а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кесте
в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.
7. Әдебиеттер:
Негізгі :
Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010.-288 с.
Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-144 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие. Медик В.А. и др.-М,. ГЭОТАР-Медиа, 2010.-144 с.
2. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению: учебное пособие/ под.ред. В:З. Кучеренко.-М., 2008-560 с.
3. Основы маркетинга. Лебедев О.Т., Филипова Т.Ю.-М., 1995 с.
4. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. Медик В.А.-М., 2006.-528 с.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут
ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру 245 минут
Ауру-сырқаулық халық денсаулығын сипаттайтын негізгі белгілердің бірі болып табылады. Ауру-сырқаулық деп халық арасында немесе бөлек топтарда (жастық, жыныстық, аймақтық, кәсіби және т.б.) бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығын айтамыз.
Ауру-сырқаулық денсаулық сақтау мекемелерінің ғылыми зерттеу және тәжірибелік қызмет объектісі ретінде бір бірімен байланысты түсініктер жүйесі болып табылады:
ауру-сырқаулық (алғашқы ауру-сырқаулық, incidence) халық арасында немесе бөлек топтарда бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығы;
аурудың таралуы (сырқаулық, жиналған ауру-сырқаулық ргеvаlеnсе) – биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылдары анықталып, биылғы жылы бірақ рет тіркеуге алынған аурулар жинағы;
дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар (патологиялық зақымдалу, роint-ргеvаlеnсе) — дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдықөзгерістердің жиынтығы.
Ауру-сырқаулық туралы мәліметтердің негізгі көздері:
емдеу алдын алу мекемелеріне қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша;
медициналық тексеру мәліметтері бойынша;
өлім себептері туралы мәліметтері бойынша.
Қосымша ресми көзі – мүгедектік себептерін зерттеу мәліметтері бойынша.
Қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша ауру-сырқаулық статисткасы: жалпы ауру-сырқаулық, жедел жұқпалы ауру-сырқаулық, эпидемиялы емес аурулық, госпитализацияланған аурулық, уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы болып бөлінеді. БДҰ айтуы бойынша ауру-сырқаулықтың әр бір көрсеткіші есептелген кезде мынадай талаптарға сай болу керек: берік, объективті, сезімтал, нақты.
Қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша жалпы ауру-сырқаулық.
Қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша жалпы ауру-сырқаулықты зерттеу үшін есептеу бірлігі ретінде осы жылы қазіргі аурумен бірінші рет қаралуын алады. Жедел аурулар диагнозы әрбір жаңадан пайда болған кезде, созылмалы аурулар жылына бір рет тіркеледі, созылмалы аурулардың биылғы өршуі қайта ауру ретінде есепке алынбайды.
Медициналық тексеру мәліметтері бойынша ауру-сырқаулық.
Медициналық немесе алдын алу тексерулері ауруларды табу мақсатында халықты зерттеу үшін қолданылатын емдеу-алдын алу көмегінің бір түрі болып есептеледі.
Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.
Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.
Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
Денсаулық сақтау субъектілері
Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
4) апаттар медицинасы ұйымдары;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
13) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
14) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
15) ұлттық холдингтер жұмыс істейді.
Уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережелерді;
2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын;
3) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгілік штаты мен штат нормативтерін;
4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді.
Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.
Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау субъектілері:
1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмектің көрсетілуін;
2) уәкілетті орган рұқсат берген диагнос¬тиканың, профилактика мен емдеу әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын;
3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен террористік актілер жағдайларындағы жұмысқа дайындықты;
4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат берілуін;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын;
7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты;
8) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;
9) уәкілетті орган және мемлекеттік статистиканы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін;
10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы – уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы – төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес;
2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде – белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен бейімделген емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдары ие болады.
Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
Ақылы медициналық қызметтер:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдік қызметтер көрсету;
2) дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;
5) медициналық айғақтарсыз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;
6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;
7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;.
Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:
1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;
2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін;
3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;
6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.
Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтер көрсетудің бағасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейтін осыған ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмендетілмей белгіленеді.
Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.
Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологиялық-анатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
5) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушілердің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.
Білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді
Мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.
Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.
Медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Медициналық көмекті ұсыну нысандары
Медициналық көмек:
1) амбулаториялық-емханалық көмек:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация;
6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
7) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
8) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
9) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:
1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;
2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды;
3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;
4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсетеді.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша құрылады.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитария¬лық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.
Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Стационарды алмастыратын көмек – бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары маман-дандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Жедел медициналық көмек – денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен жедел медициналық көмектің мамандандырылған ұйымдары мен қызметтері құрылады.
Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.
Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты көтеріп жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтеруді және мерзімінен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.
Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық, соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат ана бола алады.
Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары және келісім-шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледі.
11. Жаңа тақырыпты бекіту 30 минут
1. Денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтау ұйымдарының қай түрлері жүзеге асырылады?
Денсаулық сақтау субьектілерін қамтамасыз ету міндеттері?
Тегін кепілдендірілген медициналық көмекке не жатады ?
Ақылы медициналық көмек көрсету қандай жағдай ұсынылады?
Медициналық көмек көрсетудің қандай түрлері ұсынылады?
Сабақты қорытындылау 20 минут
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
Үйге тапсырма беру 20 минут
Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу.
№ 3 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Диспансерлер,ТЖМ, жедел жәрдем, отбасылық дәрігер амбулаторияларының жұмыстарын ұйымдастыру. Ана мен бала денсаулығын қорғау. Перзентханалар мен әйелдер консультациясының, медициналық балалар мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру. Санитария-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру.
Сағат саны: 6 сағат
3.Сабақ түрі: Дәрістік материалды пайдаланып, арнайы қосымша әдебиетті қолданып оқушыларға дәріс беру.
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің түрлерін, сонымен қатар медициналық мекемелердің құрылымын және қызметін білу;
тәрбиелік: Ана мен бала денсаулығын жақсарту, ана мен бала өлімін азайту;
дамыту: Профилактикалық, санитарлық шараларды дамыту.
Оқыту әдісі: Дәрістік материалды пайдаланып, арнайы қосымша әдебиетті қолданып оқушыларға дәріс беру.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кесте,
в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.
7. Әдебиеттер:
Негізгі :
Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010.-288 с.
Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-144 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие. Медик В.А. и др.-М,. ГЭОТАР-Медиа, 2010.-144 с.
2. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению: учебное пособие/ под.ред. В:З. Кучеренко.-М., 2008-560 с.
3. Основы маркетинга. Лебедев О.Т., Филипова Т.Ю.-М., 1995 с.
4. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. Медик В.А.-М., 2006.-528 с.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут
ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру 245 минут
Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыратындар – әдетте амбулаторлық-емханалық мекемелер. Бұлардың құрамына амбулатория (3-5 дәрігерлік мамандық бойынша қабылдау жүргізетін мекеме), емхана (кемінде 13-15 мамандықтан дәрігерлік қабылдау жүргізіледі), диспансерлер, мамандандырылған емханалар (стоматологиялық, физиотерапевтік, т.б.), әйелдер консультациясы, фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер.
Қала тұрғындарына жоғары дәрежедегі және мамандандырылған медициналық көмек қалалық ауруханаларда және бірнеше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерде (әйелдер консультациясы, перзентханада, диспансерлерде, кеңес беру және диагностикалық орталықтарда, т.б.) көрсетіледі.
Қалалық ауруханалар атқаратын, көрсететін қызмет түріне орай көпсалалы және мамандандырылған, ұйымдастырушылық жүйесі бойынша – емханамен біріккен және жеке, қызмет көлеміне сәйкес – түрлі категориялы, яғни төсек саны әртүрлі болады.
Біріккен қалалық аурухананы бас дәрігер басқарады, ал оның емдеу бөлімінің жұмысына орынбасары (бұл негізінде жатып емделетін бөлімге жауапты) жауап береді, сонан соң емхана бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысқа және әкімшілік-шаруашылық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыратын орынбасарлары болады. Бас дәрігер әрқайсысына тиісті жұмыс көлемін бекітеді, солар арқылы мекеменің барлық жұмысы атқарылады. Ал әрбір бас дәрігердің орынбасары іс жүзінде ауруханадағы (стационар), емханадағы бөлім меңгерушісіне барлық қызметтің түрлерін жүктейді және солардың жұмысының нәтижесіне сүйенеді.
Бір ескеретін жағдай медициналық көмекті қажет етіп келген әрбір 100 адамның 80-ні амбулаторлық-емханалық жағдайда емделіп жазылады, ал тек қана 20-сы жатып емдеуге (стационарға) жіберіледі. Сондықтан да емдеу-сауықтыру жұмысын атқаруда емханалар алдыңғы орында деп есептелінеді.
Қалалық емханалар кейде біріккен аурухананың құрамында болады, бірақ көбінесе қазіргі кезеңде жеке түрі қалыптасуда. Осыған орай емхананың бас дәрігері немесе емханалық жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасары болады.
Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсететін негізгі мекеме – қалалық емхана. Бұл мекемелердің 2 түрі бар; 1 – дербес, 2 – қалалық аурухананың құрамында.
Қалалық емхананың міндеттері:
– қолайлы, дер кезінде, білікті медициналық жәрдем көрсету;
– шұғыл медициналық жәрдем көрсету;
– айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың алдын алу, олардың ауруының түрін анықтау және емдеу жөнінде арнайы пофилактикалық-медициналық шаралар жүргізу;
– халықты диспансерлік бақылауға және тіркеуге алуды ұйымдастыру;
– салауатты өмір салтын және халыққа санитарлық-тәрбиені насихаттау;
– санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесін сақтау;
– басқа да денсаулық сақтау мекемелерімен өзара іс-әрекет үйлесімін және сабақтастығын сақтау.
Қалалық емхананың құрылымына мынадай бөлімдер кіреді: тіркеу орны, профилактикалық бөлімі, емдеу кабинеттері, қосымша диагностикалық кабинеттер, әкімшілік шаруашылық бөлімі.
Тіркеу орнының жұмысы өте маңызды, себебі ауруларды дәрігерлік қабылдауға жіберу, дәрігерді аурулардың үйіне шақыру бойынша баруын ұйымдастыру, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын толтыру, аурулардың дәрігерлік қабылдауға алдын ала жазылуы, шұғыл жәрдем көрсетуге жаздыру және тағы басқа жұмыстар атқарады.
Қалалық емхананың бақылауында 30 000 астам тұрғындар болса, онда құрамында профилактикалық бөлімін ашуға болады. Профилактикалық бөлім мынадай кабинеттерден тұрады: дәрігерден бұрын қабылдау кабинеті, әйелдер қабылдау кабинеті, ауру қаупі жоғары адамдарды іріктеу үшін сұрау жүргізу кабинеті, диспансерлік жұмысты ұйымдастыру және диспансерлік бақылау жүргізу құжаттарын сақтайтын кабинеті, санитарлық ағарту және гигиеналық тәрбие кабинеті, міндетті түрде диспансерлік бақылауда болатындарды қабылдау кабинеті.
Профилактикалық бөлімнің негізгі міндеттері:
ауыру қауіпі жоғары адамдарды және ауруларды тіркеуге алу;
кезекті және алдын алу профилакалық қарауды ұйымдастыру және білікті емдеу жүргізу;
диспансерлік қарауды жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
ересек адамдарға және жасөспірімдерге профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
аурулардың алдын алу үшін алашқы және кезекті профилактикалық шараларды жоспарын жасау;
халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді насихаттау және зиянды дағдыларға ( арақ ішу, темекі шегу, нашақорлық, уытқұмарлық, т.б.) қарсы жұмыс жүргізу және жүріс-тұрыс қозғалудың аз болуының, тамақ көп ішу, артық салмақты болудың зияндылығын түсіндіру.
Халық саны 400 000 астам ірі қалаларда көп бөлімді ауруханаларда, дәрігерлік жоғары оқу орындарының клиникаларында, ғылыми-зерттеу институттары құрамында консультациялық-диагностикалық емхана ашылуы мүмкін. Олардың негізгі міндеті-ауруларға арнайы жоғары мамандандырылған консультатаивтік және диогностикалық көмек көрсету, түрлі лабораториялық зерттеулер жүргізіп, ауруларды емдеу түрлерін анықтау.
Қалалық амхананың негізгі емдеу-профилактикалық бөлімінде кабинеттер ашылады, онда алуан түрлі мамандықты дәрігерлер болады: терапевт, хируруг, невропатолог, кардиолог, көз, құлақ-тамақ ауруларының дәрігерлері, тюб.
Қосымша диагностикалық бөлімінің құрамына рентген, лабороториялық-функционалдық зерттеу жүргізу, т.б. кабинеттер кіреді.
Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ең көп көрсететін терапевт-дәрігерлер. Олардың жұмысы учаскедегі тұрғындарға арналып ұйымдастырылады. Негізгі халық денсаулығын қорғау жүйесінде медициналық терапевтік учаске ең маңызды буын болып есептелінеді, әр учаскелік терапевт дәрігерлік көмек көрсетуде алда жүреді. Ол тек қана емдеуші емес, бүкіл халық денсаулығын қорғаумен: профилактикалық, ауруды анықтау, емдеу, айықтыру, диспансерлеу, санитарлық ағарту, жұмыс ұйымдастырушы, сонымен қатар учаске тұрғындарына мамандандырылған жәрдем көрсетуді де ұйымдастырумен шұғылданады. Сондықтан учаскелік дәрігер басқару, ұйымдастыру негіздерін жақсы білу керек.
Учаскелік дәрігер өзінің қол астындағы бақылаудағы (1700 адамға жуық) тұрғындардың денсаулығын зерттеп, оларға әсер ететін сыртқы ортаның түрлі факторларының зияндылығын азайтуды көздеуі керек. Учаскелік дәрігер өзінің учаскесіндегі тұрғындардың тұрмыс, жұмыс жағдайын, олардың тұрмыс-дәстүрін, зиянды әдеттерін білу керек.
Учаскелік дәрігердің ережесіне сәйкес ол мынадай жұмыстар атқарады:
– емханада, үй жағдайында өзіне тіркелген тұрғындарға уақтылы білікті дәрәгерлік жәрдем көрсетеді;
– жарақаттанғандарға, уланғандарға, тағы да сондай жағдайларда ауруларға жедел жәрдем көрсетуге міндетті:
– ауруды тиянақты зерттеп ауруханаға уақытысында емдеуге жатқызады;
– қажетті жағдайларда бөлім меңгерушісін, басқа емхана мамандарын, егер керек болса басқа да денсаулық сақтау мекемелерінен дәрігерлерді кеңес алуға шақырады;
– өзінің күнделікті жұмысында қазіргі уақыттағы жетістікті пайдаланып, профилактикалық, емдеу, сауықтыру, т.б. жұмыстарында жаңа әдістерді пайдаланады;
– ауруларды қазіргі уақытта қолданып жүрген ережеге сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын өткізеді;
– учаскедегі өзіне қарасты тұрғындарды диспансерлік бақылауға алуын ұйымдастыру және түрлі емдеу-профилактикалық шараларын жүргізеді;
– профилактикалық жұмысты, егуді ұйымдастырады және жүргізеді;
– жұқпалы аурулардың тарап кетпеуіне шара қолданады, ондай ауру анықталғанда міндетті түрде СЭС-ке хабарлау жібереді;
– дәрігер өзінің және учаскелік мейірбикенің үздіксіз білімін жетілдіруге тисті;
– учаскелік тұрғындардың арасында үздіксіз санитарлық ағарту жұмысты жүргізеді және солардың ішінен қоғамдық санитарлық актив дайындайды.
Учаскелік дәрігер өзінің жұмысын өзгермелі уақыт кестесімен істейді және 2 жыл сайын ауысып, 3 ай ауруханада істеу керек.
Білімін жетілдіру үшін дәрігер 5 жылда 1 рет жетілдіру немесе мамандандырылу курстарынан өтеді.
Учаскелік дәрігердің жоғарыда айтылғандай ең маңызды жұмысының бірі – профилактикалық бағыттылық. Бұл жұмыс диспансерлік әдісті қолдану арқылы жүргізіледі.
Диспансерлік әдістің мақсаты – халық денсаулығын сақтау, ол үшін дені сау адамдардың да, аурулардың да тиісті кезде денсаулығын тексеріп отырады. Ал ауыратындарды ертерек бақылауға алып, емдеу жүргізеді.
1984 жылдың ортасында халықты жыл сайын жалпы диспансерлік тіркеуге алу бағдарламасы қабылданған еді. Бұл жұмыс диспансерлік әдісті қолдану арқылы жүргізілуге тиісті болатын. Бірақ 1991 жылға дейін жақсы дамып келді де, кейін әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты жалпы диспансерлеу жүргізу тоқталды. Дегенмен, әр учаскелік дәрігер өзіне жүктелген диспансерлік жұмысты орындауға тиісті.
Қалалық емхананың жұмысының бір бөлігі – статистикалық мәліметтерді талдау және емхананың жұмысын сипаттайтын көрсеткіштердің деңгейін бағалау.
Барлық бір типтес емдеу-профилактикалық мекемелерде бірыңғай тіркеу құжаттары бар, олар денсаулық сақтау министрлігінде бекітіледі. Барлық күнделікті пайдаланатын медициналық құжаттар мынадай топтарға бөлінеді:
1. Күнделікті тікелей қолданатын құжаттар (емханадағы, ауруханадағы емдеу картасы).
2. Күнделікті тікелей пайдаланатын тіркеу құжаттары (дәрігерге қабылдану талоны, еңбекке жарамсыздық парағы, жұқпалы ауру туралы хабарлау, диспансерлік бақылау картасы, тамақтан улану және жұмыста пайдаланатын заттардан уланғанда хабарлау, дәрігерді аурудың үйге шақыруын тіркеу кітабі, жұқпалы ауруларды тіркеу журналы, т.б.).
3. Дәрігерлердің жұмысының нәтижесін тіркеу құжаттары (дәрігер күнделігі, диспансерлік бақылаудағы аурулар туралы мәлімет жинағы, т.б.).
4. Есеп құжаттары (емдеу-профилактикалық мекемелердің жылдық есебі, т.б.).
5. Қалалық емханадағы арнайы статистика кабинеті бар, онда алғашқы тіркеу жұмысы жүргізіледі, статистикалық құжаттардың дұрыс толтырылуы тексеріледі, есеп құжаттары толтырылады.
Толық және нақтылы статистикалық мәлімет алу үшін тіркеу және есеп беру құжаттарымен жұмыс істегенде мынадай шарттар орындалуы керек:
– тіркеу және жинақтау бағдарламасының бірлігі;
– көрсеткіштердің және оларды есептеу әдістерінің бірлігі;
– құжаттарды жинақтау және есеп тапсыру мерзімінің бірлігі;
– медициналық мекемелерде қатал статистикалық тәртіп енгізу.
Барлық мәліметтер жиналып болған соң емхананың жұмысын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер есептеліп, емхана жұмысына баға беріледі. Ол үшін 18,19,20,21 суреттердегі мәліметтер пайдаланылады.
Жоғарыда айтылғандай емхананың жұмысын бағалау үшін бірнеше статистикалық көрсеткіштер пайдаланылады, оларды жылдық есептің қорытынды мәліметтеріне сәйкес шығарады. Ал жылдық есепті құрастырғанда мәліметтерді дәрігерлердің күнделікті толтыратын тіркеу құжаттарынан алады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту 30 минут
1. Диспансерлер мен жедел жәрдем мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыру
2. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияларының жұмысын ұйымдастыру
3. Ана мен бала денсаулығын қорғау
4. Балалар емханасының жұмысын ұйымдастыру
5. Әйелдер консультациясының жұмысын ұйымдастыру
12. Сабақты қорытындылау 20 минут
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
13. Үйге тапсырма беру 20 минут
Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу
№ 4 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру. Денсаулық сақтау жүйесінің жоспарлары, қаржыландырылуы және экономикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің менеджмент, маркетинг және кәсіпкерлік салаларының негіздері.
Сағат саны: 6 сағат
Сабақ түрі: дәрістік сабақ
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыруды;
тәрбиелік: денсаулық сақтауды қаржыландырылуы;
дамыту: медициналық мекемелерді қаржыландыруды дамыту.
Оқыту әдісі: Дәрістік материалды пайдаланып, арнайы қосымша әдебиетті қолданып оқушыларға дәріс беру.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кесте.
в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.
7. Әдебиеттер:
Негізгі :
Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010.-288 с.
Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-144 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие. Медик В.А. и др.-М,. ГЭОТАР-Медиа, 2010.-144 с.
2. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению: учебное пособие/ под.ред. В:З. Кучеренко.-М., 2008-560 с.
3. Основы маркетинга. Лебедев О.Т., Филипова Т.Ю.-М., 1995 с.
4. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. Медик В.А.-М., 2006.-528 с.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут
ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру 15 минут
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің ауылдық медицина ұйымдарына: орталық аудандық аурухананың (аудандық аурухананың) емханасы (амбулатория), ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, фельдшерлік пункт жатады. Орталық аудандық аурухананың (бұдан әрі - ОАА), аудандық аурухананың (бұдан әрі - АА) жеке ұйым немесе құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - емхана) болып табылады. Емхананың құрылымы "Ауылдық аумақтың емханасының шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы" деген осы Ережеге қосымшада көзделген бөлімшелерден тұрады. Емхананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже ОАА (АА) меңгерушісі немесе бас дәрігері әзірлейді және бекітеді.
Емхананың негізгі міндеттері:
1) аудан орталығының халқын және тіркелген аудан халқын білікті амбулаториялық-емханалық жәрдеммен қамтамасыз ету;
2) ауданның амбулаториялық-емханалық бөлімшесінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету және бақылау;
3) аудан кәсіпорындарда, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істейтін халықтың, уақытша еңбекке жарамдылығынан айырылған және мүгедек адамдардың жалпы және балалар аурушаңдығының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу;
4) ауданның барлық амбулаториялық-емханалық ұйымдарының жұмыстарының практикасына аурудың алдын алу мен емдеудің осы заманғы әдістерін, амбулаториялық-емханалық жәрдемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін дер кезінде және кеңінен енгізу;
5) отбасын жоспарлау жөніндегі мәселелерді шешу болып табылады.
Емхана көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) жіті және аяқ астынан болған аурулар, жарақаттар, улану және өзге де бақытсыз жағдайлар кезіндегі науқастарға бастапқы және жедел медициналық көмек көрсетуді
2) бекітіліп берілген халыққа, оның ішінде қосып берілген учаскелерге, емхананың (амбулаторияның) амбулаториялық қабылдауындағыдай денсаулық жағдайына және аурудың сипатына байланысты емханаға келе алмайтын, төсек тәртібін сақтау, дәрігердің жүйелі бақылауында немесе ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешуді қажет ететін науқастарға үйде дәрігерлік көмек көрсету кезінде де дер кезіндегі және білікті дәрігерлік көмек көрсетуді
3) ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарынан жіберілген науқастарды консультативтік қабылдауды;
4) емханаға (амбулаторияға) өтініш берген науқастар мен дені саулардың ауруын ерте анықтау, білікті және толық мөлшерде тексеру;
Ауыл аймағындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ары қарай - ФАП) болып ауылдық дәрігерлік амбулатория немесе ауылдық дәрігерлік аурухананың амбулаторлы-емханалық бөлімшелері болып табылады, ашық және жабық түрде денсаулық сақтаудың тағайындалған тәртібімен жүргізіледі.
ФАП-қа жүктеледі:
1) тұрғындарға дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету ;
2) дәрігердің тағайындауларын толық көлемде және уақытында орындау ;
3) жүкті әйелдер және балаларды патронаждауды ұйымдастыру, Ұлы Отан соғысының мүгедектері, ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жүйелік бақылау;
4) профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың кешенін дәрігердің жетекшілігімен жүргізу,инфекциялық және паразитарлық, ауыл шаруашылық және тұрмыстық жарақаттардың аурушаңдығын төмендетуге бағытталған;
5) бала және ана өлімін төмендету боыйнша профилактикалық шараларды жүргізу, тұрғындарды иммунизациялау;
ОДА құрамына жатады:
1) тіркеу бөлімі, медициналық статистика кабинеті;
2) дәрігерлік қабылдау кабинеті: терапиялық, педиатриялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық, инфекциялық;
3) қосымша-диагностикалық кабинеттер: физиотерапиялық, лаборатория, рентгендиагностикалық кабинет сәйкес жабдықтарымен;
4) күндізгі стационар;
5) әкімшілік-шаруашылық бөлім;
6) ФАП, ФП, жеке бөлмелерсіз медицина қызметкерлері.
Денсаулық сақтаудың маңызды және күрделі міселелерінің бірі халыққа медициналық көмекті жоспарлау болып табылады. Денсаулық сақтау жоспары бұл мемлекеттік жоспардың, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының құрамдық бөлігі және денсаулық сақтаудың материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарын рационалды және тиімді қолдануға бағытталған.
Нарықтық экономикаға көшуде жоспарлау ұсынушы сипатқа ие болады. Халықтықтұрмыстық жоспарлар аймақтық және салалық деп бөлінеді. Денсаулық сақтау жоспарлары ең алдымен салалық болып табылады. Орындалу мерзімдері бойынша жоспарлар ағымды және перспективті болады. Ағымды жоспарлар бір жылға есептелген және перспективті жоспарлардың құрамдық бөлігі болып табылады.
Жоспарлаудың негізгі әдістері:
1. Талдаулық әдіс
2. Салыстырмалы әдіс
3.Баланстық әдіс
4. Нормативтік әдіс
5. Экономикалық-математикалық әдіс
Денсаулық сақтау жоспары келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
а) медициналық мекемелер тармағы;
б) медициналық ұжымдар үшін кадрларды дайындау қажеттілігі ;
в) капитальды құрылыс;
г) денсаулық сақтау мекемелерін капитальды-техникалық қамтамасыз ету;
д) денсаулық сақтау бюджеті.
Нарықтық экономика жағдайларында медициналық мекемелердің қызметін қаржыландыру тәжірибеде қаржылық менеджментті жүзеге асыра алу қабілеттілікке көп тәуелді, сол арқылы максимальды экономикалық әсермен денсаулық сақтау саласының мақсатына жетуді қамтамасыз етіледі (халық денсаулығын қорғау және нығайту). Қойылған мақсатқа жету жолдары ЕПМ қызметін жоспарлау мен қаржылық басқару ерекшеліктерімен анықталады.
Қаржылық жоспарлау мен болжамдау денсаулық сақтауды қаржылық басқарудағы маңызды қызмет болып табылады. Дәл осы қаржылық жоспардарды құрастыру мен жүзеге асыруға ЕПМ дің қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Денсаулық сақтаудағы қаржылық жоспарлаудың объектілері жеке ЕПМ дің қаржылық қызметі болады.
Медициналық мекеменің қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі екі топты бөліп қарастыруға болады:
1) Сыртқы факторлар
2) Ішкі факторлар
Сыртқы факторлар медициналық көмектің, қызмет бағытының және т.б.түрлерінің әр түрлі пайдасын медициналық мекеме жұмысының нағыз көрсеткіштеріне байланыссыз анықтайды. Бұл қазіргі жағдайларда экокномикалық көзқараспен қарағанда ЕПМ нің ең рационалды қызмет бағыттарын таңдау ориентирлері. Алайда бұл қоғамның және медицинаның көзқарасы бойынша тиімді қызмет түрі болмауы да мүмкін.
Ішкі факторлар медициналық мекеменің ерекшеліктерімен аныталады. Бұл медициналық мекеме өз жұмысында бір нәрсе өзгерту арқылы әсер ете алатын факторлар.
Мысалы, көрсетілетін қызметтерге тарифтердің жеткіліксіздігінен медициналық мекеме тіпті жақсы өндірістік көрсеткіштерімен салмақты қаржылық қиындықтар көруі мүмкін, немесе керісінше, төмен өндірістік көрсеткіштерімен тұрақты бюджеттік қаржыландырудың арқасында жақсы қаржылық жағдайда болуы мүмкін.
Медициналық сақтандыру экономикалық негізін арнайы сақтандыру фондтары қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың жүйесі. Сақтандыру фондының үлкендігі мен оның қажетті резервін аурудың қауіптік жағдайының болу ықтималдылығының негізінде есептеледі. Сақтандыру салымының көлемі адам денсаулық жағдайына, жасына байланысты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсер ету дәрежесі мен динамикасы да есептеледі (өндірістік және тұрмыстық жағдайлар, экологиялық шарттар және т.б.). Медициналық сақтандыруда шаралардың аймақтық статусы және сақтандыру фондтарының ресурстары бекітіледі, емдік-профилактикалық көмекті қаржыландыру тәртібі және шарттары анықталады.
Медициналық сақтандыру жүйесі емдік-профилактикалық мекемелердің әкімшілік-шаруашылық өзіндігін қарастырады, олардың қаржыландырудың дефицит болмауы және халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне медициналық көмек көрсетуде әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі сатысы ретінде медициналық сақтандырудың аймақтық фондтары болады. Бұл фондтар азаматтармен немесе кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, медициналық емдік-профилактикалық мекемелермен құқықтық және қаржылық қатынастарға түсетін өздік коммерциялық емес экономикалық құрылымдар ретінде әрекет етеді.
Медициналық сақтандыруда сақтандыру жағдайы деп аурудың пайда болуын ғана емес, сонымен бірге ауру бойынша медициналық көмекті көрсету фактысы да аталады. Мұнда сақтандыруды орнына келтіру халыққа көрсетілген медициналық көмекті төлеу формасы болады, ол айқын медициналық қызметтердің жиынтығынан тұрады (диагностикалау, емдеу, алдын алу). Медициналық сақтандыру кәсіпорынның пайдасынан бөлу арқылы жүзеге асырылады немесе сәйкес келісім жасау арқылы халықтың өзіндік ақшалары арқылы жүзеге асырылады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту 30 минут
1. Денсаулық сақтаудағы жоспарлаудың маңызы.
2. Жоспарлаудың негізгі әдістері.
3. Денсаулық сақтаудағы жоспарлаудың бөлімдері.
4. Денсаулық сақтау мекемелелерінің жоспарларын қалыптастырудағы қажетті мәліметтер
12. Сабақты қорытындылау 20 минут
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
13. Үйге тапсырма беру 20 минут
Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу
№ 5 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық сақтау басқармасында есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйені қолдану. Медициналық сақтандыру. Халықаралық денсаулық сақтау. Медициналық білім беру.
Сағат саны: 6 сағат
Сабақ түрі: дәрістік сабақ
Сабақтың мақсаты:
оқыту: денсаулық сақтаудағы соңғы заманауи технологияларды үйрену, меңгеру;
тәрбиелік: Әр азамат өзін өзі сақтандыру;
дамыту: ҚР-дағы медициналық білімді шет елдерде жалғастыру, мамандығын жоғарылату.
Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кесте,
в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.
7. Әдебиеттер:
Негізгі :
Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010.-288 с.
Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-144 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие. Медик В.А. и др.-М,. ГЭОТАР-Медиа, 2010.-144 с.
2. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению: учебное пособие/ под.ред. В:З. Кучеренко.-М., 2008-560 с.
3. Основы маркетинга. Лебедев О.Т., Филипова Т.Ю.-М., 1995 с.
4. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. Медик В.А.-М., 2006.-528 с.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут
Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру 245 минут
Медициналық сақтандыру экономикалық негізін арнайы сақтандыру фондтары қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың жүйесі. Сақтандыру фондының үлкендігі мен оның қажетті резервін аурудың қауіптік жағдайының болу ықтималдылығының негізінде есептеледі. Сақтандыру салымының көлемі адам денсаулық жағдайына, жасына байланысты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсер ету дәрежесі мен динамикасы да есептеледі (өндірістік және тұрмыстық жағдайлар, экологиялық шарттар және т.б.). Медициналық сақтандыруда шаралардың аймақтық статусы және сақтандыру фондтарының ресурстары бекітіледі, емдік-профилактикалық көмекті қаржыландыру тәртібі және шарттары анықталады.
Медициналық сақтандыру жүйесі емдік-профилактикалық мекемелердің әкімшілік-шаруашылық өзіндігін қарастырады, олардың қаржыландырудың дефицит болмауы және халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне медициналық көмек көрсетуде әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі сатысы ретінде медициналық сақтандырудың аймақтық фондтары болады. Бұл фондтар азаматтармен немесе кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, медициналық емдік-профилактикалық мекемелермен құқықтық және қаржылық қатынастарға түсетін өздік коммерциялық емес экономикалық құрылымдар ретінде әрекет етеді.
Медициналық сақтандыруда сақтандыру жағдайы деп аурудың пайда болуын ғана емес, сонымен бірге ауру бойынша медициналық көмекті көрсету фактысы да аталады. Мұнда сақтандыруды орнына келтіру халыққа көрсетілген медициналық көмекті төлеу формасы болады, ол айқын медициналық қызметтердің жиынтығынан тұрады (диагностикалау, емдеу, алдын алу). Медициналық сақтандыру кәсіпорынның пайдасынан бөлу арқылы жүзеге асырылады немесе сәйкес келісім жасау арқылы халықтың өзіндік ақшалары арқылы жүзеге асырылады.
«Менеджмент» түсінігі заманауи отандық экономикалық лексикалық термин болғандықтан, «басқару» түсінігін береді.Нарықтық жағдайда өндірістерде жүзеге асырылатын, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық үрдістерде, кеңінен қолданылады. Әлемдік тәжірибеде, жалпы (басты) менеджмент ҚР-да кеңінен таралған менеджменттің арнайы түрі,ұйым және өндірістің іс-әрекетінің жеке саласына бағытталған:инновациялық менеджмент, қаржылық менеджмент, персонал менеджменті және т.б..
Менеджмент сөзі француз тілінен "manage" (жүк және жолаушыларды тасымалдау) және итальян сөзі "maneggio" (циркте көрсетілетін жылқыларды үйретуі бойынша жаттығу).
Америкалық Менеджмент Ассоциациясы заманауи жағдайында жалпылай анықтаманы береді:
"Менеджмент адамзаттық және физикалық ресурстармен басқарып, ұйымдасқан түрде бірігуі, мақсатына жетуде жұмысшылардың еңбегінің моральдық жағдайының жоғары деңгейде қанағаттандырылуы мен күш пен уақыттың текке жұмсалмауы ".
Менеджмент қарапайым түрінде, менеджмент- адамзаттық, материалды жене материалды емес қорларды тиімді қолдану арқылы қойылған мақсатқа жету үрдісі.
Ең қажетті элементтердің анықтамасы келесі түсінікті береді:
Мақсаттың алға қойылуы-қажеттілігі мен талабының қанағаттандырылуына кепілдендіретін, ұйымдар мен индивуумдардың әрекетінің нәтижелері .
Адамзаттық қорлар-таланты және тілегінің жүзеге асырылуы, түйіні мен қызығушылығы,жеке потенциалы, білімі, әдісі, экономикалық әрекетінің сабағы, түрі.
Материалдық қорла-бұл негізінен ақшалай немесе жекелей түрдегі қаржылық қоры.
Материальды емес қорлар-ұйымдар мен индивуумдардың, технологиясы мен уақыты(басқару технологиясын қосқанда) репутациясы.
Тиімді қолдану-ұйым мен индивуумдарды қолдану арқылы максимальды пайдалылығы әсерінен қорлардың жоюлуы.
Менеджер – алға қойылған мақсатқа жетуде ұйымның қорларының таралуы бойынша қабылданған шешімдері және өкілеттік билігін қамтитын маман.
Менеджмент функциясы
Менеджменттің кез келген ұйымдарда, денсаулық сақтау рындарында, жалпы берілген 5 функциясы бар:
1. Жоспарлау –жетістіктер мен әрекеттің курсын таңдау және алға қойылған мақсаттың үрдісі. Жоспарлау мақсаттарды өңдеу,қоршаға ортаны талдау, іс-шаралардың жүзе асырылуы, нәтижелердің бағалануы мен орындалуын болжамдайды.
2.Ұйым-ұйымның ішіндегі басқарушылық иерархиясы сызығының қалыптасуы мен мақсатқа жетуде іс-әрекетінің координациясы, жұмысшы топтар мен индивуумдардың арасындағы жұмыстың бөлісу үрдісі.
3. Адамзаттық қорларды басқару және кадр жұмысы-алға қойылған мақсат бойынша мекемені нәтижелі қызметкерлермен қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын, қауіпсіздігі мен дамыту.
4. Көшбасшы-алға қойылған мақсатқа жету үрдісінде,топтар мен индивуумдарды гармониялық және еркін түрде тартушы тұлға.
5. Бақылау –ұйымның өз мақсаттарына жетудің қамтамасыз етудің процесі, яғни жұмысты түзетумен бірге қойылған мақсаттың орындалу ісін жүйелік түрде қадағалау.
Тәжірибеде барлық функциялар бір-бірімен өзара байланыста және ұйымдарда басқару кезеңдерінің үздіксіз кезеңін көрсетеді. Басқару жұмысының сапасы әр кезеңде әсер етуі мүмкін. Мысалы, кадрлардың қандай жұмысқа қажеттілігін жоспарлауымен тығыз байланыста. Өз кезегінде адамдар, жұмысқа іріктелініп алғандықтан, ұйымның жұмысының сапалылығын нәтижелігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |