Әлеуметтік педагогика



бет39/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Колумбаева Ш.Ж. Социально-педагогическая работа с трудными детьми. Уч. пособие для студ.вузов. - Алматы, 2002. - 176 с.

  • Раттер М. Помощь трудным детям: Общая редакция А.С. Сливоковской –М: Прогресс, 1999

  • Степанов В.Г. Психология трудных школьников: Учеб. Пособие для учителей и родителей. – М.: ИЦ

    «Академия», 1997. – 320 с.


    IV – БӨЛІМ. ОРТА ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
    ХІІ - ТАРАУ. ОТБАСЫ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ОРТАСЫ


    12.1 Отбасының әлеуметтік-мәдени ортасы

    Отбасы – бұл мүшелері ортақ тұрмыспен, өзара моральдік жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан, некеде немесе туыстық қатынаста негізделген шағын топ; онда ерлі-зайыптылар арасында, ата-аналар мен балалар арасында, балалардың арасындағы өзара әрекеттестігін реттейтін қағидалар, тыйымдар және тәртіп үлгілерінің жиынтығы туындайды (А.В.Мудрик).


    Отбасы - әлеуметтік институт ретінде жеке бас пен қоғамның өзара әрекеттестігін, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарының араласуы мен басымдылығын анықтауды қамтамасыз етеді. Отбасы әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ықпалымен, сондай-ақ өз дамуының ішкі үрдісіне байланысты өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер отбасы өз бетімен шеше алмайтын мәселелерге жиі әкеп соғады.
    Отбасының негізгі міндеті – қоғамдық, топтық және жеке дара қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қоғамның әлеуметтік ұйымы бола тұра, отбасы оның бірқатар маңызды қажеттіліктерін, соның ішінде халық санының ұдайы өсуін де қанағаттандырады. Сонымен қатар ол өзінің әр мүшесінің жеке қажеттіліктерін, сондай-ақ жалпы отбасылық (топтық) қажеттіліктерін қанағаттандырады. Осыдан отбасының: ұрпақ қалдыру, экономикалық, әлеуметтену (қайта әлеуметтену), тәрбиелік, қарым-қатынас, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру сияқты негізгі функциялары туындайды. Олардың арасында өзара тығыз байланыс, өзара сіңісу және өзара толықтырулар бар.
    Адамға өмірлік мақсат пен құндылықтар жөнінде, нені білу керек және өзін қалай ұстау керектігі туралы түсінік беруде, отбасының тәрбиелік функциясы көрініс табады. Отбасында жас азамат басқа адамдармен қарым-қатынас жасау түсінігінің алғашқы тәжірбиелік дағдыларын меңгеріп, өз «МЕН» ін басқа адамдардың «МЕН»імен салыстыруды үйренеді, күнделікті қарым-қатнынастағы түрлі жағдаяттарда кездесетін тәртіпті ретке келтіретін қағидаларды игереді. Алайда бала тәрбиесі – тек ата-аналардың жеке ісі емес, өйткені отбасылық тәрбие – ол қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі ғана, бірақ өте маңызды және бірегей бөлігі. Оның бірегейлігі, үздіксіз және бір мезгілде қалыптасқан тұлға жан-жақты қамтылғандықтан отбасы тәрбиесінің өте нәтижелі болуында. Ол балалар мен ата-аналардың өзара байланыстары мен қарым-қатынастары негізінде құрылады. Баланы отбасында тәрбиелеу адамның әлеуметтік негізін, оның жеке тұлға ретінде пайда болуын, даралығының дамуын қалыптастырады. Отбасы – бала өмірінің ерте жас кезеңіндегі өмір сүру және әрекет ету ортасы, ол көбіне осы қасиеттерді жасөспірім шақта да сақтап қалады. Отбасылық қарым-қатынас үрдісінде ересек буынның өмірлік тәжірбиесі, мәдениет деңгейі, тәртіп үлгілері беріледі.
    Отбасылық тәрбиеде, баланы отбасында тәрбиелеудің өзіндік үлгісі деп түсінілетін, қандай да бір ішкі және сыртқы белгілермен, ата-аналардың жеке басының мінез ерекшелігімен, тәрбие бағыттылығымен жалпы шарттасуға негізделген түрлі типтерді ерекшелейді. Тәрбиенің түріне сәйкес жеке тұлға да қалыптасады. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасы мен беделі, олардың білім және мәдениет деңгейі тәрбие түріне маңызды ықпал етеді.
    Дене шынықтыру, адамгершілік, интеллектуалды, эстетикалық, еңбек тәрбиелері - отбасылық тәрбие мазмұнының құрамдас бөлігінің белгілі бағыттары болып табылады. Олар өскелең ұрпаққа отансүйгіштік (патриоттық), экономикалық, экологиялық, этникалық, жыныстық білім берумен толықтырылады.
    Отбасында қалыптасып келе жатқан тұлғаға өзіндік ерекше әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктері бар көптеген факторлар әсер етеді. Балаға маңызды әсер ететін негізгі факторлар қатарына:
    Субмәдениетті – отбасының субмәдениетінің өзіндік үлгісімен шарттасқан факторлар:

    • отбасы құрамы (толық немесе толық емес; кеңейтілген, кем дегенде екі үлкендер жұбынан тұратын, әдетте екі ұрпақ өкілдері; әйел немесе ер кісілердің саны басым және т.б.);

    • жанұяның ерекшелігін анықтайтын отбасы мүшелерінің қандас-туыстық байланыстары (ата-анасының немесе бағып алған отбасы; екінші (үшінші) некедегі жанұя; тәуекелді отбасы және т.б.);

    • балаларды тәрбиелеу мен дамытуға арналған өмірлік жағдайлар, соның ішінде материалды жағдайлар;

    • отбасының адамгершілік-психологиялық климаты(оның өзіндік үлгісі) – өсіп жатқан адам тұлғасы қалыптасатын,оның әлеуметтік құндылықтарын айқындайтын тұспал.

    Ата-аналардың тәрбиелік мүмкіндіктеріне негізделген факторлар, олар бала мәдениетін берудегі (қалыптастырудағы) отбасы мүшелерінің мүмкіндіктерін айқындайды:

    • отбасы тәрбиесінен өз тәжірбиесі;

    • ата-аналардың педагогикалық дайындығы (педагогикалық мәдениеті);

    • бала тәрбиесіне ата-аналардың (ата-ананың) дайындығы және қабілеті және т.б.;

    • балаларға үлгі ретінде отбасы мүшелерінің жеке мәдениеті және білім деңгейлері;

    • ата-аналардың беделділігі, беделдің тәрбиелік бағыты;

    • ата-аналық махаббат тәрбие негізі ретінде, оның баламен қарым-қатынастағы ұтымдылығы, баланы сүйе білу өнері; ата-аналық сүйіспеншіліктің жоқтығы;

    • бала тәрбиесіне ата-аналардың көзқарасы.

    Ата-аналар қатысуымен тәрбиелік іс-шаралардан туындаған факторлар:

    • баланы күту, оның денсаулығын нығайтуға педагогикалық мақсаттылығы, ақыл-ой және адамгершілік даму, өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру;

    • отбасы тәрбиесінің басым түрі; тәрбиелеу өнері (тәжірбие және саналылық, кітаптар, таныстардың, «беделді педагогтардың», басқалардың тәжірбиесі кеңестерін іске асыру, олардың ата-аналардың педагогикалық іс-әрекеттерінде көрініс табуы);

    • баланың бағдарлы дамуы және тәрбиесін ынталандыруға арналған жағдайлар жасай білу;

    • ойыншықтар және ойындар, әңгімелесу, әңгіме, әдебиет, теледидар бағдарламаларын мақсатты пайдаланудың, кітаптарды, телебағдарламалар- дың, газет және журнал мақалаларын талқылаудың, тақпақ жаттаудың, сыйлық жасаудың және т.б. және т.с.көмегімен бала қызығушылығын басқару;

    • баланың өз құрбыларымен және басқа адамдармен әрекеттестігіне қолайлы жағдай жасау;

    • ортаға, адамдарға қатысты таңдау жасай білуге тәрбиелеу;

    • баланың жеке даралығын, оның жасын, сапалық өзгерістерін, қол жеткізген нәтижелерін, орта жағдайын ескере отырып тәрбиенің өрлеуі;

    • еңбекке баулу, өзі-өзіне қызмет көрсету – еңбек тәрбиесі;

    • бала дамуы мен тәрбиесінің өрлеуін позитивті де, негативті де түрін көре және бақылай білу және алған ақпаратты тәрбие үрдісінде пайдалана білу;

    • отбасылық тәрбиеде жиі кездесетін қателер.

    «Балалық» фактор – субмәдениетті тәрбиелеудің отбасылық ортасының өзіндік үлгідегі(өзгешелік) нысаны:

    • баланың өзгешелігі (жалғыз, кеш туылған, мәселелі, ерекше қажеттілігі бар және т.б.)

    • отбасындағы балалар жағдайының ерекшелігі (екінші және келесі баланың туылуы; бір жынысты; түрлі жынысты; жас аралығы кіші немесе үлкен болу айырмашылығы, көпбалалы; қалыпты жағдайда дамыған балалар және ерекше зәру бала; түрлі некеден туылған балалар; түрлі некеден және ортақ туылған бала және т.б.).

    Заманауи кезеңде туыстық қатынас құрылымына байланысты отбасының түрлі типтері ерекшеленеді. Оның ішінде ең көп таралғаны, балалары бар некеге тұрмаған ерлі-зайыпты жұптардан тұратын қарапайым отбасы. Егер кейбір балалары некеде болса, онда басқа түрі – кеңейтілген, немесе күрделі отбасы құрылады. Ол құрамына бірге тұрып бір шаруамен байланыста болатын үш және одан да көп буынды енгізеді. Отбасының өзегін құрайтын жұбайлардың екеуінің де болуы отбасының типін ерекшелеу үшін маңызды негіз болып табылады. Осыған байланысты, құрамы толық отбасын және құрамында отбасы мүшесінің біреуі жоқ толық емес отбасын ерекшелейді.
    Заманауи отбасына оның мүшелерінің қарым-қатынас түрлері мәселесі өзекті болып табылады. Отбасылық тәрбиенің негізгісі болып қарама-қайшы түрлері – авторитарлы және демократиялық, сонымен қатар бетімен жіберілген бойкүйездік түрлері ерекшеленеді.
    Тәрбиенің авторитарлы стилі ата-аналардың үстемдігімен сипатталады (жиі әкесінің). Мұнда осындай тәрбиемен баланың сөзсіз көну әдетін машықтауға болады деген ұғым орын алады. Бірақ бұндай типті отбасында жан сезімдерінің бірлесуі мен тату ұжым жоқ.
    Үлкендер баланың жеке басын, оның жас ерекшелігін, қызығушылықтарын және тілегін өте сирек ескереді. Балалар тіл алып, тәртіпті болып өскенімен, бұл қасиеттер оларда сезімдік-жағымды және үлкендердің талаптарына саналы көзқарассыз қалыптасады. Көбіне бұл көзсіз бағыну жаза алудан қорқуға негізделген (жазалау, мұндай отбасында жиі кездеседі). Осындай «әдістеменің» нәтижесінде балаларда өз бетімен әрекет ету, пікір білдіру, шығармашылық әрекеттері осал дамиды. Деректер бойынша дәл осындай авторитарлы стильді отбасыларда жасөспірім шағында балалар ата-аналарымен сөзге келіспей, жанұядан алыстайды.
    Отбасы тәрбиесінің демократиялық стилінде ата-аналар жанұяның барлық өмірін ұйытқысы болып табылады. Ерлі зайыптылардың және отбасының басқа мүшелерінің өзара қарым-қатынастары (егер де отбасы күрделі болса, яғни оның құрамында бірнеше ұрпақ өкілдері бар) ересектер мен балалардың бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілігімен, силастығымен, ілтипатымен және қамқорлығымен сипатталады. Демократиялық типті отбасы өмірінің, оның еңбегі мен демалысының жігерлі қатысушысы болып ерте жасынан балалар болады. Ата-аналар өз балаларын тереңнен танып білуге тырысады, олардың жақсы және жаман қылықтарының себептерін іздейді. Тапсырма бере отырып, нақты талаптар қоя отырып үлкендер баланың сана-сезімін ескереді, олардың бастамаларын қолдайды, оның жеке басын құрметтейді. Сонымен қатар балалар «болады», «қажет», «болмайды» сөздерін жақсы біледі. Отбасы тәрбиесінің демократиялық стилі балаларды белсенді тіл алу және саналы тәртіпті қалыптастыруда, жанұяның іс әрекеттерінде, қоршаған өмір құбылыстарында саналы адамгершілікті қызығушылық танытуда анағұрлым әсерлі нәтиже береді. Ойын жағдаяттарында балаларда ынта білдіру, тапқырлық, берілген тапсырманы орындауда шығармашылық тәсілдеме бастамалары қалыптасады. Бұндай отбасында жазалау қолданылмайды – балалар үшін ата-аналарының кінә тағып, ренжуі жеткілікті. Отбасы тәрбиесінің демократиялық стилі бүгінгі күннің әлеуметтік міндеттерімен өте үндес.
    Сырт көзге отбасында тәрбиенің демократиялық стилі орнаған боп көрінгенімен, ата-аналар маңызды педагогикалық ұстанымдарды бұзғандықтан (мысалы, олар талап ету мөлшерін, күн тәртібі мен балалардың қолдарынан келер еңбегін ұйымдастыруды анықтай алмайды) ол қажетті нәтижені бермейтін жағдайлар да болады. Басқа жағдайларда оларға тым көп түсіндіреді, дәлелдейді, үлкендермен таласқа түсуге рұқсат етіледі. Ата-аналар өз талаптарында жүйелі болмайды, оларда бірыңғай тәсіл жоқ.
    Бетімен жіберілген бойкүйездік стилінде ата-аналар өз балаларына тіптен көңіл бөлмейді десе де болады, олар балаларын ешнәрседен шектемейді, мүлдем тиым салмайды. Осындай отбасынан шыққан балалар үлкейген кездерінде жағымсыз ықпалдарға жиі тап болады және бара-бара өз ата-аналарына қол көтерулері де мүмкін, олардың бойында адами құндылықтардың жоқтың қасы. Аталған отбасы тәрбиесінің негізгі стилі түрі ауылдық және қалалақ жанұяларда кездеседі.
    Отбасы тәрбиесінің стилі жанұялық өзара қарым-қатынас типінде де көрініс табады. А.В. Петровский отбасылық өзара қарым-қатынастың келесі типін айқындап көрсеткен:

    • диктат — жанұяның басқа мүшелеріне қатысты ата-ананың біреуінің қатаң талаптарында, ережелерде, бұйрықтарда, зорлықта, қысым көрсетуде және басқа да шара қолдануда көрінетін басымдылығы;

    • қамқорлық – баланы қиындықтан, «артық» талаптардан, уайым және толғанудан құтқаратын балаға асыра көңіл бөлушілік; ол оның дамуын кідіртіп, өмірдің қиындықтарына, өз бетімен іс-әрекет етуге төселмеген, біреудің арқасында өмір сүретін адамды қалыптастырады;

    • тыныштықты бірге күнелту– әдетте бұл, балалар өз бетімен тәуелсіз, еркін жүруді қамтамасыз етеді;

    • бостандықта өмір сүру керек деген принципке сүйенетін білімді ата-аналардың ұстанымдары; бұндай отбасында ата-аналар – өз өмірімен, ал балалар өз өмірімен өмір сүреді;

    • ынтымақтастық –ата-аналар мен балалардың жеке деңгейдегі әрекеттестігі; бұл жағдайда балаға сүйіспеншілік, силастық және балаға талап қою тепе-теңдігі орын алады (отбасының басқа мүшелеріне де қатысты).

    Ата-аналардың балаларға деген көзқарасының сипаты олардың өмірлік ұстанымдарына және тұрақтылығына маңызды ықпал етеді. Отбасында ата-аналар беделінің ерекше тәрбиелік маңызы бар.
    А.С.Макаренко бала тәрбиесіне кері әсер беретін ата-аналардың беделін бөліп көрсеткен – бұл басымдылық, қашықтық, тәккапарлық, асыра сүю, мейірімділік, достық, затпен өзіне қарату беделдері.
    А.С.Макаренконың пайымдауынша, нағыз ата-ана беделі, ата-аналардың жұмысы мен өмірінің, тәртібінің, өз балаларының өмірін білу және оларға мазасын алмай, жалықтырмай, қиын жағдайдан өзі шығатындай етіп, өз мінезін қалыптастыруға мүмкіндік бере отырып, көмекке келуге құрылған.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет