54. ЖАЛПЫ АУРУШЫЛДЫҚТЫ (ТАРАЛУЫН) АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАНДАЙ МӘЛІМЕТТЕР ҚАЖЕТ
А. Берілген жылы алғаш рет тіркелген аурулар саны, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны
Б:. Медициналық байқауларда тіркелген аурулар саны, медициналық байқаудан өткендер саны
В. + Берілген жылы тіркелген барлық аурулар жиынтығы, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны
Г. Берілген жылы тіркелген аурулардың жалпы саны, өткен жылы тіркелген аурулардың жалпы саны
Д. Өткен жылы тіркелген аурулар саны, орташа жылдық халық саны
55. ГОСПИТАЛИЗАЦИЯЛАНАТЫН АУРУШЫЛДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ БІРІНШІЛІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?
А. Қорытынды диагнозды тіркеу статистикалық талоны
Б. Еңбекке жарамсыздық қағазы
В. + Ауруханадан шыққан науқастың статистикалық картасы
Г. Төсек қоры мен науқастардың қозғалысы тіркелетін қағаз
Д. Науқастарды қабылдауды, ауруханадан шығаруды тіркеу журналы
56. НАУҚАСТАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН КЕЛІП ҚАРАЛУЫ БОЙЫНША АУРУШЫЛДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?
А. Емхана дәрігерінің жұмыс күнделігі
Б. + Қортынды диагнозды тіркеу статистикалық талоны
В. Еңбекке жарамсыздық қағазы
Г. Дәрігерге қабылдау талоны
Д. Сырқатнама
57. УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ АУРУШЫЛДЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ҮШІН АТАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ?
А. Сырқатнама
Б. Амбулаторлық карта
В. Дәрігерге қабылдау талоны
Г. + Еңбекке жарамсыздық қағазы
Д. Емхана дәрігерінің жұмыс күнделігі
58. ӨЛІМ СЕБЕПТЕРІ БОЙЫНША АУРУШЫЛДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН АТАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ?
А. Сырқатнама
Б. Статистикалық талон
В. + Өлім туралы дәрігерлік куәлік
Г. Патолого-анатомиялық зерттеу іс қағазы
Д. Ауруханадан шыққан науқастардың статистикалық картасы
Достарыңызбен бөлісу: |