Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы «Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі»


Үлгермеушіліктің негізгі себептері



бет2/9
Дата20.05.2024
өлшемі136,36 Kb.
#202527
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
уз узини

1.Үлгермеушіліктің негізгі себептері
Сабаққа үлгермеудің себебі көп. Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында.
Үлгемеушіліктің негізгі себептері мыналар:

  • жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісі дәрежеде талап етпеуі;

  • үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау;

  • мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы;

  • тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардын тәртібінің төмендігі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақытылы және тиісті шара колданбауы;

  • бағалаудағы біржақтылық: оқыту мен тәрбие үрдісіндегі сабақтастықтың болмауы; сабақ босату, оқушының ауырып қалуы, т.б

Отбасы жағдайында психологтың ойынша оқушының үлгермеу себептері мыналар:
- ата-ана мәдениетілігінің аздығы, педагогпен байланыстың жоқтығы; - отбасындағы сәтсіздік; - балаға талап қою бірлігінің жоқтығы; - отбасында бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы; - Балаға дұрыс қарым-қатынас жасамау; - білім алуға баланың дайындығының жоқтығы; - баланың жалпы дамуының жетілмеуінен, аурушандығынан.
З.И.Калмыкова үлгермеушіліктің негізгі екі түрін көрсетеді:
Бірінші түрі – тәрбиеге көнбейтін, білімінде кемшілігі бар, бірақ қабілетті оқушылар. Бұл балалардың білімі жүйесіз, өзін бағалауы жоғары. Мұндай балаларға дер кезінде қол ұшын берсе, оқу үлгерімін біршама түзеуге мүмкіндік бар.Баланың өз ынтасы болмаса, қаншалықты қатаң бақылауға алғанмен, оқу үлгерімі түзелиейді.
Екінші түрі – оқу үлгерімі төмен оқушы. Бұл түрдің өзіндік бірнеше топтары бар:
1. Ерте жастан бастап тәрбиеге көнбейтін балалар жатады. Мұндай балалардың ішінде балалар үйінде тәрбиеленушілерді жиі кездестіруге болады. Бұл балалар ерте жастан бастап үлкендердің қолдауы мен көмегіне мұқтаж. Балаларға жеткілікті көңіл бөлінбеген.. Еш мағынасы жоқ іспен айналысып отыра беруі ықтимал. Мектеп жасына жақындаса да бала сурет салуды да, қиялдап ойлауды да білмейді, сөйлеу тілі өте тар. Түсініктері толық қалыптаспаған, ең маңыздысын бөліп көрсете алмайды. Бұл балалар мектепте бірден үлгермеушілірдің қатарына кіреді.Ерте жастан түзету жұмыстары жүрмесе, бұл балалардың дамуында артта қалушылық байқалып, алға басу тіпті мүмкін болмайды.
2. Бұл балалар табиғатынан нақты түсініктері бар, санасында көрген дүниесі сақталған, бірақ ауызша ойын жеткізуі шорқақтау. Оларды оқыту барысында үнемі көрнекі құралдарды пайдалану қажет. Жаңаны тану міндетті түрде нақтыдан абстрактылы ұғымғабаяу, абстрактылы ұғымнан екінші абстрактылы ұғымға өту арқылы жүзеге асырылады. Мұндай балаларға бірінші жылжан бастап, даму ерекшеліктері ескеріліп, жеткілікті көңіл бөлінсе, барлық кемшіліктерді жеңуге болады.
Үлгерімін жақсарту бағытындағы жұмыстарға мыналар жатады:
1. Отбасында бала тәрбиесіндегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруі. 2. Ата-ананың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жоғарылату. 3. Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналарды белсенді түрде араластыру. 4. Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын бақылау. 5. Баланың жағымды және жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ата-анаға жеке кенес және көмек беру. 6. Сыныптағы оқу тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру. 7. Сыныпта ізгілендіру қарым-қатынасын алға қоя отырып, шағын топтарда қолайлы жағдай жасау. 8. Балаға жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу. 9. Балаға психологиялық зерттеу жасау және қажетті психологиялық көмек көрсету. 10. Жеке жұмыс барысында интеллектуалдық, адамгершілік, еркіндік, көңіл күй сезімдерін қалыптастыру. 11. Оқудағы жағымсыз ынталарының туу себептерін анықтау. 12. Оқушының қызығуын, бейімділігін негізге ала отырып дамыту.
Мұндай жұмыс түрлері оқушыға үлгерімін жақсартуға көмектеседі. Оқушыны жақсы, орта, төмен деп бөлмей, оларды тұлға ретінде қалыптастыруға психологпен, әлеуметтанушымен, медбикемен жұмыс ұйымдастыру керек.
Әлеуметтік педагогтың ойынша, үлгерімі жақсы оқушының әлеумет жағдайын тексере отырып, үлгерімі төмендеп кетпеуі үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргізу керек:
1) жеке әңгімелесу; 2) ата-анамен сұхбаттасу; 3) мадақтау аркылы баланың ынтасын арттыру.
Үлгерімі және әлеуметтік жағдайы төмен оқушылармен жұмыс барысында психолог, әлеуметтанушы, сынып жетекшісі мына мәселелерге көңіл бөлгені жөн. Яғни, баланың жеке басын мадақтау арқылы ортада өзін еркін сезінетіндей нәтижеге жеткізу керек. Ата-ананың ойынша, мұғалім мамандығы өте қиын. Сондықтан баланың біліміне, тәрбиесіне басты жауапкершілік ата-ананың мойынында екенін сезінуі керек.
Мектеп психологтарының бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді соған қысқаша тоқталсақ, ең алдымен, психологтар мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтар сипаты) Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер, семинар, тренингтер өткізілуі тиіс. Олардың тақырыптары: «Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру», «Үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті», т.т. бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып, пікірлер тындалып, үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет. Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі.
Мұғалімнің үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу мақсаттары: нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім, білік, дағдыларының жағдайын және сыныптарындағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекетін талдау.
- кадрларға мінездеме беру, аты-жөні, білімі, педагогикалық өтілі, кәсіби біліктілігін көтеруі; - нашар үлгеретін оқушылардың білім, білік дағдыларының - жағдайы; - нашар үлгеретін оқушылардың саны және олардың білім олқылықтарының есебін жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет