Әлеуметтік педагогика



бет56/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

АТҚ-ның әсер ету салдары

АТҚ-ның әсер ету сферасы

Мінез-құлық салдар

АТҚ-ның ұсынған қызметтің бейнесі көрермендер үшін басшы болып табылады

Құрастырушы салдар

Көрермендердің қатынас жасауына, оның іс-әрекеттері мен қылықтарына мәнді ықпал жасайтын тұрақты сипатқа ие.



Когнитивті салдар

Көрермендердің білімін, дүниеге деген көзқарасының өзгертуі

Адамның шынайы өмірге және қоршаған ортаға деген қатынасына септігін тигізетін салдар

Өмір сүру «виртуальды» (физикалық дамуы жоқ немесе шынайы заттардан өзгешеленетін) деп аталатын қызығушылық,

Психологиялық салдар

Қатты уайымдау, қозу, қорқу және т.б.

Физиологиялық салдар

Мысалы, порнографиялық фильмдерді көру барысындағы әсерлер

16.2 Топқа және жеке тұлғаға АТҚ-ның әсер етудің негізгі әдістері

АТҚ топқа, жеке тұлғаға әсер ету бағдарламасын жүзеге асыруда нақтыланған дайындық әдістерін қолданады. Сонымен қатар аудиторияға, бағдарламаны ұсынған тұтынушының психологиялық ерекшеліктері, оны жүзеге асыру уақыты есептелініп қойылған. Аудиторияның алдына қойылған міндеттерді жеткізе білу арнайы әдістер арқылы анықталады. Мұндай әдістерге жататындар:



  • ақпараттық әдіс. Бұл жарнама дайындауда, ақпараттық хабарландыруда, жарнама кампанияларын жүргізуде белсенді қолданылады және көрермендерге жеке тұлға немесе болмыстың қандай да бір оқиғалары туралы ақпарат беруге бағытталған;

  • эмоциональды әдіс. Жеке тұлғаны құруды қалыптастыру кезінде эмоциональды құрылуының маңыздылығын ескеру қажет. Жоғары да аталған әдісті АТҚ-ның шешілетін мәселесіне байланысты және ереже бойынша, басқа әдістермен бірігіп аудиторияға әсер етуді күшейтуде белсенді қолданылады;

  • патриотизмдік әдіс. Бұл әдістің негізі - көпшіліктің патриотизмдік сезіміне әсер ету болып табылады. Адамдардың көпшілігі өзінің туған жеріне, еліне, Отанына, үйіне парықсыз. Берілген дәлелді АТҚ қолдана отырып адамдардың зейінін аудартады, оларда нақты бір нұсқауларды қалыптастырады, белгілі бір әрекетке ынталандырады. Әдіс саяси акцияларды жүргізуде, нақтыланған әлеуметтік тапсырыстарды орындауда, белгілі бір әрекетке адамды ынталандыруда (қандай да бір нәрсеге қарсылық білдіру немесе «жалпыға ортақ» шараларды ұйымдастыру), жарнамалық мақсатта кеңінен қолданады;

  • қорқынышты ояту әдісі. Бұл әдістердің ішіндегі ең тиімдісі. Әдіс адамдардың өз денсаулықтарын сақтауға қызығушылықтың туындауы, өзінің және жақын туысқандарына амандық тілеуі. Ол адамның эмоциясына ықпал жасайды. Ұсынылатын ақпарат көрермендердің және жақын туысқандарының сақтығын, амандығын сақтауға бағыттала отырып АТҚ көрермендерді (тұтынушыларды) ақпаратқа назарларын аудартады, оған деген немқұрайлы қатынасты қалыптастырады, белсенді ой түйіндеуге қосып, белгілі бір әрекетке ынталандырады. Әдіс әртүрлі саяси акциялар мен кампанияларды жүргізуде, жарнамалық мақсатта кеңінен қолданылады;

  • жетістікке жетудің жағдаятын құру әдісі. Адам өткен және болашақ өміріндегі қызметінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізгенде, өзіңдік дұрыстығын сезінгенде адам қанағаттанғанын сезеді. Белгілі бір ақпаратты хабарлауда, адамның сол жетістікке жеңіл жете алатынын білдіретін ынта-ықыласын көрсету, оған қажет екенін және одан көп еңбекті талап етпейді, ал АТҚ ұсынылатын әрекеттесу процесіне қосылуына ынталандырады. Мысалы, әртүрлі ойындар, викториналар, конкурстар ұйымдастыруда АТҚ бұл әдістерді кеңінен қолданады;

