Ата-ана қадағалауының төмендігі
|
Ата-ана қадағалауының төмендігі оқушының оқу сапасының төмендеуіне әсер етеді. Ата-ана мен мұғалім арасындағы жиі қарым-қатынас ата-ана қадағалауына мүмкіндік ашады.
|
Сабақты себепсіз босатуы
|
Ата-ана қадағалауының аздығы, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым- қатынгастың төмендігі баланың жаман қылықтарға әуестенуіне жол ашады. Сол себепті мұғалім баланың сабақтан қалу себептерін айқындап ашып, ата- анасымен кездесіп, пікір алысуы және мектеп басшысына осы жайында хабарлама түсіріп отыруы керек.
|
Қоғамдық ортадағы кері әсерлер
|
Оқушының мектептегі және үй ауласындағы достарын біліп отыру. Жас жағынан үлкендермен араласпауын қадағалау. Баланың басқа ортаның адамдарымен араласуын болдырмау. Бос уақытын көшеде не аулада өткізуіне жол бермеу, баланың мектептен тыс уақытында үйірмелерге, спорт түрлерінің секцияларын сынып балаларымен бірге баруын қалыптастыру.
|
Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың үлгерімін жақсарту барысында үш түрлі бағытты атап көрсетуге болады. Осы үш бағыттың бірлігінде жұмыс үнемі орындалса, мұғалімдер қиыншылыққа ұрынбас еді. Олар: психо-педагогикалық, медико- биологиялық және әлеуметтік бағыттар. Бұл бағыттар оқушының даму дәрежесіне, сабаққа қатысуына, оқу үрдісіне жеке оқушының өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек береді.
5.Оқушылармен жұмысты ұйымдастырудын технологиялық картасы
Достарыңызбен бөлісу: |