сот мәселелері бойынша өз пікірлерін ашып айтты. Қызметті және басының мүддесіне пайдаланушы жергілікті әкімдердің сайлауларда болатын айла-амалдарын, қулық-сұмдықтарын, алаяқтығын, соттардың әділетсіздігін, сатылшығтығын өлеңдеріңде және қара сөздерінде батыл сынады.
Қазақ халқының мешеулігіне қайырған Абай патриархалды-феодалдық әдет-ғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертарпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының прогресс жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді.
Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан (мемлекет жағынан) басқарып, жас буынды тәрбиелеуде үздіксіз қамқорлықтың керектігін көрсетеді.
Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзіне аспайтын қыял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды.
Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті. Ұлы ойшыл ақын жастарға жар тандау мәселесіне де дәл осы тұрғыдан келудің қадет екендігін үйретті.
Абайдың сүйіспеншілік, махаббат, отбасы жөніндегі пікірлерінің құндылығы – демократиялық, ойларды ту еріп ұстайлы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, экономист. Студент кезінде саяси жұмыстарға белсеңді қатысқан. Маркс ілімін оқыды. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. «Коммунистік жар» деген атпен «Коммунистік партия манифесін» қазақ тіліне аударды. Ол өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің әділетсіз отаршыл саясатымен күресуге арнады. Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділетті құру үшін тер төкті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейхан 1906-шы жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде Қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасы Орал қаласындағы «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат мен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ ажстары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойды.
Ә. Бөкейхан басқарған Қазақ кадеттерінің бағдарламалық міндеттері көптеген мәселе бойынша орыс кадеттерінен айырмашылықтары болды. Біріншіден, Ә. Бөкейхан қоғамдық-әлеуметтікқатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті, екіншіден,ол ұлттық мәселелерді шешуде де әлдеқайда терең ойлап ілгері кетті. Ол патша үкіметінің отарлық саясатын әшкереледі, бұл саясат іс жүзінде қазақ қоғамын дамытпай отырғаны былай тұрсын, қайта қазақтардың рухани әрі әлеуметтік қатынастарының азғындауына әкеліп отырғанын көрсетті.
Сөйтіп, Ә. Бөкейхан қазақ халқын алдыңғы қатарлы Ресей, онан әрі Еуропа мәдениетінің деңгейіне жеткізу мәселесін қойды. Қазақ халқының Ресей империясына бағыныштылығы оны ұдайы толғандырды. Осымен бірге қазақ халқының ру, жүздер арасындағы өзара дау-дамайлары мен жанжалдардың толастамай отырғандығы, ескі рулық-тайпалық, феодалдық қатынастардың үзілмегендігінен надандық, қараңғылық, сауатсыздықтың, т.б. орын алуы оның жанына жай таптырмады. Тығырықтан шығудың жолы – халықты ағарту, білімге тарту деп түсінді.
Санкт-Петербургтегі орман шаруашылық институтын бітіргеннен кейін, ол Омбыға келді. Мұнда ол 14 жыл тұрып, жұмыс істейді. Ол бұрын зерттелмеген қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайларды жан-жақты зерттеді, өзінің туған елін, халқын қорғап бірнеше мақалалар жазып, зерттеу қорытындыларын жарыққы шығара бастайды. Ә. Бөкейхан орыс шаруаларының қазақ елінің Солтүстік және орталық аймақтарында қоныстануына үзілді-кесілді қарсы болады. Ал, бұл процесс жыл сайын қарқын алып отырғанын көрсетті. Осы қоныстанудың барысында қазақ халқы 40 миллионнан астам гектар құнарлы жерінен айырылды, ал, жергілікті халық шөл және шөлейт т.б. құнарсыз жерлерге ығыстырылды. Осыған орай Ә. Бөкейхан шамасы келгенше бұл процесті тоқтатуға барлық шараларды қолданды. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатын жан-жақты әшкерелейді. Осы мазмұндас мақалалар Санкт-Петербургте шығатын «Сібір мәселелері» журналында 1908-1909-жылдары жиі жарияланып тұрды.
Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Оның «Сібір темір жолы аудандарының экономикалық зерттеу материалдары» 1904-ші жылы Ташкентте жарияланды. 1914-ші жылы Бөкейхан социал-демократиялық партияның құрылтайына қатысып, онда Ресей мемлекеттік депутаты А.Ф. Керенскиймен кездеседі. Құрылтайда Ә. Бөкейхан «Ресейдегі қырғыздардың жағдайы» туралы баяндама жасайды. Мұнда Ә. Бөкейхан Кадет партиясының орталық комитетіне сайланды. Орыстың массон ұйымының Жоғары Кеңесінің қаулысымен 1917-ші ылы Ә.Бөкейхан Батыс Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары болып тағанындалады.
Бұл жерде массон ұйымының саясаты Ә.Бөкейханның ойынан алыс жатты, яғни қазақтарға автономияны бермеу, өзін қуғынға салу мәселесі көзделген.
Осы жылдары ол өзінің қудалау мерзімі біткеннен кейін Орынборға келеді, бірақ, оның Омбыға баруына рұқсат етілмеді. Ә.Бөкейхан Орынборда қоғамдық-саяси жұмысқа онан әрі батыл кірісті. Орынбордағы халық Ә.Бөкейханды жергілікті үкімет – қалалық думаның мүшелігіне сайлады.
Ә.Бөкейхан өзқінің шығармалары мен мақалаларында басты мақсат етіп қазақ халқын Ресей империясының құлдық-бұлғауынан азат ету, бостандық, еркіндік алып, ілгері дамуды, басқа елмен тең құқықта болуды, өзін-өзі басқаруды, т.б. алға қояды. Ол 1917-ші жылғы Ақпан революциясынан зор үміт күтті, бірақ, бұл революция оның үмітін ақтамады. 1917-ші жылы көкекте Ә.Бөкейхан Ресейдің уақытша үкіметі құрған Түркістан Комитетінің құрамына кіреді де, уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары болады.
Елде болып жатқан көптеген жаңа оқиға, процесстерге байланысты Ә.Бөкейхан ұлттық саяси партия құруға мәжбүр болды. Ізінше «Алаш» партиясы құрылды. Оның мақсаты – қазақтың егеменді мемлекетін құру. Партияның 5 қазанында (№244) жарияланды. Партияның көшбасшысы Ә.Бөкейхан болды.
1917-ші жылы Ә.Бөкейхан Томск қаласында автономшылардың құрылтайына қатысты. Құрылтайда қазақтардың Сібір үкіметінің құрамында автономия алуға қаулы қабылданды. Осы жылдың желтоқсанында Орынбор қаласында бүкіл қазақтың құрылтайынды Алаш автономиялық мемлекетінің уақытша халықтық кеңесі – «Алашорда» құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Алашорданың жүргізе бастаған саяси-әлеуметтік өзгерістерінің сол уақытта болып жатқан азамат соғысы жоққа шығарды. 1919-1920-жылдары жоғары өкіметтің қаулысымен амнистия (кешірім) жарияланды. Алаш партиясының басшылығы большевиктер партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партияның көптеген басшыларының ішінде тек Ә.Бөкейхан большевиктерге қызмет етуден бас тартты. 1926-шы жылы КСРО ғылым академиясының шақыруымен автономиялық және одақтас республикаларды зерттеуге арналған ерекше комитетінде Қазақстанды зерттеу эксперті болып қызмет атқарды. 1927 жылдан 1937-ші жылға дейін Ә.Бөкейхан өзінің Мәскеудегі пәтерінде «үй тұтқынында» отырады. 1937ж. тамыз айында Ә.Бөкейханды Кеңес Өкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті ұйымдастырды деп айыптап, ату жазасына бұйырады.
Ә.Бөкейхан қазақтың географиясын жан-жақты терең зерттеген ғалым. Жер – адамзаттың алтын бесігі. Қандай да бір халық, ұлт болмасын, оның дамуы жерге байланысты. Ол Қазақстанның қандай аймағында жер құнарлы, құнарсыз екенін өте жақсы білген. Сондықтан осыған орай қазақ халқы өзінің ыңғайлы, тиімді, сапалы шаруашылығын ұйымдастыруы қажет деген.
Ол өзінің «Қырғыздар», «Павлодар уезі», «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», т.б. мақалаларында жер, мал шаруашылығы туралы өте көптеген ой-пікірлер, ұсыныс, кеңестер берген. Ә.Бөкейхан этногенез, яғни халықтардың шығу тегі туралы да маңызды зерттеулер жүргізген. Мұны оның мынадай шығармаларынан байқауға болады. Олар: «Қырғыз елінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қырғыздар» және т.б. Бұл еңбектерінде статистикалық деректерді тиімді, ұтымды қолдана отырып, қай уезде қанша, қандай адамдар тұртынын айтқан.
Ә.Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейханның пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.
Ә.Бөкейханның мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми жаңа көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының қазіргі өмір жағдайына аәйкес келіп, іске асырылуда.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы аддынғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі ірі оқымысты – ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол еңбек жолын ағартушылықтан бастады. Орын алып отырған қиындықты деңу үшін ол қазақ жазуымен айналысады. Ол алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге кіріседі. Алдымен қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп-би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды.
Ол зерттеудің нәтижелерін 1912-ші жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде жариялайды. «Айқаптың» 1912-ші жылғы 9-10 сандарында және «Қазақ» газетінің 1913-ші жылғы 34-інші және одан әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген көлемді мақалалар жариялап, оларда қазақ дыбыстарын білдірмейтін араб алфавитінің кейбір таңбаларын қазақ жазуына енгізбеу керектігін, тұтас сөздің жіңішкелігін білдіру үшін дәйекші деп аталатын белгі қою қажеттігін дәлелдейді. Осы кезден бастап қазақ лингвистикасының терминдері жасалып, қалыптаса бастайды. Былайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыстық әдіске сай келетін кесте екендігін айтады. А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы қуана қабыфлдайды, себебі бұл қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп жасалған болатын. А. Байтұрсынов түзеткен жазу 1912-ші жылдардан бастап іс жүзінде қолданыла бастады, яғни осы жазумен кітаптар шықты, 1913-ші жылдардын бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де осы жазу қолданылды. А. Байтұрсынов реформалаған араб жазуы 1924-ші жылы ресми түрде қабылданды. Бұл - өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиеттің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары үлгі тұтып, өз жазуларына өзгерістер енгізді. Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін, яғни «реформаланған қазақ жазуы қазақ мәдени талаптарын әбден өтей алады» деген көзқарасын латын алфавитіне көшу жаында әңгіме басталғанда, кейін 1926-щі жыылғы Бакуде болған түркі халықтарының Бүкілодақтық құрылтайында барынша дәлелдеп, латын қарпіне көшуге қарсы пікірде болғаны түсінікті, 1929 және 1938-жылғы репрессия кезінде А. Байтұрсыновтың бұл пікірі «ұлтшылдық, пантюркистік, антисоветтік» деп бағаланғаны белгілі. Шындығында бұл баға дұрыс емес.
А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. 1902-ші жылдан бастап ашылған «ауыл мектебі» деп аталатын үш жылдық бастауыш оқу орнының өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын, кейбір пәндердің тілі қазақша болғанымен, оны оқытуға арналған, ресми түрде қабылданған кесте жоқ болатын, әр мұғалім өз ыңғайына қарай орыс, не арабжазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ оқығандары қазақ даласында оқу-ағарту ісінің дұрыс жолға қойылуын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашулары керектігін, оқудың ана тілінде жүргізілуін үкіметтен талап етеді. Осы талаптың жүзеге асырылуы үшін қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппені – «Оқу құралын» жазған адам - А. Байтұрсынов. Ол бұл құралды 1912-ші жылыОрынборда жарыққа шығарады. Ол кейін бірнеше рет басылады. 1926-ші жылы автор «әліпбидің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабы болатын. Сонымен бірге ол ересекретдің де сауатын ашуға арналған «Әліп-би» жазды, ол Орынборда, Семейде басылды.
Көп ұзамай (1912ж. тұңғыш әліппе жазғаннан кейін) А. Байтұрсынов қазақ балаларына қазақ тілін тереңдетіп оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Тіл құралы» деп аталған бүл оқулықтың фонетикаға арналған І бөлімі 1915-ші жылдан, морфологияға арналған ІІ бөлімі 1914-ші жылдан бастап 1927-1928-жылдарға дейін 6-7 басылым көрді.
«Тіл құралы» қазақ мәдениетінде бұрын кездеспеген соны құбылыс болды, оны автордың өзі де ескертеді. Қазақ грамматикасын талдап-тануда А. Байтұрсыновтың еңбегін екі тұрғыдан атау керек: біріншіден, ол қазақ тілі грамматикамына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап ұсынды. Бұл атаулардың өте сәтті екенін өзге түркі тілдерінің мамандары атап кетеді. Екіншіден, қзақ тілі морфологиялық тұлға-тәсілдерінің бірсыпырасын А. Байтұрсынов жаңаша талдап, соған анықтамалар береді. Қазақ тілін зерттеуші орыс ғалымдарының қате таныған тұстарын А. Байтұрсынов түзетіп, талдайды. Қазақ фонетикасы мен грамматикалық құрылысын тануда көп ретте тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіне тән даму барысын ескертетін қағыдан қатаң ұстайды.
Сөйтіп ана тіліміздегі ғылым саласы – қазақ лингвистикасы 1917-ші жылғы Қазан революциясынан бұрын, өткен ХХ ғасырдың 10-ыншы жылдарынан бастап қалыптасты және оның ірге тасын қалаушы Ахмет Байтұрсыноа болды.
Ол ең алдымен, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Қазақ жастарының бірнеше буыны ана тілінің сыр-сипатын осы құралдар бойынша танып, үйренді. Қазақ лингвистерінің бұл күнге аға буыны болып отырған тобының білім-ғылымдағы алғашұы ұстазы А. Байтұрсынов болғандығы, бірқатары Ташкенттегі Қазақ Халық Ағарту Институтында, Алмтыдағы ҚазПИ-да, қазіргі АМУ-де дәрістерін тыңдап, тікелей шәкірттері болғандығы ақиқат. Екіншіден, ол – араб кестесіне негізделген қазақ жазуының реформаторы. Бұл жазу ХХ ғасырдың 10-ыншы жылдарынан бастап 20-ыншы жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, жазба дүниесіне, оқу-ағарту ісіне жақсы қызмет етті. А. Байтұрсынов жасаған жаңа араб жазуы күні бүгінге дейін қолданылып келеді: Қытай Халық Республикасындағы, Ауғанстандағы, Ирандағы қазақ бауырлар сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін қазақ тіліне лайықталған түрімен шығарады. Шетелдегі қазақ бауырларға арналып, бұл күнге өзімізде шығатын «Біздің Отан» атты газетіміз де А. Байтұрсыновтың рефоормаланған алфавитін пайдаланады.
Үшіншіден, А. Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, тұңғыш лингвист-ғалым. Ол – қазақ лингвистикалық терминдерінің авторы.
Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын бғып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызындап оятуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын, әсіресе, өлеңдерінде ашық өрнектейді:
Баяғы қалпы,
Баяғы салты
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей, болсын бай
Жатыр бейқам жым-жырт жай –
деп күңіренсе, тағы бір тұста:
Емшегін еміп,
Анаға сеніп
Бала ұйықтайды жастықпен,
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына дұрттың түрі оңбас!
деп, бала мен байдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал, кедей жұртына не жоқ, шалапқа мас болып ұыйқтау қалың сор, дегенді айтады.
Сондықтан:
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Дол сілтедім жақын емес, алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа! – дейді.
Ал, публицистік мақалаларында бұл ойын бұдан өткірірек тілмен батыра айтады: «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандақ кесапаты».
Ол 1895-1909-жылдарда Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді.
Қарқаралыда қызмет еткен жылдары А. Байтұрсынов әлеуметтік саясат ісіне белсене кіріседі, атап айтқанда, мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа араласады. Осындай әрекеттің бірі – 1905-ші жылы біт топ қазақ оқығандары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару органына петиция жолдайды. Онда қазақ халқына әлеуметтік теңдік берілуін, жер бөлісінде тұрғылықты халықтың мүддесі көзделуін, қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етеді.
Самодержавиеге қарсы пікірлер білдіріп, іс-әрекеттер жүргізіп отыр деген айып пен ұсталып, 1907-ші жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады. 1909-шы жылдың бірінші шілдесінде А. Байтұрсыновты Семей губернаторы Троицкийдің жарлығымен тағы да тұтқынға алып, әуелі Қарқаралы түрмесінде, кейін Семей түрмесіне қамайды. Губернатордың бұл жарлығына негіз болған – жергілікті тыңшылардың (Тәттімбет Шыңғысовтың) оның үстінен көрсеткен арызы. Бұл арызды А. Байтұрсынов меңгеріп отырған училищеде қазақ балалары бір өзбек сабады, училищеде бірде-бір орыс баласы жоқ (өйткені ұлтшыл А. Байтұрсынов оларды кіргізбей отыр) деген сияқтылар жазылады. Сондай-ақ арызды А. Байтұрсынов Мемлекеттік Бірінші думаның мүшесі Әлихан Бөкейханов пен және басқа қазақ оқығандарымен табысып, бірлесіп, үкіметке қарсы іс-әрекет жүргізіп жүр деген де айтылады.
Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының бастамасымен елден қаржы жинап, 1913-жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылды. Сөйтіп ол 1913-ші жылдың басынан 1917-ші жылдың соңғы айларына дейін осы ұйымның редакторы болып еңбек етеді.
«Қазақ» газеті 5 жылдай (1913-1918ж.ж.) уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін едуәір көп таралыммен (8000 дана) шығып тұрған. Бұл газет ең алдымен қазақ халқының ұлт-азаттығын және мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күресті мақсат етіп қояды.
А. Байтұрсынов 1917-ші жылғы Ақпан революциясын, монархияны құлатып, халықтарға азаттық әкелді деп шын көңілмен қарсы алды. Осы азаттықты нығайту саясатымен патшаның қол астында болған әр халықтың өз ішінде бас қосып, бірігу, ол үшін құрылтайлардың өткізу әрәекеттері қолға алынды. Әрине, бұл әрекеттерді жүзеге асыру сол халықтың көзі ашық, озық ойлы зиялы қауымының мойнында болды. Зерттеуші Б. Қойшыбаевтың жазғандарына қарағанда, Торғай облысының осындай құрылтайын ұйымдастырып, оны 1917-ші жылдың сәуір айында өткізушілердің А. Байтұрсынов болды. Бұл құрылтайда қазақ құрылтайын шақыру керек деген мәселе қойып, оны ұйымдастыратын алқа сайлайды. Қазақ құрылтайы осы оқиғадан бірнеше ай өткен соң 1917-ші жылдың 21-28 шілдесінде өтті. А. Байтұрсынов сол қрылтайды ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақ ішінде саяси партия құру жөнінде тұңғыш рет мәселе осықұрылтайда көтерілді. Петроградта өтетін мұсылман құрылтайына – Құрылтай жиналысында осы партияның делегаттар сайлауы керектігі айтылды. «Қазақ» газеті осы мақсаттй орындау үшін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ұлт комитеттерінің басын құрап, партия етіп, оған «Алаш» деп ат қойып, делегаттар сайлау найқауынына кірісу керектігін жазды.
Бұл газеттің 1917-ші жылдың 21-қарашасындағы санында жанадан құрылған «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаны жасап, қол қойған алты адамның бірі А. Байтұрсынов болған. 10 тармаққа бөлініп көрсетілген бағдарламада Ресейдің демократиялық-федератвитік республика боолуға тиістігі, Қазақтың ұлттық автономиялық мемлекетінің құрылуы, дінді мемлекеттен бөлу, сот істерінің тәртібі, салық салу тәртібі, халыққы білім беру, жұмысшы заңдары, жер заңы, т.б, мәселелер көзделді. 1917 – ші жылдың 5 – 13 желтоқсанында өткен екінші жалпы қазақ құрылтайына 25 мүшеден тұратын «Алашорда» атты уақытша халық кеңесін (үкіметін) құру туралы шешім қабылданды. Қазақтан сайланға 15 мүшесінің ішінде, яғни «Алашорда» үкіметінің басшылық құрамында А. Байтұрсынов болған жоқ. Ол оқулықтар жазу жөніндегі Комиссияға сайланды.
«Алаш» - 1917-ші жылдың орта тұсында құрылып, 1920-жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезіңдегі платформасы ұлттық даму, ұлттық тең құқықтық үшін күрес болса, бұл идея сол теңдікке оқу-білім, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан А. Байтұрсыновты елеңдетпей тұра алмады. Демек, жалғыз А. Байтұрсынов емес, сол кезеңдегі көзі ашық, санады қазақ зиялыларының көпшілігінің «Алаш» партиясына тоатасуының субъективтік жағымен қатар, объективтік те себептері болғанын ескеру керек, яғни өнер-білімнен кенже қалған қазақ қауымын оқуға шақыру, сол жолда қызмет ету – ағартушылық идеясы ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі қазақа қоғамындағы басты ағымдардың бірі болғаны белгілі.
А. Байтұрсынов «Алашқа» қызмет ете жүріп, өзге партиялардың да көздейтін мақсаттарына, ұстаған бағыттарына үңілді. Оны қазақ халқы үшін қай партияның бағдарламасы қолайлы деген ой толғандырды. «Алаш» партиясының Қазақ төңкерілісінен кейінгі ұстанған автономия-ұлтшыл платформасы қазақ қоғамының әрі қарай дамуына қол емес екенін түсінеді. Сондықтан 1919-ші жылдың Наурыз айынан бастап өз қалауымен Кеңес үкіметі жағынан шығарады да,бірден алуан түрлі жауапты мемлекетік істерге араласады. 1919-ші жылы «Алащ» партиясынан шығып, ол 1920-шы жылдың РК(б)П қатарына енеді. Сол жылы ол Коминтерннің РК(Б)П 2-ші конгресінде Ленин бастаған делегация құрамында болып, қатысады. А. Байтұрсынов халық ағарту комиссары, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі лауазымдарын атқара жүріп, Қазақстанда автономиялық мемлекет құру ісіне жаңа әлеуметтік қатынастар орнату ісіне зор үлес қосты. Оның қазақтың автономиялық мемлекетін құруды қалай түсінетінін 1920-шы дылжың 17 мамырында Ленинге жазған хатынан анық көреміз. Онда ол, біріншіден, қазақ өлкесін басқаруға халықтың күйін жақсы білетін, халық сенетін адал коммунист қазақтардан қою керектігін дұрыс дейді; екіншіден, аралас ұлт өкілдерінен тұратын аймақтарды басқару орындарында езілген ұлт өкілдері кемінде үштен екісін құрау керек дейді; үшіншіден, қазақ өлкесінің шаруашылық-экономиялық мекемелерін басқару ортақтандырылуына немесе ортақтандырылмауына қарай ешбір бөліске түспей немесе басқа губернялар мен облыстарға бағындырылмай қазақтардың қолында болуға тиісті; төртіншіден, қазақ коммунистері мен интеллингенциясының барлық саяси-мәдени жұмысы кеңес социалистік шаруашылық саясатында негізделіп, жүргізілуі керек; бесіншіден, Қазақстанды, оның астанасы Орынбормен біріктіріп басқаратын әскери округ құру; алтыншыдан, қалалардағы әскери гарнизондар міндетті түрде қазақтардан болуы керек; Ахмет Байтұрсынов шын мәніндегі автономия осылай болу керек деп түйген еді. Әрине, оның ұсыныстары іске асу былай тұрсын, тіпті Қазақстан Одақтас Республика болғанда да оның мемлекет ретінде егемендігі болмады. Қазақ қоғамының дамуы мешеулеп қала берді. Осындай қоғам дамуындағы келеңсіздікті (кемшіліктерді) сынағаны үшін А. Байтұрсынов абақтыға жабылып, 1937-ші жылы атылып кетті