  • әзіл-ысқақ әдіс. Әзіл-ысқақ өзінің қарапайымдылығымен және қол жетімділігімен аудиторяға жеңіл және тез қабылданады. Ол ақпараттың көмегімен авторлардың көзқарастарын, белсенді сенімін туғызып көрермендерді өзінің қатысушысы ретінде қатыстырады. Ақпаратты міндетті түрде қабылдау емес, әзіл-ысқақпен жеңіл еске сақталады. Бұл әртүрлі ақпараттарды дайындауда, сонымен қатар саяси, жарнамалық, ойын-сауықтарда кеңінен қолданылады. Әдістің ең басты талаптарының бірі – аудиторияның ерекшеліктерін ескеру қажет және олардың мәдениетіне, жасына, дәстүріне сәйкес әзіл-ысқақты қолдану болып табылады.

Теледидарда да психологиялық ықпал ету негізінде арнайы әдіс-тәсілдер бар. Олар ерекше атауларға ие, тіпті кейбір жағдаяттарда адам психикасына қатты әсер етуі мүмкін. Осыған орай аудитория талданып алынады немесе көруге шектеушілік қояды. Кең таралған әдістерге жататындар:
а) Шындықты бұрмаланған түрде қабылдау. Әдістің түп негізі – адамның таңдана алатын, бірақ қорқынышты оқиғалармен байланысы бар және адам бойында шынайы қорқынышты арттыратын болмыс туралы мағлұматтың болуы. Бұл әдісті 1943-1959 жылдары Голливуд қаласында жеті қысқаметражды фильм (сонымен қатар « Полуденные сети») түсірген Маей Дерен құрастырған. Мысалы, әдемі, ірі қызғалдақтың кеңеттен қорқыныш ұялататын, қансыратылған затқа айналуы. Немесе көше бойында жүріп бара жатқан қыз үйінің сыртқы есігін ашып, баспалдақпен көтеріліп, үйге кіріп терезеге жақындау. Ол өзінің көше бойыммен жүріп бара жатқанын, үйге кіруі, есікті ашуы, осының барлығы қайта-қайта қайталануы, ал соңы әр дайым қорқынышты, әрі қысымдылық танытылады. Нәтижесінде, көрермендер, қайта-қайталанудың соңында кейіпкер қыздың өлгенін көріп, жеңіл тыныс алады. Демек, қыздың өлімінен кейін, ол қорқыныш шеңберінен босатылады. Сонымен, фильмнің көрсетілуі басталмастан, өз келісімін бермей бас тартып, бейбітшіл адам агрессияға бейімделе бастайды. Мұндай әдістер жарнамалық роликтерді таңдауда қолданады.
б) Нақты қысқа мерзімді фактілерді жеткізу барысында (2 секунд шамасында) сіркілей жылдам эмоциональды қобалжу фонын құру. Сюжеттің әсер етуіне сәйкес музыкамен ұштастыруымен күшейтіледі. Осыған орай көрермендердің психикасына бағытталған әсер етулерді қамтамасыз ету. 23 фильмі жарық көрген Стэн Брэкидждің әдісі. Оның фильмдері «Терезе. Су. Нәрсте» (1959) – бұл шынайы әйел адамның босану кезіндегі ауыртпашылығы, екі секундтық – «эйзенштейндік» үзік-кадрлар. Ауыртпашылықтың күшейюі және қойылымның бастапқысы қайталануы. Әйелдің ұзақ толғатуын қарбалысқа алмастырады «тарихилар».
Осыған ұқсас әдістерді видеоклиптерді жасап шығарушылар (қысқа уақыттқа созылатын), жарнамашылар және ужас кинолардың авторлары жиі қолданады.
в) Әсер ету бірте-бірте жалықтырмайды, бірақ ұзақ уақыт қабылдау көрермендерді психологиялық қажуға жеткізеді, нәтижесінде экранда болып жатқан ықпалдарға тойтарыс бере алмайды. Әдістің авторы әйгілі суретші Энди Уорхолл. Мұндай біржарым сағаттық фильм адамның психологиялық ауытқушылығына әкеп соғатыны мәлім. Оның суреттерінде «Девушки из Челси» үш сағаттан артық екі экранда да әртүрлі дыбыстар мен сюжетте (толығырақ айтқанда, олардың жоқтығымен) күнделікті қойылымдар жүреді. Жігіт қыздан алғашқы жыныстық қарым-қатынасын сұрайды: қыз кекіл қияды; жігіт баяу шешіне бастайды, өзіңе қызығушылықпен қарайды... қойылым бірінші экраннан екінші экранға автоматтандырылған түрде ауысып, логикалық ойлау түрінде соңында пайда болады....
Осы принцип бойынша көптеген дәрістер, жан сырын ашатын және теледидарлық публицистикалық хабарлар, ток-шоу, жарнамалық блоктар құрылады (әртүрлі каналдарда бірдей).
Британдық мамандар үш топтан тұратын адамдардың психологиялық күйлеріне зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл зерттеу жұмыстарында оңды және бейтарап, чернушно-негативті деңгейге сәйкес репортажды тыңдау және көру ұсынылды. Барлығының, сонымен қатар, бірінші топтағы адамдарының мінез-құлықтарында абыржудың жоғарлауы, депрессиялық күйде немесе қорқыныштың болуы бет жүздерінен байқалып тұрды. Зерттеушілер қатысушылардан эксперимент жүргізу барысында оларды не уайымдайтынын сұрағанда, проблеманын одан әрі өрбігені байқалды.
Жоғарыда айтылған ақпараттық бағдарламаның ерекшелігі – жеке адаммен, соның ішінде өсіп келе жатқан жас балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасауда қолдануға болады. Олар адамдардың азаматтық борышын атқаруына, жаңа қызметке қосылуына, жан-жақты болуына, оның жағымды жақтарын жандандырады, бірақ өзгертілмейтін сезімге түсіріп, тіпті жеке тұлғаны күйретуге ұшыратады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік дамуынын жалғыз амалы ақпаратты шынайы меңгеру. Әлеуметтік даму процесінде адам бойында ақпараттық қажеттілік қалыптасады. Оның түп негізі жеке тұлғаның алуан түрлі түрлерге, ақпараттың сапалығы мен көлеміне деген шынайы қажеттілігінің туындауы деп түсіндіріледі. Олардың әсер етулерінен адамның АТҚ арасында өзараәрекеттесу қалыптаса бастайды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік белсенділігінін арттыруы мен өзің жүзеге асырудың бір факторы болады.
АТҚ-ның педагогикалық бағытта қолдану мүмкіндігі жас ұрпақтың тәрбиелілігінің көрсеткішінің бірі болатын ақпараттық-педагогикалық мәдениетінің дамуына септігін тигізеді. Ол баланың әртүрлі АТҚ-ның түрлеріне қарым-қатынасынан, оның мазмұнына, сапасына, ақпараттың көлеміне, сондай-ақ өзің тәрбиелеу мен білімін көтеруде мақсатты түрде қолдана алуынан көрінеді.
Мұндай мәдениет отбасындағы баланың ерте жасынан қалыптаса бастайды. Жоғарыда аталған дәлелдеме ата-ананың алуантүрлі ақпараттық жүйеге, оларға ұсынылатын ақпараттық бағдарламаларға мұқият қарап, баланы оқыту мен тәрбиелеуде дұрыс педагогикалық бағытта қолдану. Ата-аналар өздерінің әлеуметтік-педагогикалық қызметтерімен баланың ақпараттық байланыстарын ықшамдауға, оның ақпараттық-мәдениетін, ақпараттық қажеттіліктерін қалыптастыру процесіне басшылық жасауға қабілетті. Мұндай ата-ана қызметінің мәні – баланың ақпараттық орталарының педагогизациясы деп атайды.
Сонымен қатар әлеуметтік педагогтар, тәрбиешілер, сынып жетекшілер, білім беру мекемелерінде, арнайы білім беру мекемелерінде, үйірме мекемелерінде қызмет жасайтын қызметкерлер ақпараттық ортанын педагогизациясын қолданады. Олардың міндетті балалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік тәрбиелеуде ақпараттық бағдарламаларды тиімді қолдану болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет